«Демократиялық, федеративтік жəне парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы

Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов «автономиялы  тəуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынса, Ә.Бөкейханов

«демократиялық, федеративтік жəне парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады. Басым көпшілік Ә.Бөкейхановтың ұсынысын қолдайды.

 
   


Сондай-ақ, осы съезде бұрыннан айтылып келе жатқан сая-  си ұйым — «Алаш» партиясы құрылып, оның бағдарламасын жа- сау жөнінде қаулы қабылданды. Партияның бағдарлама жобасын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ел- дес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов бірігіп жасады. Мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік һəм сот, ел қорғау, салық,

1 Бөкейханов Ә., Шығармалар, А., 1994, 375 б.

 

жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мəселесі деген он бөлімнен тұратын бағдарлама жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» га- зетінде жарияланды1.

«Алаш» партиясы бағдарламасы  жобасының  негізгі  мақсаты – Ресей федеративтік демократиялық республикасының құрамындағы қазақ автономиясын құру болды. Себебі сол кезеңдегі қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстанның тəуелсіз ел болуы үшін қажетті шарттар əлі қалыптаспаған еді. Мəні жағынан “Алаш” реакциялық ұлтшыл емес, эволюциялық отаншыл партия еді, ол қазақ қоғамын бірте-бірте өзгерту жолын ұстанды. Ал дін саясаттан ажыратылып, мемлекет зайырлы принципке сүйенетін болуы тиіс деген саяси ұстаным негізделді.

Бағдарлама жобасына қысқаша тоқталатын болсақ, оның бірінші бөлімі «Мемлекет қалпы» деп аталды. Онда Ресей демократиялық, федеративті республика болуы тиіс деп атап көрсетіледі жəне демократия мен федерация ұғымдарына түсінік беріледі. Демократия — халық билігі, ал федерация өзара тең мем- лекеттерге бірлесу. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Яғни, өзін-өзі басқаратын тең құқықты мемлекеттер одағы. “Алаш” партиясы ұсынған бұл идеяда іргесі бөлек, ынтымағы бір дер-  бес басқарылатын автономиялардан тұратын федеративті əрі демократиялық Ресей туралы қағида енгізілді.

Мемлекеттік құрылыс мəселесінде Үкімет басында — Құрылтай жиналысы, оның аралығында Құрылтай мен Мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент тұрды. Құрылтай жи- налысы сессия түрінде жұмыс істеп, оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума алдында жауапты Министрлер Кеңесі арқылы басқарады. Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы — парламенттік республика ұсынылды, мемлекеттік құрылыс үшін билік бөлінісі идеясы енгізілді. Заң шығару Мемлекеттік Дума құзырында жəне атқарушы орган қызметіне бақылау жасау үшін депутаттық сауал салу құқығы бар. Жоба авторлары демократиялық сайлау жүйесін ұсынды. Депутат-

 
   

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1901 ж. — желтоқсан 1917 ж. Құрастырушылар: Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. 1. -552 бет. -Б. 438-441.

 

тар тегіс, тең, төте жəне құпия сайлаумен болады. Азаматтардың сайлау құқығы қан, дін, жыныс айырмашылығына қарамай, барлығының сайлау құқығын жүзеге асыру арқылы бекітіледі. Осы бөлімде бекітілген салықтың өкілді орган — Мемлекеттік Думаның келісімінсіз салынбауы да Алаш қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан көрсетеді.

Бағдарлама жобасының “Жергілікті бостандық” деп атала- тын екінші бөлімінде қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру туралы мəселе ең бірінші кезекке қойылады. Мұнда “Алаш” партиясының қазақтың би, бо- лыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да, адал қызмет ететін механизм жасау жөнінде жəне оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы да сөз бо-  лады. Заңды құқықтар мен бостандықтарды қатаң сақтауды мақсат тұтқан “Алаш” партиясы əлеуметтік-əділеттілік саясатын жүргізуге ұмтылды.

“Негізгі құқық” деп аталған үшінші бөлім демократия мен адамгершілікке негізделді. Республикада дінге, қанға қарамай, бар адам тең құқылы болуы, жиылыс пен қауым жасауға, жариялыққа, газет пен кітап бастыруға еркіндік берілуін қолдады. Заңсыз жол- мен ешкімді өкімет адамдарының ұстамауы, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмауы, қылмысты  болған  адамға  судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір аптадан қалмай қамауға алу туралы санкция ұсыну адам құқығының кепілі. Әрі тергеу орындарының озбырлық əрекеттеріне қарсы бағытталған құқықтық кепілдігі. Азаматтардың табиғи жəне саяси құқықтарын қамтамасыз ететін мұндай тармақтар бұрын-соңды Ресейдің заңнамасында болмаған екен. “Алаш” қайраткерлері тұжырымдаған либералды демократиялық ұстанымдар өз уақытынан озық болды. Тəуелсіздік жылдары ғана олардың асқақ армандары қолданыс та- уып, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында өз орнын мықтап тұрып алды.

“Дін ісі” атты төртінші тармақта мемлекеттің зайырлық не- гізін бекітудің қажеттігі бекітілген. Ар-ождан бостандығы мойын- далып, əркім діни сенімі бойынша тең жəне еркін, діни сенімі бойынша астамшылық немесе дискриминацияға жол берілмейтіні айтылған. Әйелдерге күйеуге шығу құқығы беру, қалың малды жою, молдаларға 16 жасқа толмаған қыздар мен 18 жасқа толмаған

 

ер балалардың некесін қиюына тиым салынды. Жесір дауы да сотта қаралуы тиіс болды. Мұсылмандық неке құқығының озық жақтары ескеріле отырып неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мəселелерін молдаларға беру енгізілді.

“Билік һəм сот” деп аталатын бесінші бөлімде сот билігі жəне оның ішінде билер соты туралы  айтылады.  Билік  пен  соттың  əр халықтың тұрмысы мен əдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар  аударған  жоба  авторлары  халыққа жат құқықтық нормаларды енгізуге қарсы. Құқықтық нормалар халықтың тұрмысы мен деңгейіне сəйкес болуы керек. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген алаш қайраткерлері ауыл, болыс ішінде билік пен сот қазақ билерінің түрлі жиындарда сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған дəстүрлі ереже жолы- мен атқарылғаны жөн деп бекітеді.

Сонымен қатар, би мен судьяның жергілікті халық тілін білуі, аралас халық тұратын жерлерде соттың тергеу-тексеруі мен шешімі сол жердегі көпшілік болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның тергеусіз орнынан түспеуі, заң мен сот алдын- да барлық адамдардың тең болуы, құдайдан кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адам солардың үкімін мойын- дауы, сот шешімінің дереу орындалуы, ауыр қылмыстардың при- сяжный сотта қаралуы, олардың қазақтан алынуы жəне т.б. адам құқықтарын құрметтеудің нағыз демократиялық идеялары болып табылады.

Жобаның алтыншы тармағы ел қорғау мəселесіне арналған. Әскер жасына жеткендерді жергілікті жерлерде əскер ісіне үйрету жəне қызмет еткізу ұсынылды. Егемен ел болу үшін əскер жасақтау қажеттігін, əскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, əскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу, əскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару айты- лады.

Жобаның жетінші бөлімі салыққа арналды. Салық салудың пропорционалды  жүйесін  енгізу  ұсынылды:  “Салық   мал- ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше ғаділ жол- мен таратылу”. Бұл ізгі демократиялық қағида болатын. Көріп отырғанымыздай, əлеуметтік əділеттілік мəселесін алаш зиялыла- ры ту етіп көтерді.

 

“Жұмысшылар” деп аталатын сегізінші тармақта еңбек- шілердің құқығын заңмен қорғау қарастырылған.  Қазақ  жерін- де завод-фабрикалардың аз болуы себепті жұмысшылар да аз, сондықтан «Алаш» партиясы жұмысшыларға қатысты социал- демократтардың меньшевик табының программасын жақтайтыны айтылған.

Тоғызыншы “Ғылым-білім үйрету” деп аталатын бөлімде те- гін білім алуға баршаның құқығы болуы басты назарда. Мектеп- терде ана тілінде оқыту, қазақ мектептері мен университет ашу, үкіметтің оқу үрдісіне араласпауы, оқытушылардың сайланбалы болуы, кітапханалар ашу туралы ұсыныстар бар. Білім мен ғылым ісі қай заманда болмасын өзекті, қажетті, болашаққа бағытталған жауапты міндет. Мұны алаш қайраткерлері жете түсініп, келешек- тегі ұлттық мемлекеттің рухани негізі деп білді. Олардың өткен ғасырда айтқан ұсыныстары бүгінгі күнгі өткір мəселелердің де үстінен дөп түсіп тұр.

Соңғы, оныншы бөлімде қарастырылатыны “Жер мəселесі”. Құрылтай негізгі заң қабылдағанда жерден тиесілі үлесін алды- мен жергілікті жұртқа берілуін, өлшеу нормасы жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу мəселесі қойылды. Жерді қазақтар жеке үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу, жер заңында жер сату деген болмау, əркім өзі пай- далану керектігі де ескерілді. Ал бұрын қазақтардан алынып, бірақ мұжық қоныстанбаған жерді қазақтарға қайтару керектігі жəне орналасқан қазақ жеріне мұжық келмеуін ескеру баса айтылды. Үлестіруден артылған жер земства қолында болып, артық жерден халық саны өскен сайын тиісті сыбаға беру, егіншілікпен айна- лысатын Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесіліп, өзара əділдік жолмен пайдалану қарастырылды.

Жер байлығы, кен-қазынасы, астығы, өзен-көлдер мен өзге де табиғат байлығы мемлекет меншігінде, билігі земства қолында бо- луы тиіс екендігі айрықша атап көрсетілген.

Бірінші жалпықазақ съезінде Алаш партиясын тұңғыш ұлттық саяси ұйым ретінде құрылды деп жариялау қазақ халқы үшін елеулі оқиға болды. Алаштықтар халық тағдырына тіке қатысты жалпыұлттық мəселелерді саяси күрестің күн тəртібіне қойды. Са- яси күрестің түпкі мақсаты — қазақ халқын отарлық езгіден құтқару, жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде тəуелсіз елге, ұлттық

 

мемлекетке қол жеткізу болды. Аталған мақсат оқыған қазақ зиялы- ларынан тұратын жаңа саяси күш — Алаш қозғалысын ұлт-азаттық күрестің саяси сахнасына шығарып, оны қазақ даласындағы ең белді саяси партияға айналдырды.

1917 жылы желтоқсанның 5-13 аралығында Орынборда екін- ші Жалпықазақ съезі өтті. Онда бірауыздан мақұлдау нəтижесінде жаңа ұлттық-территориялық бірлік – “Алаш” құрылатындығы жа- рияланып, оның құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Әмудария, Каспий облыстары мен Алтай губерния- сы кіретін болды. Алаш Орданың үкіметі құрылып, оның Орталық комитетін Ә. Бөкейханов басқаратыны бірауыздан мақұлданды. Екінші Жалпықазақ съезінің басты қорытындысы Уақытша халық кеңесі құрылып, оның құрамындағы 25 адамның 10-ы қазақ емес ұлт өкілдерінен сайланатын болып келісіледі. Кеңес бүкіл қазақ қоғамындағы атқару билігін қолына алатын болды. Арнайы тармақ бойынша съезд қаулы қабылдап, онда қазақтардың ара- сында тұратын басқа ұлт өкілдеріне азшылық құқығы берілетін- дігі бекітілді. Алаштың барлық мекемелерінде барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері пропорционалды түрде қызмет ететіндігі жарияланады. “Алаш” мемлекетінің “Алаш Орда” мемлекеті заң шығарушы билік тармағына тəуелді болды.

Алайда автономияның декларациясын қабылдау мəселесіне келгенде зиялы қауымның көзқарасында екі бағыт туындады. Бірі Жаһанша жəне Халел Досмұхамедовтер бастаған топ автономияны бірден жариялау қажеттігін ұсынды. Ал Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов бастаған топ қазақы емес тұрғылықты халықтың пікірін анықтамайынша автономия жариялауды қоя тұру керек- тігін көрсетеді. Сонымен қатар, олардың ойынша, автономияны жариялау құқығы автономияның құрылтай жиналысында болып табылады. Осы мəселелер бойынша дауыс беруде қалыс қалғандар да болды, солардың бірі — М. Шоқай еді. Орын алған пікірталастың нəтижесінде Батыс жəне Шығыс Алаш Орда туындап, сəйкесінше олардың басында Ж.Досмұхамедов пен Ә.Бөкейханов тұрды.

1917 жылдың соңында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына казақ қоғамынан депутаттар ұсыну сəтінде “Үш жүз” атты социа- листік партия туындады. М. Қойгелдиевтің зертеулеріне сүйенсек, ол өзінің негізгі қарсыласы “Алашты” саяси аренадан ығыстыру

 

үшін түрік-татар кауымдастығына, мұсылман қозғалысына сүйенген Ш.Әлжанов, М.Әйтпенов, К. Тоғысов сияқты қазақ азаматтарының құрған саяси ұйымы. Партияны құрушылардың бірі М. Әйтпенов: “Белгілі кадет Бөкейханов ашқан “Алаш” партиясының программасына қанағаттанбай қазақтар өз алдына “Үш жүз” атты социалист партиясын ашты. Партияның мақсаты федерацияны жақтау һəм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учре- дительное собраниеге жеке список кіргізу” деп газеттерге жедел- хат жіберген екен1.

Түрік-татар қауымдастығы мен мұсылман козғалысы басшылығынан қолдау таба алмаған “Үш жүз” енді “Алаштың” шын мəніндегі бақталасы большевиктер жағына шығады. 1918 жылғы 21 сəуірде В.И.Ленин мен И.В.Сталин атына жолдаған жеделхатында К. Тоғысов Батыс Сібір мен Дала өлкесінде “Со- вет үкіметінің платформасында тұрған жəне онымен қол ұстасып келе жатқан” “Үш жүз” деген қазақ социал-партиясы барын» жəне оның “Кадет Бөкейханов басқаратын буржуазиялық “Алаш” пар- тиясына қарсы” екендігін білдіреді. К. Тоғысов жеделхаттың ар- тын ала Сталинмен телеграф арқылы сөйлесіп, “Алашпен” күресте өздерін қолдауды өтінген.

Таптық емес, ұлттық негізде мемлекет құру ниетіндегі “Алаш” партиясына қарсы И. Сталинді К.Тоғысов ұсынысы қызықтырады. И.Сталин тез арада Ә.Жангелдинмен телефон арқылы сөйлесіп, “Үш жүз” партиясына қолдау жасауды  тапсырады. Алайда, Құрылтай сайлауына қатысқан кезде ешбір əлеуметтік негізі жоқ, бағдарламасы халыққа түсініксіз, социалистік идеологияға бас ұрған “Үш жүз” партиясы халықтың дауысына ие бола алмай, ой- сырай жеңіледі. Бұл саяси тартысқа тоқталып отырған себебіміз, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру ісінде екіге жарылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмауын көрсету, өткен тарихтан сабақ ала білу. Идеологиялар мен түрлі ағымдар көп, ал ұлт мұраты, тəуелсіз ел болу мақсаты біреу ғана.

 
   


1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының күшпен таратылуы “Алаш” автономиясын құру ісінің болашағы бұлыңғыр екенін көрсетті. Құрылтай таратылған соң Алашорда-

1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. (Көмекші оқу құралы). Алматы: Санат, 1995. -368 б. –Б. 319.

 

шылар мен большевиктер арасындағы қайшылық ушықты. “Алаш” партиясына біріккен ұлт зиялылары большевиктерді қазаққа жат саяси идеологияны əкелуші сыртқы күш деп қараса, большевиктер Алашты ұлтшыл, феодалдар мен буржуазияның таптық мүддесін қорғаған контрреволюциялық күш деп санады. Сол жылы көктемде басталған азамат соғысы қазақ қоғамын екіге жарған сына іспетті болды, ұлт зиялылары мемлекеттік құрылыс түрін таңдауда ұлттық жəне кеңестік бағыт ұстанды.

1917 жылдың күзіне қарай Батыс майдан, Балтық флоты, Қазан, Сібір жəне Түркістан əскери округының əскерлері большевиктердің ықпалына ұшырайды, сонымен бірге “жер — шаруаларға, завод-фа- брикалар — жұмысшыларға, езілген халықтарға — ұлттық теңдік” сарынындағы лениндік төңкерісшіл ұрандарға халық қапыдай сенді, Уақытша үкіметтің жергілікті əкімдеріне бағынудан, алым- салық төлеуден бас тартты. Олар билікті Кеңестердің қолына бе- руді талап етіп, ұлттық мемлекет құру үшін күресіп жүрген алаш зиялыларына да алабөтен қарай бастады.

Осыған орай, Алаш Орда үкіметі Сібірдегі Кеңестер билігін құлату нəтижесінде туындаған Сібір автономиясымен қысқа уақыт байланыс орнатып, одақтасуға талпынады. Бұл саяси қадамға Алаш Орданың РСФСР өкіметімен келіссөз жүргізуге тырысқан іс-əрекеттерінің де нəтижесіздігі ықпал етті. Сібірмен бірігіп ав- тономия құрудың тиімді жақтарын Ә. Бөкейханов 1917 жылғы 21 қарашада жазған “Жалпы Сібір сиезі” атты мақаласында былай деп көрсетеді: “ Сібір автономиясына қазақтың қосылу-қосылмауы екі айырылған соң біз 9 өкіл кеңесіп, Сібір сиезінде мынаны айттық:

«Сібір автономия  болсын,  біздің  қазақ  ұлты  уақытша  Сібір-  ге қосылады». Біздің бұл пікірімізге өзге бұратаналар да, бурят, якут қосылды. Сонымен Сібір автономиясының негізгі законына өз алды бір бап жазылмақ. Қазақ ұлты һəм Сібірде қоныс қылған жерлі жұрт. Сібір автономиясына уақытша қосылады. Өздері біз енді бөлініп, өз алдымызға автономия боламыз деген күні босап, автономия болады деп.

Биыл жаздай болған комитет сайлаулары біздің қазақ өзін-өзі билегенде істеген істерін көрсетіп тұр: іс атқаратын азаматтың аздығын, жалпы жұрттың қараңғылығын. Біз ойладық, əуелі Сібір- ге сүйеніп, тасмалдап, жалғасып, көшіп кетелік, жіп жалғап зор

 

мемлекет көрмеуінен құтылып-ап отау болып, соңынан бөлінелік деп.

Қазақ болып автономия боламыз десек, алдымызда шешуі қиын бір жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қоныстас. Бұл облыстарда мұжық пен қазақ қым-қиғаш ара- лас. Мұжықпен аралас қазақты тастап, ылғи қазақ болып шығамыз десек, қазақ орыста қалады. Қазақты бұл жерден көшіріп аламыз десек, бұл қазақ ата қонысынан көшпес. Көшсе, ақылсыздық бо- лады. Қазақ жерінін ең жақсысы осы мұжықпен аралас отырған жер. Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес, жерге байлаулы автономия болмақ”1.

Ал автономияны Түркістанмен қосылуға қарсы болуын ол: “Автономия болу өз алды мемлекет болу. Мемлекет болып іс атқару оңай емес. Біздің қазақ іс атқаратын азаматқа жұтап отырған бол- са, біздің жалпы қазақ қараңғы соқыр болса, Түркістан халқының қараңғылық һəм жəбір адамы жоқтығы бізден он есе артық. Қазақ Түркістанмен бірге автономия болса, автономия арбасына түйемен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп, біз қайда барамыз?”2. 1917 жылғы 7-15 желтоқсан аралығында Томскіде төтенше жалпысібірлік съезд өтіп, онда Сібір үкіметі Г.Н. Потанин басқарған Сібір облыстық советі құрылды. Облыстық совет екінші жалпықазақ съезінің Алашорданы құру туралы шешімін қолдап, Совет өкіметін мойындамау жөнінде қаулы қабылдайды. Бірақ Сібір думасының өмірі ұзаққа созылмады. 1918 жылғы 26 қаңтарда Томск советі Президиумының жарлығымен Сібір думасы тараты-

лып, оның басшылығының бір бөлігі тұтқындалады.

Өз кезегінде Ә. Бөкейханов Қазан төңкерісі нəтижесінде билік басына келген, Азамат соғысына түрткі болған больше- виктер партиясының саясатын, В.И. Лениннің саяси курсын қабылдамайтындығын ашық айтты. Осындай қайтпас қайсар мі- незі мен берік саяси ұстанымы үшін оның өзі де, ұлттық мемле-

 
   

1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1901 ж. — желтоқсан 1917 ж. Құрастырушылар: Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. 1. -552 бет. -Б. 468-469.

2 Сонда, -Б. 469.

 

кет идеясын ту еткен қасындағы жанындағы үзеңгілес серіктері де Кеңестік билік тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшырайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *