Контрреволюциялық қылмыстар туралы заңдардың қырла- рының бірі — бұл Кеңес мемлекетінің репрессивті жазалау саясатының ядросы болды. Қылмыстық жазалау шарасын жүзеге асыруға қолданылған шектен шыққан қаталдық екенін мойындау керек. Мəселен, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің не- гізгі бөлігінің 1 –бөлімінің қарастырған 17 контрреволюциялық қылмысының нақты құрамының 12-сі жоғары жазалау шарасы атуды қолдауды ұсынды. Азаттығынан айыруымен бірге халық жауы етіп, жариялау жəне мемлекеттен қуу, мүлігін тəркілеу, қатаң оқшаулаумен еркінен айыру жəне т.б. жазалау шаралары кеңінен қолданылды. Қатыгездік дəрежесі бойынша контрреволюциялық қылмыстар туралы заңдар ортағасырлық инквизицияның шірке- улік–қылмыстық заңдарымен, сонымен қатар фашистік заңдармен бақталаса алатын еді. Жасаған іс əрекеттің ауырлығына жауапкер- шілік шарасының құбыжықтық көлемсіздігі айыпкерді жəне сотта- лушыны шектен тыс ауыр жағдайға қойды. Бұл жағдайда олардың құқығын сақталу мүмкіндігі туралы тек қана үлкен дəрежедегі шарттылық деп айтуға болады [6, 154 б.].
Кəрім Перуашевтің ұрпақтары «Атамыз Кəрім Перуашевпен қоса əжеміздің өмірі де өте қиын болды. Ерке Жиеналина əжеміз де Алжир лагерінде азап шеккені туралы əңгімелер бар, əжеміздің де одан арғы тағдыры біз үшін белгісіз, əлі де анықтай түсу қажет»,
— дейді.
Бұл туралы біз өз уəжімізді келтірелік. «Халық жауларының» қаптапқамалуыəйелдерменбалалардыңұсталуынаəсеретті. Оның заңдық негізі 1937 жылғы 15 тамыздағы №00486 Ішкі істер халық комиссарының жедел бұйрығы [5, 83 б.] бойынша қаланған бола- тын. Бұйрықта «осы бұйрықты алғаннан соң 1936 жылдың 1 та- мызынан бастап бірінші жəне екінші категория бойынша Әскери алқа жəне Әскери трибуналда айыпталған оңшыл–троцкистік, тыңшылық — диверсиялық ұйымдар мүшелері, отанын сатқандар əйелдерін репрессиялауға кірісіңдер» деп ашық айтылды. Бұл
«халық жаулары» деп ұсталған азаматтардың əйелдері мен отба- сы мүшелеріне үлкен шабуыл еді. Сонымен қатар, бұйрықта жи- налатын материалдар негізінде мына құжаттар құрастырылды: а) отбасыға нақтыланған жалпы анықтама, онда көрсетіледі: от-
басы басшысының фамилиясы, аты жəне əкесінің аты, қандай қылмыс, қашан, кім жəне қандай айыпқа тартылды; отбасы құрамының атаулы тізімі (сотталғанның қарауына тұрған және онымен бірге тұрған барлық адам — дарды қоса), отбасының əр мүшесіне нақты мəлімет; сотталғанның əйеліне қаралаушы ма- териалдар; 15 жастан жоғары балалардың əлеуметтік қауіптілік дəрежесіне қатысты мінездеме; отбасында өзінің физикалық жағдайына байланысты қарауды талап ететін ата — аналар мен қарттар барлығы туралы мəліметтер; б) 15 жастан жоғары əлеуметтік қауіпті жəне антикеңестік əрекетке қабілетті балаларға жеке қысқаша анықтама; в) 15 жасқа дейінгі мектеп- ке дейінгі жəне мектептегі жастағы балалардың атаулы тізімі. Анықтамаларды республикалардың Ішкі істер халық комиссар- лары мен өлкелер мен облыстар ІІХК басқармалары басшылары қарастырып, шешім шығарды.
Сондықтан да П. Кəрімовтің əйелі Е. Жиеналина да басқа əйелдер секілді Ақмоладағы «Отанын сатқандар» əйелдерінің ла- геріне жіберілуі əбден мүмкін. Деректерді анықтау уақыттың ен- шісінде деп білеміз.
1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы соты Президиумының қаулысы бойынша Перуаш Кəрімұлы жолдастарымен бірге ақталды. 23 жылдан кейін ғана бұл кісінің ісі қаралып, өз шешімін тапты. Әкесінің түрмеде құрбан болғаны ұлы – Тұрлыбекке хабарланған еді. Арада 50 жыл өткеннен кейін немерелерінің қолына атасының қылмыстық іс құжаттары тиіп отыр. Бірақ та, Перуаш Кəрімұлының өмірінің соңғы кездері қалай бол- ды, жастық кезі қалай өтті: кімнің қолынан қаза тапты, қалай бұл дүниеден өтті, неден қайтыс болды жəне бұл кісінің сүйегі қайда екені, осыныңбарлығы да ұрпақтарына белгісіз болып кел- ді. Осылайша атасының сүйегі қайда жатқан жерді анықтауды ұрпақтарының мойнына жүктелген аманаттық парызы деп санап отыр.
Жалпы, КСРО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау 1954 жылы басталып, бұл үдеріс 1960 жылдардың басына дейін жалғасқан. Ал П.Кəрімовке қатысты қылмыстық істің 1961 жылы наурыз айында тоқтатылғанын осы жылымық кезеңге ілігуімен түсіндіруге болатын секілді.
Өйткені, одан кейін бұл үдеріс тежеліп, тек қайта құру деп атал- ған кезеңде – 1980-жылдардың соңына қарай қайтадан басталғаны мəлім. Осылайша Перуаш Кəрімұлының сотталғаннан кейінгі тағдыры беймəлім қалпында қалып, артындағы жалғыз ұрпағы – Тұрлыбектің əке – шешесін іздеген əрекеті еш нəтижесіз аяқталды. Қазіргі ұлттық тарихымыз қайта зерделеніп жатқан тұста қатты ойланатын жайт, бұл. Қазақстан Республикасының Пре- зиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекет тарихын, даңқты ба- балары жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі замана жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады»
деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ар- найы мұрағаттарында қалың көпшілікке белгісіз батырлар туралы талай құжаттар сақтаулы. Халық арасында ешкім де, ешқашан да ұмытылмауы тиіс. Бұл тек бір отбасы үшін ғана емес, барлық қазақ ұлты үшін құнды дүние. Қазіргі ұрпақ үшін халқы мен Отанына мінсіз қызмет етуде жоғары азаматтылық пен отаншылдықтың үлгісі болып табылатын Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғаны көпшілікке таныту өте маңызды. Перуаш Кəрімұлына қатысты та- лай құжаттар əлі де құпия болып қалуда.
Ал, біз Алаштың тағы бір ардақты азаматының табылғанына қуаныштымыз. Ендігі мақсат оның репрессияланғанына қатысты беймəлім деректерді ашу болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- qazaquni.kz
- baq.kz
- Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. Сборник документов / Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. — Алматы: Казахстан, 1998. — 336 с., 14-15 б.
- Приговор народа // Большевик Казахстана. 1937. №2.
- Сборник законадательных и нормативных актов о репрес- сиях и реабилитации жертв политических репрессий. – Москва: Республика, -С.10-12.
- Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. Алматы: Ғылым. 2000. 388 с. с.154