АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЕГЕМЕНДІЛІК ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ: РЕТРОСПЕКТИВТІ САЯСАТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЕГЕМЕНДІЛІК ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ: РЕТРОСПЕКТИВТІ САЯСАТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресей империясының отаршыл саясаты қазақ халқының тəуелсіз мем- лекет құру идеясын орындалмас қиялға айналдыруға бар күш- жігерін жұмсады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев “Тарих толқынында” атты еңбегінде: “Сырым Датов, Кенесары Қасымов жəне басқалар бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау — Ресей патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған əрекеттер еді”, — деп көрсетуі тарихи ақиқатқа негізделген1.
Отарлау саясаты жазалау шараларынан бастап, түрлі құйтұрқы заңдар арқылы қазақтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін іс-əрекеттерге дейін барып, ұлттық мемлекеттілік институтының кез келген көрінісін жоюға тырысты. Соның салда- рынан қазақ даласында хандық билік институтының белгілері бір- жолата жоғалып, оның орнына отарлау аппаратының иерархиялық сатыға бағындырылған шенеуніктер жүйесі басқаратын империялық əкімшілік билік орнады. Дəстүрлі билер соты, ше- шендік сөз бен салиқалы əділ шешімге жүгіну біртіндеп келмеске кетіп, оның орнына парақорлық, билік өкілдерімен жең ұшынан жалғасып ауыз жаласу, сайлау науқандарындағы саяси талас- тартыс, арамза үгіт-насихат сияқты келеңсіз көріністер туындап қана қоймай, үйреншікті құбылысқа айналды. Бір сөзбен айтсақ, сол кезеңде қолданысқа енген заңнама қазақ халқын қанауға бағытталды.
Патшалық Ресей қазақтың кең жазира даласын мемле- кет меншігі деп жариялап, «пайдаланылмайтын бос жер» де- ген желеңмен озбырлықпен тартып алып, қоныс аударушыларға
1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

бөліп беру орын алды. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең патшалық Ресей империясының қазақ даласындағы отар- лау саясатының күшеюімен ерекшеленді.Кез келген əрекет өзінің қарсы əрекетін туғазатын табиғат заңдылығы бұл жерде де өзінің айнымастығын дəлелдеді. Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі, ұлттық мемлекеттілік құру идеясы да құрыштай шыңдалып, дами берді. Самодержавиеге, отаршылдыққа, жергілікті шенеуніктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы өршіді. Осылайша, қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан, оқу-ағарту, ұлттық салт- дəстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы, ел дауына ұласты. Яғни, академик М.Қозыбаев көрсеткендей, “Алаштың ұлт азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шек- телген праволық қоғам, конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мəдени даму көлемінде күресіп бақты”1. Қазақ халқы ұлт ретінде өмір сүру қасиетін сақтап қалу үшін тырысты: аймақтардағы наразылық бас көтерулерден бастап, Мемлекеттік Думадағы депутаттық орынға дейін саяси күрес ісіне тартылып, азаттық қозғалысының арналы ағысына ілесті. Қазақтар өлке өміріндегі өзгерістерге, отаршылдық əкімшілік ойлағандай, сырттай бақылаушы ғана болып қалмай, оған белсе- не араласты. Олар болыс сайлау, партияға жіктелу, дауыс жинау, кандидаттыққа ұсыну, лауазымды қызмет атқару, Думаға сайлану т.б. қоғамдық-саяси істерге белсене араласты. Жергілікті мемле- кеттік басқару отарлау əкімшілігінің басқаруымен, ал сайлаулар шалағайлықпен жүзеге асса да, кең байтақ қазақ даласындағы са- яси процестерге халқымыз қызу қатысып отырды. Саяси қатысу қазақы дала өлкесінде өзгеше мəнге ие болды. Мұндай əділетсіздік сол кезеңдегі көзі ашық, ұлттық сана-сезімі оянған қазақтың зиялы
азаматтарына серпіліс берді.
М. Құл-Мұхаммед жаңа замандағы қазақ тарихын, оның ұлт- азаттық қозғалыстарынан туындайтын саяси жəне құқықтық та- рихын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастыруға болады деп тұжырымдайды:
1 Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. –Алматы, 1992. –Б. 18.

– Бірінші кезең — XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Ресейдегі революциялық қозғалыстың өрістеуінен туындаған кезең. Бұл 1905 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
– Екінші кезең – Қазақстанда отаршылдық езгі, патша өкіме- тінің қазақ халқын қанауды одан əрі күшейтуі негізінде туындаған əр түрлі бас көтеру, наразылық акцияларынан бастап, саяси күштердің «Қазақ» газеті төңірегіне топтасуына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл – 1905-1912 жылдар арасы.
– Үшінші кезең – «Қазақ» газеті шығуымен ұлттық зиялы қауымның біртұтас саяси күшке айналып, оның Ақпан (1917) ре- волюциясына дейінгі азаттық жолындағы күресін қамтитын кезең.
– Төртінші кезең — Ақпан революциясынан бастап, Алашорда үкіметінің құрылуымен аяқталатын (1917 жыл, желтоқсан) — сая- си тəуелсіздік жолындағы күрес кезеңі.
– Бесінші кезең – қазақ қауымының саяси жетекші күшін құрайтын Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің қуғындалып, қозғалыстың таратылу кезеңі (бұл 1919-1920 жылдарды қамтиды)1.
Біздің қарастырғалы отырған тақырыбымыз да осы хронологиялық ауқымда болмақ. Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының қамын ойлап, елді өркениет көшінен қалдырмау жол- дарын іздеді. Оның бірден-бір жолы ғылым-білім мен мəдениетті игеру екендігін халыққа насихаттаған зиялылардың алдыңғы қатарында Алаш зиялылары жүрді. Олар жан-жақты қоғамдық- саяси қызметтер атқара отырып, əмбебап маман ретінде де елге танылды. Оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеуді, қазақ тілінде тұңғыш газет-журнал шығару мен əдеби шығармашылықты қатар алып жүрді. Бұл ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында саяси белсенділіктің қызған тұсы еді.
1905-1907 жылдардағы I-ші орыс төңкерісі өз кезегінде қазақ жеріндегі ұлттық қозғалыстың өсуіне де əсерін тигізді. 1905 жылғы 25 шілде күні Қарқаралы маңындағы Қоянды жəрмеңкесінде қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен митинг өтіп, ол өзіндік қазақ съезі іспетті болды. Жиын нəтижесінде Ре- сей Министрлер кеңесінің төрағасына арналған əйгілі “Қарқаралы

1 Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. -Алматы: Ата мұра, 1998. -360 б. –Б. 33.

петициясы” қабылданды. Онда қойылған талаптар 11 тармақтан тұрды: қазақтарға ар-ождан бостандығын беру, тұрғылықты халықты ана тілінде оқытуды ұйымдастыру, қоныстандыру саясатынан бас тарту, жер қорын байырғы қазақ ұлтының үлесіне құқықтық түрде тиесілі ететін арнайы заңды қабылдау, азаматтық жəне сот іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге құқық беру, аудармашылыққа қазақ тілін білетін жəне қазақша сауатты адамдарды алу, қазақтар өз құқықтарына нұқсан келсе, арызды ана тілінде бере алуы, судьялардың қазақ тілін білуін шарт ету жəне қазақ даласына присяжной сот жүйесін енгізу, отарлаушы аппараттың шенеуніктер санын қысқарту, генерал-губернаторлар- ды орталықтан тағайындау тəжірибесін тоқтатып, басшылыққа жергілікті жерден лайықты тұлғаны сайлау, крестьян бастықтары мен урядник қызметін жою, қылмыс жасағандар тек сот алдын- да ғана жауап беретіндей тəртіп орнату, биліктің жоғары сатыла- рынан бодандық шеткері аймақтардан өкілдер сайлануына квота беру сияқты көкейкесті мəселелерді қамтыды.
Ал петицияға қол қойған адамдар саны жөнінде ортақ пікір жоқ. Мысалы, Қазақстан энциклопедиялық сөздігі мен Қазақстан тарихы оқулықтарында оған 14 500 адам қол қойған деп көрсетіледі. Ал, зерттеуші З. Тайшыбайдың келтірген деректеріне сүйенсек, Қарқаралы петициясына 12 767 адам қол қояды1.
Алаш қайраткерлері туралы жазған еңбегінде М. Қойгелдиев ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында болған саяси оқиғаларға шолу жасай келіп, патша үкіметінің басқару органына жолдаған Қарқаралы петициясы ерекше екендігін атап өтеді: «нақты Қарқаралы петициясының тарихи орнына келсек, ол құжат авторларының сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең негізгі талап-тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап, қалыпқа салып, патшалық билік алдына қойып, сол арқылы қазақ елінің өз еркіндігі үшін күрес жолына түскендігін ашық-анық білдіруінде еді. Бұл, əрине, сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамы үшін қатардағы оқиға емес-тін. Деректік материалдардың көрсетуіне қарағанда, Қарқаралы петициясын дайындауда

1 Тайшыбай З. “Қарқаралы петициясы” туралы ақиқат // Ақиқат. -2003. -№ 8. –Б. 80-82.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев жəне басқа сол кезеңдегі белсенді қазақ интеллигенттері жетекшілік рөл атқарған1.
Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Ақпаев, А. Байтұрсынов сияқты зиялы қауым өкілдерінің біріккен іс-қимылы нəтижесінде жазылған петиция Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының құрылуына серпін берді. 1905 жылдың аяғында “Қарақаралы петициясының” авторлары қазақ өлкесінің бес облысының өкілетті өкілдерінің съезін өткізуге бастамашы болды.
Қазақ халқы Ә. Бөкейхановты ұлттың лидері ретінде ұсынып, ол Мəскеуде 1905 жылы қараша айында өткен Ресей жергілікті жəне қалалық қайраткерлерінің съезіне қатысады. Съезге Ресей империясының құрамына кіретін барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қатысады. Күн тəртібіндегі мəселелер: барлық ұлттардың теңдігі, тең сайлау құқығы, ана тілін қолдануда бостандықтың болуы. Съезде Ә. Бөкейханов баяндама жасап, өзін 4 млн. қазақ халқының өкілі екенін, қазақ жері Оралдан Алтайға дейінгі, Сібір темір жолынан Омбыға дейінгі, бір шеті Ресей, бір шеті Қытай, бір шеті Каспий теңізіне дейінгі атырапты алып жатқанын айта- ды. Съезд делегаттарына қазақтардың мұқтаж болып отырған бір мəселесі – ана тілін қолдану аясы екенін көрсетіп, жергілікті тіл- дерді қолдануға қойылатын шектеулерді жою туралы ұсыныстарды толық қолдайтынын жеткізеді.
Көп ұзамай Ә. Бөкейханов 1906 жылы наурызда І Ресей мем- лекеттік Думасына Семей қазақтары атынан депутат болып сайла- нады. Осы кезде “Семипалатинский листок” газеті “Ә.Бөкейханов Мемлекеттік Думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғын жоқтап, тілегін жеткізетін бірден-бір адам екеніне халқы сенсе ке- рек” – деп жазды. Ол депутат ретінде Еуропадағы, Ресейдегі сайлау ерекшеліктерін, олардағы заңдылықтарды, əділеттілік пен түрлі партиялардың саяси күресін талдай келе, мынадай ой түйеді: “… қазақ ішіндегі сайлау параға, малға сатылған, арамдықпен өтетіні айқын. Сайланған адам əділет, бірлік, адалдық жолында күрессе ғана шын мақсат орындалмақ”2.
Депутат ретінде Ә. Бөкейханов ұлттық мүддеге қатысты ой- ларын жалпы мемлекеттік деңгейде айтуға мүмкіндік алды.
1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. (Көмекші оқу құралы). Алматы: Санат, 1995. -368 б. –Б. 98-99.
2 Н.Әшкеева. Әлихан Бөкейханов саясат сардары // Саясат. 2002. № 3-4.

Оның Мемлекеттік Думадағы баяндамалары қоныстандыру сая- сатына, жер мəселесіне қатысты болатын, сонымен қатар далалы аймақтарда білім беру жəне əлеуметтік-мəдени инфрақұрылымды дамыту мəселелеріне де көп көңіл аударды. Орыс шаруаларына су жағалауындағы құнарлы жерден 15 десятинадан жер бөлу, ал қазақтарға тура сондай көлемдегі жерді сусыз тақырдан берудің əділетсіз шешім екенін айтып шырылдады. Яғни, Ә.Бөкейханов сол кездегі өзге де қоғамдық қайраткерлер сияқты патша өкіметінің саясатын сынады. “Қазақ ” газетінің 1913 ж. 30 қыркүйектегі 28-санында жарияланған “Жауап хат” атты мақалаларында “Степ- ное положениенің” 120-бабына қосымшасында: “Қазақтан артық жерді алмақ. Бұлай болғанда, əуелі қазақты орнықтыру керек емес пе? “15-тен алсаң, жер белгілеймін, қазақ болып отырсаң, жерден күнде көшіремін”, — деп, қазақты күнде көшіріп отыр. Осылай жұртты билеген патшалық бар ма екен? Біздің қазақ жерінен күнде көшіретін не жазып еді?” – деп қынжылып тұрып сынайды1.
1911 жылы 10 қаңтарынан бастап 1915 жылдың қыркүйек айы- на дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасынан қазақ тілінде үзбей шығып тұрған қазақ халқының тұңғыш журналы —
«Айқап» ХХ ғасырдың басындағы халқымыздың əлеуметтік, саяси өмірінде, елеулі роль атқарды. Оның негізін салушы да, авторы да, идеялық қолдаушысы да М. Сералин болды. Басылым араб əрпімен теріліп, басында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрған.
Журналдың “Айқап” аталуын М.Сералин журналдың 1911 жылғы № 1 санында былайша түсіндірді: “Біздің қазақтың “Әй, қап” демей тұғын ісі бар ма? Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табы- лмады. “Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай” дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтар үшін қала салмақ болдық. Ба- сымыз қосылмады. “Қап, ынтымақсыздығымыз-ай” дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға “ендігі сайлауда көреміз, қап, бəлем-ай” дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде “қап” деп қапы қалған істері
1 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1901 ж. — желтоқсан 1917 ж. Құрастырушылар: Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. 1. -552 бет. -Б. 132-133

көп. “Қап” деген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналы- мыз өкінішімізге ылайық “Айқап” болды”.
Профессор Б. Кенжебаев «Айқап» журналының бетінде шыққан материалдарды тақырыбы мен мазмұны жағынан мына- дай бөлімдерге бөледі:
1. Саяси-əлеуметтік мақалалар.
2. Әдеби шығармалар, əдебиет мөселелері.
3. Қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі жəне маңызды мəселелері.
4. Ана тілі, əліппе, емле мəселелері.
5. Қазақ əйелдерінің жайы, бостандық, теңдік мəселелері.
6. Дəрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары.
7. Ішкі-сыртқы хабарлар.
8. Кітап сындары.
9. Тілші хаттары, жауап хаттар1.
Тақырып ауқымынан көріп отырғанымыздай, қазақ тілінде тұңғыш шыққан «Айқап» журналында еліміздің саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени, рухани өміріне қатысты түрлі мақалалар, бостандық пен теңдік мəселелеріне арналған материалдар жари- яланып отырған. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың “Қазақ өлкесі”, М.Сералиннің “Қазақ қай заманда Россияға қаосылған”, Қ. Бəтішұлының “Қазақ шежіресі”, М. Дулатовтың “Жер мəселесі”, “Екі қыздың мұңы” жəне тағы басқа да мақалалар, əңгімелер мен өлеңдер үнемі басылып отырған.
Ал М. Сералин редактор ретінде “Қазақ халқы отырықшы болу керек пе, əлде көшіп-қонып жүргені орынды ма?” — деген сұраққа жа- уап іздеу барысында журнал бетінде пікірталастар ұйымдастырып отырған. Өйткені аталған мəселе бойынша халық арасында екі түрлі пікір қалыптасқан еді. Бірі қазақтарды отырықшылыққа шақырып, бірігіп мал, егін шаруашылығын өркендетуге, ол үшін жеткілікті мөлшерде жер алуына үгіттесе, екіншілері — қазақ елін жаппай отырықшы етуге болмайды деп бұра тартты. Бұл екі пікір де журнал бетінде кеңінен талданып талқыланды. Қазақ елі отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен шұғылданса өнер-білімге жол ашылып, мектеп салуға, емхана ашуға мүмкіндік туатыны

1 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мəліметтер. -Алматы, 1956, -Б. 26-30.

жан-жақты сөз болады. Сол кездің өзінде 20-30 үйден бірігіп, олардың егіншілікпен айналыса бастағандығы, күн өткен сайын мұндай ауылдар санының көбейе түскендігі қалың жұртқа хабар- ланып отырды.
ХХ ғасырдың екінші онжылдығында зиялы қауымның ара- сына жік түсіруге тылдың қара жұмысына қазақ жастарын шақыруға байланысты патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзкарас пен 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нəтижесінде орын алған жаңа саяси ахуал ықпал етті. 1916 жылғы Ресейдің əскерге елден жігіттерді жинау тура- лы жарлығы шыққанда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов “Қазақ” газетінің 1916 жылғы № 192 санында “Алаштың азаматта- рына” деген атпен өз ойларын халқына ашық айтты. Олар жағдайды талдай келе, əскерге баруды, тыл жұмысын істеуді қолдады. Олай болмаса ел ішіне патшаның жазалаушы əскері шығып, ер-азамат- тарды қырып-жоятындығын болжай білді. Кейінірек Ә.Бөкейханов 1916 жылғы дүрбелеңге арналған “1916-1926” деген мақаласында патша жарлығын мойындамай, ереуілге шыққан қазақтардың қаншасы қырылғанын нақты құжаттармен көрсетіп берді.
Ал 1911-1915 жылдар аралығында Ә. Бөкейханов А.Ф. Керен- скиймен үш мəрте кездесіп (1916 ж. Уақытша Үкіметтің басшысы болған), саяси мəселелерді талқылайды, онымен саяси билікке ие болған жағдайында Ресей құрамындағы Қазақстан автономиясын жасақтау туралы келіссөз жүргізеді.
Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қайраткерлерінің саяси белсен- ділігі арта түсті. 1917 жылы 20 наурызда Уақытша үкімет ресей- лік азаматтардың қандай да бір дінге, ұлтқа қатысты шектеулерін жою туралы саяси шешім шығарды. Сол жылы 7 сəуірде бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығын басқаратын Түркістан коми- тетін құру туралы қаулы шығарды. Комиет құрамына Ә.Бөкейханов, Н.Н. Щепкина, М. Тынышпаев, А.А. Даулетшина т.б. кірді. Осы- лайша, алғаш рет эсерлік-кадеттер партиялық блогына кіретін, көзқарастары үндес қазақ зиялы қауымының өкілдері Қазақстанды басқару органының құрамына кірді. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов жəне М.Шоқаев бірігіп, Петроградтан 1917 жылдың 12 сəуірінде жазған “Алаш ұлына” (Қазақ газеті, 1917. № 87) мақаласында ақпан революциясының идеяларын қолдап, жаңа өзгерістерге

сай қазақ халқына пайдасы тиетін нақты саяси қадамдар жасау қажеттілігін көтереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *