Ақпан төңкерісі мен оның орнына келген Уақытша үкіметті құлатқан большевиктер

А. Байтұрсынов 1917 жылғы  ақпанда  Николай  ІІ  патша-  ны тақтан тайдырған Ақпан төңкерісі мен оның орнына келген Уақытша үкіметті құлатқан большевиктердің Қазан төңкерісіне қазақ халқының қатынасын теориялық тұрғыдан дəл тұжырымдап берген еді: “Қазақтарға ақпан революциясы қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) революциясы оларға соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы революци- яны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мəжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл революцияға деген мұндай қатынасы əбден табиғи жəне түсінікті болатын. Алғашқы ре- волюцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы  алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді”, — деп жазды1.

Сонымен қатар, “Қазақ” газетін 1918 жылғы 30-маусымдағы

№ 262 санында жарияланған “Аттан, алаш азаматы” атты мақалада Қазан төңкерісіне қарсы идея айқын көрінеді: “…Жауың кім? Жауың большевик. Большевиктің тұқымы құрымаса Ресей мемле- кетінде тыныштық болмақшы емес. Өз тізгінім өзіме, жұрт бола- мын десең атқа мін, қолыңа қару-жарақ алып, большевикке қарсы шығып, өзіңнің ерлігіңді іспен көрсет.

…Большевик дегендер кешегі байлардың есігінде жүрген, шандыры созылған өңшең малай… Ортақ жау — большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны, денесінде бабалары түріктің титтей қаны болған алаш азаматына парыз”2.

 
   


Қазан төңкерісіне қазақтардың үрке қарауын алаштықтар қазақ қоғамында капиталистік қатынастардың жоқтығымен,  соған сай таптық жіктелудің əлсіздігімен байланыстырды. Бұл ұлттық еркіндік, осы жолда ұлттық тұтастық идеологиясын ұстанған қайраткердің көзқарасы еді жəне ол сол тарихи кезеңдегі

1 Байтұрсынов А. Ақ жол. –А., 1991.

2 Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. -Алматы: Ата мұра, 1998. –Б. 163.

 

қоғамдық-саяси шынайылықтан алыс емес еді. Сондай-ақ, осы- нау қоғамдық пікірді білдіру арқылы ол большевиктік билік пен ұлт-азаттық қозғалыс арасындағы айырмашылықты дəл белгілеп берген еді. Бірақ В.И. Ленин бастаған большевиктік билік Алаш қайраткерлерінің пікірімен есептеспеді.

К. Нұрпейісов өзінің зерттеуінде Совет өкіметінің де Ала- шорда жетекшілерімен келіссөз жүргізу барысында екіжүзділік танытқанын көрсетеді: “бұған оның атынан Далалық Қазақ өлкесінің төтенше комиссары болып тағайындалған Ә.Жанкелдинге 1918 жылы мамырдың 14-інде ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының таптық негіздегі Қазақ автономиясын құру мақсатымен Бүкілқазақстандық советтер съезін шақыру міндетін жүктеуі дəлел. Қазан төңкерісі қарсаңында большевиктер атынан “Ұлттардың өзін өзі билеу құқын” уағыздап келген Лениннің проле- тариат диктатурасы орнаған соң бұрынғы айтқанынан бас тартып, оны “Еңбекшілердің өзін өзі билеуі” ұранымен алмастырғанының, басқа сөзбен айтқанда ұлттық-мемлекеттік құрылыста таптық прин- ципті бірінші кезекке қойғандығының көрінісі болды. Сондықтан да Орталық Совет үкіметі қазақ халқының ұзақ жылдарға созылған ұлт-азаттық күресінің нəтижесінде дүниеге келген Алаш авто- номиясы мен Алашорда үкіметін іс жүзінде мойындамады, сол сияқты Орта Азияның жергілікті халықтарының заңды мемле- кеттігі болған, 1917 жылы желтоқсанның 10-да Қоқан қаласында өткен төртінші жалпымұсылмандық құрылтайда жарияланған Түркістан (Қоқан) автономиясын 1918 жылдың ақпанында қарулы күш жұмсап талқандады1.

Түркістандағы саяси билік пен əскери күш Кеңес үкіметінің қолына шоғырландырылды. Қарулы күшпен талқандалған Түркістан автономиясы өлкедегі  ең  өзекті  мəселе  –  жергілік-  ті  халықтардың  өзін-өзі  билеу  құқығын  алға  қойып,  шешу-   ге тырысқан  саяси  түзілім  еді.  Яғни,  М.Шоқаев  сынды  сая-  си қайраткердің бастауымен жүргізіліп, бағы баянсыз болған Түркістандағы қазақ жұртының саяси тəуелсіздікке ұмтылуының жарқын көрінісі болды.

 
   


1918 жылдың жазына қарай азамат соғысы кең етек жайды. Оған  шетелдік  империалистік  мемлекеттердің  Совет  өкіметін

1 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. –Алматы: Ататек, 1995. -256 б. -Б. 162.

 

құлату мақсатымен интервенция жасап, революцияға қарсы күштермен одақтасуы себеп болды. Көп кешікпей совет өкіметі құлатылған Россияның Қазакстанға жақын кейбір қалаларында советтік билікке қарсы бағытталған жəне Антанта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылды. Олардың қатарында 1918 жылғы маусымда Самара қаласында құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті, Омбыда құрылған уақытша Сібір үкіметі, Уақытша бүкілроссиялық үкімет саналған “Уфа директориясы” болды.

Азамат соғысының бастапқы үш айында Алашорда үкіметі ав- тономияны басқару, жер пайдалану тəртібі, салық, сот, дін, əскер істері жөнінде көптеген қаулы-қарарлар қабылдады. Алашорда қабылдаған алғашқы заңдық мəні бар маңызды құжат 1918 жылы маусымнын 24-інде Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев жəне Х.Ғаббасов қол қойған “Алаш автономиясының территориясында уақытша жер пайдалану тəртібі” деген қаулы болды. Онда Бүкілроссиялық құрылтай жиналысы жер туралы заң қабылданғанша Қазақстанда жерге деген жеке меншіктің жойылатыны, жер-су байлықтарын пайдалану Алашорданың рұқсатымен ғана болатындығы, қазақтар мен орыстар арасындағы жер дауын жергілікті өзін-өзі билейтін земстволық органдар шешетіндігі айтылып, жер пайдалануға бай- ланысты басқа мəселелерді шешудің тəртібі көрсетілді. Алайда Сібір үкіметі тарапынан да, Орынбор мен Орал қалаларындағы əскери үкіметтер тарапынан да оларды қолдауға бағытталған ешбір əрекет жасалмады.

1918 жылы қыркүйекте құрылған “Уақытша  жалпыресей-  лік үкімет” ретінде танылған Уфа директориясы 1918 жылы 4 қарашада Алаш Орданы тарату туралы шешім шығарады. Ал ақ гвардияшылардың негізгі күшінің басшысы адмирал Колчак тара- пынан Алашордаға сенімсіздік білдіріліп, жау ретінде карау Алаш қайраткерлерінің өз одақтастарына деген сенімін өшіріп, жаңа күрес жолдарын іздестіруге итермеледі. Бұл өз кезегінде Алаш басшыларының большевиктермен ымыраға келіп, оларға қосылу туралы саяси шешім қабылдауына ықпал етті. Бірақ та аумалы төкпелі азамат соғысы жылдары бұл əрекет те оңайға түспеді. Ел екіге жарылып, дел-сал болған шақта түсініспеушіліктің салдары- нан Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі жетекшісі А. Има-

 

нов пен қызыл көтерілісшілер басшысы, Қостанай уездік кеңесінің төрағасы Л. Таранның Торғайда өлтірілуі Алашордашылардың арандатуы деп көрсетілді. Ақтар мен қызылдардың арасында ымы- ра таппаған Алаш қайраткерлерін біресе ақтар, біресе қызылдар тұтқынға алып, екі жаққа да сенімсіз саяси күшке айналды.

1919 жылы 27 қазанда Қазревкомның кеңейтілген мəжілісі өтіп, ол Қазақстандағы азамат соғысының аяқталуымен  тұспа  тұс келді, бірақ қызылдарға қарсы күрескен қазақтар мен Алаш қайраткерлеріне кешірім жасау мəселесі қаралмады. Сол жылы    4 қарашада Түркістан майданының революциялық соғыс кеңесі Совет екіметіне тікелей жəне жанама  түрде  қарсы  күресіп келген барлық қазақтарға тиісті шарттар орындалған жағдайда толық кешірім жасау туралы қаулы қабылдады. Ал Қазревком 31 қарашада ғана Түркістан майданының революциялық соғыс со- ветіне Алашордаға кешірім жасау жəне оны жүзеге асыру шартта- ры жөнінде өтініш білдіру туралы қарар қабылдады.

Кешірім жасалғанымен, Алаш қайраткерлеріне деген сенім- сіздік жойылмады. 1920 жылы 5 наурызда Қазревком Алашор- даны тарату туралы қаулы қабылдап, онда совет өкіметі мықтап орныққанша Алашорданың жауапты жетекшілерін халықтан оқшаулау, меншіктерін есепке алу, оларды ревком мүшелігі мен жа- уапты кеңестік қызметтерге ұсынбау туралы шешім шығарылды… Алашорда кезеңіндегі атқарған қызметтері мен ұлт-азаттық иде- ялары үшін қазақ зиялы қауымы келешекте де қуғын-сүргінге ұшырап, репрессия жылдары атылып кетті…

Алаштықтардың ұлттық мемлекеттік құру жолындағы күресін зерттеуші отандық тарихшылар мынадай ғылыми тұжырымдар жа- сайды: 1) Совет басшылығы қазақ халқына 1918 жылғы көктемде уəде еткен советтік негіздегі автономиядан басқа мемлекеттіктің өзге түрін беруден бас тартты. 2) Азамат соғысының тəжірибесі Алашорданың ұлттық-мемлекеттік құрылыс мəселесінде басқа шешімге (советтік автономиядан басқа) қол жеткізу мүмкін еме- стігін көрсетті. 3) Соғыс барысында ақтар да, қызылдар да Ала- шордамен қарым-қатынас мəселесіне тек қана соғыс тағдырын шешуге əсер етуі мүмкін фактор ретінде қарады1.

 
   


Қорыта айтсақ, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов бастаған қазақ ұлтының бетке ұстар саяси тұлғаларының қоғамдық

1 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. -Алматы, 1995. -Б. 209.

 

қызметінсіз Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің өмірге келуі мүмкін емес те еді. Алаш қозғалысы жетекшілерінің өзгелермен терезесі тең автономия туралы идеялары тар таптық саяси шеңбермен шектелген жоқ, олар ұлттық мемлекет құру мұратын əйгілі 1905 жылғы патша самодержавиесіне қарсы петицияны ұйымдастырудан  бастап,  Алаштың  Жалпықазақтық  съездері- не дейінгі аралықта қазақ жерін талаған ресейлік отаршылдық жүйені құрту, патшалық самодержавиені жою, монархиялық басқаруды республикамен алмастыру, Ресей құрамында болса да өзгелермен терезесі тең автономияға ие болу арқылы саяси жүйені түбірімен өзгертуге бағытталған асқақ саяси идеяны ұстанды. Сол кезеңдегі қоғамдық санада ақиқат жол болып көрінген тап күресін мүмкіндігінше қантөгіссіз, бейбіт жүзеге асыруды ұсынды.

Алаш партиясы ұлттық саяси күш ретінде Алашорда үкіметін құрып жəне Алаш автономиясын жариялап, тəуелсіз қазақ мем- лекетін құруды көкседі. Тағдырлары қайғылы аяқталғанына қарамастан, Алаш қайраткерлері елі мен жерінің, қазақ ұлтының қамын жеп, оның жарқын болашағы үшін күресті. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан, тəуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мəңгі сақталады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра,

-296 б.

  1. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. –Алматы, 1992. –Б.
  2. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. -Алматы: Ата мұра, -360 б.

–Б. 33.

  1. Тайшыбай З. “Қарқаралы петициясы” туралы ақиқат // Ақиқат. -2003. -№ 8. –Б. 80-82.
  2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. (Көмекші оқу құралы). Алматы: Санат, -368 б. –Б. 98-99.
  3. Н.Әшкеева. Әлихан Бөкейханов саясат сардары // Саясат. № 3-4.

 

  1. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1901 ж. — желтоқсан 1917 ж. Құрастырушылар: Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. -552 бет. -Б. 132-133
  2. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мəліметтер.

-Алматы, 1956, -Б. 26-30.

  1. Бөкейханов Ә., Шығармалар, А., 1994, 375 б.
  2. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1901 ж. — желтоқсан 1917 ж. Құрастырушылар: Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. -552 бет. -Б. 438-441.
  3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. (Көмекші оқу құралы). Алматы: Санат, -368 б. –Б. 319.
  4. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1901 ж. — желтоқсан 1917 ж. Құрастырушылар: Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. -552 бет. -Б. 468-469.
  5. Сонда, -Б. 469.
  6. Байтұрсынов А. Ақ жол. –А.,
  7. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. -Алматы: Ата мұра, 1998. –Б. 163
  8. Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. –Алматы: Ататек, -256 б. -Б. 162.
  9. Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. -Алматы, -Б. 209.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *