Перуаш бабамызга арнау
«Ақ жол» демократиялық партиясының ресми сайты
Сөзі: Шынар Түйешиева Әні: Ақылбек Исамбергенов Орындаушы: Дина Ахметжан
Бүгінде тəубе еткенмен, Алашым, не көрмедің?! Жанардың жасы кепкенмен, Жас ұрпақ, сенер ме едің?! Даламның құты қашқан, Кез еді қасіретті.
Елім деп құшақ ашқан Арыстың басы кетті…
Кайырмасы
Жүректі сыздатқан-ды, Көңілге мұң қатқан-ды. Енді ешкім көрмесінші Мұзды акпанды…
Арман ғып нұрлы, ақ таңды,
Жырлаған қозғап жанды. Ей, халқым, ұмытпандар, Боздақтарды!
Туылып елдің бағына, Жан қиған арысым-ай,
Қас қылған пейіл- жанына, Заманның тар ішін-ай!
Жаңғыртып есіміңді, Ұрпағың етті əн — аңыз, Жалғаймыз хош үніңді, Перуаш бабамыз!