ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР

«Алаш» қозғалысын қолдаушы, 23 жасында халқы үшін құрбан болған Перуаш Кәрімұлының 100 жылдығына

Біреулердің санасы ерте оянар елі үшін, Сол арқылы өзінің кеңейтеді өрісін.
Елін сүйген ерлерді, дұшпандарға тең көрді, Қай кезде де
түлкінің
жамылғандар терісін.

Әр заманның өзіне лайықты заңы бар, Сол заманның адамы тек сол заңға бағынар.
Тұлпарларға жол бермей, жалпылдайды жабылар, Сұңқарларды торитын жапалақ та табылар.

Арландарды азайтса, кеңитіндей өрісі, Қабаттасып жүреді əр заманның бөрісі. Алаяқтар тасаңда өмір сүрер қашанда,
Ақылы бар адамнан
ажыраса ел іші.

Елін сүйген ерлерді, тастадық та жазалап, Таппай қалдық содан соң.
«Елім» дейтін азамат. Жеткен жоқпыз əлі де,
тамырына шындықтың,
Біткен жоқпыз тарихтың
шаңын əлі тазалап.

Ақиқаттың жолына жатып алып көлденең, Адалдардың қанына, арамзалар шөлдеген. Тарылған соң өрісі, азып, тозып ел іші,
Ақылдының көбісі
ажалынан өлмеген.

Жүретұғын ел ішін дүрліктіріп,
қан ғылып,
Қол шоқпары биліктің қай кезде де əңгүдік. Осы үрдіс өзінше салтанат пен сəн құрып, Өзгеріссіз жалғасып келе жатыр мəңгілік.
Кететіндер кетті енді, өсиет қып өткенді, Қарап тұрсаң, бұл да бір, өзгермейтін заңдылық.

Арыстардың соңынан
ерген не бір боздақты,
Сұм заманның соққысы
жайпап тастай жаздапты.
Ақылды ұрпақ олардың
атын қайта тірілтіп,

Ақылды ұрпақ олардың отын қайта маздатты.

Қанша қымбат болса да, қарапайым халыққа, Арыстары «Алаштың» сыймады тар қалыпқа. Көрсететін олардың болашаққа сенгенін, Мақсатын да,
мұратын,
жеткізейік халыққа!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *