МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ
Қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті бірнеше ұрпақтың арманы болды. Отарлық билік кезіндегі Қазақстан тарихы зорлықшыл саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдермен ерекшеленеді.
Осы орайда, кезінде тəуелсіздігіміз, азаттығымыз үшін күрескен, сондықтан кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандығына айналған, есімдерін осы саяси тəртіп кейінгі ұрпақ санасынан
«тазартуға» күш салған тұлғаларды тарихымызға оралту аса қажет. Сондай ірі қайраткердің жəне ғалымның бірі — Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1938).
Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы мамыр айының 12 жұлдызында Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында дүниеге келеді. Қазір бұл өңір Алматы облысы, Сарқанд ауданы, М.Тынышбаев ауылы (1993 жылдан бастап) деп аталады.
М.Тынышбаевтың əкесі — Әлдекеұлы Тынышбай Лепсі уезінің биі болған. Ол ел ішінде беделді, қайсар мінезді жан болғанға ұқсайды. Азамат соғысы жылдарында, қарт Тынышбай қызылдар қолынан қаза табады. М.Тынышбаевтың анасы Мəдиям да (кейбір естеліктерде Шахизадабану депте көрсетіледі) /1/ өте ақылды, көргенді кісі болған. Ол кісі 1932 жылғы аштықта қайтыс болса керек.
Уездің орталығы -Лепсі қаласы сол кезде, өзінше бір экономикалық-мəдени орталық тəрізді болған. Мұнда үш ме- дресе, үш шіркеу, Михайловтың, Макушкиннің, Ботбаевтың кітап дүкендері, үн тартатын, май шығаратын өндіріс орында- ры, тері илейтін, спирт шығаратын заводтар болған. Кейін Лепсі қалалық екі кластық ерлер училищесі ашылады. Қазақша сауатын ауыл мектебінде ашқан М.Тынышбаев, осы училищені бітірген. М.Тынышбаев аталған училищені бітірген соң, 1890 жылы 14 тамы-
зда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. Оның бұл оқу орнына қабылдануы туралы бірнеше естеліктер бар. Олардың бірінде, бала Мұхамеджанның есеп-қисапқа жүйріктігін кездейсоқ (қой санағы кезінде) байқап қалған уезд бастығының жəрдемі тиген деп айтылады/2/. Ал келесі бір естеліктерде — зерек баланы байқаған ауылдағы дүкеннің иесі-орыс көпесі, оның оқуға баруына тікелей себепші болған деп көрсетеді/3/.
Кеңестік тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партия- лар тарихы тым біржақты, қатаң таптық көзқарас тұрғысынан зерттелгендігі белгілі.
1957 жылы Қазақстан Мемлекеттік баспасынан шыққан
«Қазақ ССР тарихының» I томынан мынадай жолдарды оқимыз:
«Жетісуда Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып Қоныс аудару басқармасының чиновнигі, патшаның отаршылдық саясатын бел- сене жүргізген эсер Шкапский жəне буржуазиялық-ұлтшылдардың басшыларының бірі М.Тынышбаев тағайындалды. Барлық про- грестік жаңа нəрселерден қорыққан, революцияны жек көрген буржуазияшыл-ұлтшылдар ауылда патриархтық-феодалдық қатынастарды сақтауға тырысты. Олар феодалдық жер иелену тəртібін, əйелдерді бұрынғы езілген, күндік қалыпта ұстау тура- лы, реакцияшыл мұсылман дін қызметкерлері үшін артықшылық жағдай жасау туралы жəне сот жұмысымен халық ағарту ісін солардың қолына беру туралы қаулылар қабылдатты.
Орыс халқы мен қазақ халқының жаулары-буржуазияшыл- ұлтшылдар орыс пролетариатына өшпенділікті қоздыру үшін қолдарынан келгеннің бəрін істеп бақты»/4/. Міне, М.Тынышбаев сияқты үлкен қайраткер тұлғаның кеңестік тарихта осылай біржақты қараланған.
Мұхамеджан Тынышбаевтың атқарған қызметтерінің кезеңдері: Алғашқы кезең — 20-жылдардың орта тұсына дейін, мəселені объективті талдауға жəне бағалауға тырысқан əртүрлі еңбектердің жарық көру кезеңі. Екінші кезең — 20-жылдардың соңынан басталып, 80-жылдардың екінші жартысына дейін со- зылатын М.Тынышбаевты біржақты қаралау, жөнсіз айыптау кезеңіндегі еңбектерден тұрады. Үшінші кезең — 80-жылдардың соңынан бастап, «жариялылық» пен «демократия» ұранының ықпалымен тарихи шындықты айтуға талпынған зерттеулердің,
Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық көрген еңбектерге ұласуымен ерекшеленеді.
М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы зертте- улер қатарына, Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөзде жарияланған бірлі-жарым мақалаларды жатқызуға болады. Мəселен, оның идеялас серіктері Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов жөне М.Дулатов шығарған «Қазақ» газеті 1917 жылғы №247 са- нында: «Мұхамеджан Тынышбаев II Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат» деп көрсетіп, оның 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы қызметіне объек- тивті жоғары пікір білдірген болатын. Сол сияқты «Семиреченские ведомости» газеті де Құрылтай Жиналысына депутатыкқа кан- дидат М.Тынышбаевты «1905 жылғы революциялық қозғалысқа араласқан, Жетісу қырғыздары (қазақтары) арасына бостандық пен революция идеяларын үгіттеп таратқан облыстан шыққан тұңғыш қырғыз»/5/ деп сипаттап, одан əрі оның ақпан төңкерісіне дейінгі қоғамдық-саяси қызметіне тоқтала келе, бұл белсенді қызметтің нəтижесі, жандармдық полицияның қайраткерді үнемі бақылауға алуына əкелгенін жазады.
Жазылу мезгілі азамат соғысы аяқталысымен басталып, 20-жыл-дардың ортасына дейінгі аралықты қамтитын еңбектердің (естеліктер, партиялық баспасөздегі мақалалар, арнайы зертте- улер)/6/ бірсыпырасы, кейінгі жылдарға қарағанда біршама объек- тивті жазылған. Мұнда М.Тынышбаев қатысқан қозғалысқа, үкімет билігін қолына алғанына əлі көп уақыт бола қоймаған большевик- тік биліктің жəне осы тəртіпке қызмет етуге шешім қабылдаған ұлт зиялыларынының алғашқы саяси бағалары берілген. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы, əрине, Алаш қозғалысының көрнекті жетекшілерінің бірі — Ахмет Байтұрсыновтың «Революция жəне қырғыздар» атты мақаласы. Мұнда ол, М.Тынышбаев тəрізді пат- ша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған Қазақ интеллигенттері өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді больше- виктік анархиядан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметіне, бұл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне,
бірін-бірі алмастырып, билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай Жиналысы мүшелері ко- митеті (Комуч), адмирал А.В.Колчак үкіметі және т.б.) байла- нысына жəне Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады. Сол сияқты осы қозғалысқа қатысқан А.Кенжин өз мақаласында, Алаш тарихын зерттеуде біржақтылыққа ұрынбауды, яғни осы қозғалыс пайда болған кезеңдегі нақты тарихи жағдайларға жете көңіл бөлудің қажеттігін ескертті. Оның ойынша, сол кездегі қазақ өлкесінің саяси-экономикалық жағдайын жан-жақты зертте- мейінше жəне Алашорданың барлық құжаттарымен, нақтылы қызметімен толықтай таныспайынша, аталмыш мəселе тура- лы пікір тек «жорамал мəнге ғана ие болып», тиісті бағасын ала алмайды. М.Тынышбаев басқарған «Түркістан автономиясын» 20-жылдардың басында Н.Төреқұлов зерттеді. Ол «Т.», «Дервиш» деген бүркеншік есімдермен жазған мақалаларында, Түркістан өлкесінің Ресей империясы құрамындағы тарихына қысқаша тоқтала келіп, ұлттық автономиялық қозғалыс, либералды буржу- азия мен зиялылардың ғана қолдауына сүйеніп, қалың бұқара ара- сында тамыр жаймағандықтан, өмірі ұзаққа бара алмады деген пікір білдірді/7/. Оның автономиялық үкіметті буржуазиялық бағыттағы жəне Кеңестерге қарсы дұшпандық ниеттегі билік деп сипаттаған ойы, кейіннен осы тақырыпқа арналған зерттеулерде, сілтеме жа- салмаса да, оның пікірі негізгі тұжырым ретінде қайталанып отыр- ды. Дегенмен Н.Төреқұлов, М.Тынышбаев басқарған Уақытша үкіметтің алғашқы кезде демократия мəселесіне ерекше көңіл аударғанын, мəселен, Түркістан автономиясындағы Халықтық Кеңестің құрамына жұмысшы жəне диқан өкілдерін кіргізіп, Кеңес үкіметімен қатар өмір сүрудің барлық саяси этикеті мен ере- жесін түгел сақтағанын көрсеткен болатын. Жəне ол, осы ұлттық автономияның Брест-Литва келісіміндегі халықтың өз жолын таңдай алатын пункттеріне сүйеніп, Бүкілодақтық Атқару коми- тетінен өзін өлкенің заңды Үкіметі ретінде мойындауды талап еткенін, бұған Смольныйдың мүлде жауап бермегенін де жазып қалдырды /8/.
«Отаршыл революция (Түркістан тәжірибесі)» атты еңбе- гінде большевиктік зерттеуші Г.Сафаровта Түркістан өлкесіндегі ұлттық қозғалысқа, оған жетекшілік жасаған М.Тынышбаев,
М.Шоқай, М.Қари жəне т.б. қайраткерлердің 1917 жылғы қоғамдық-саяси қызметіне тоқталады. Тарихи таным мектебінің, революцияға дейінгі дəстүрі сақталған бұл зерттеуде, 1905 жылда- ры басталған ұлттық-мəдени Қозғалыстың біртіндеп, татар жəне қазақ зиялылары есерімен саяси прогрессивті — ұлттық сипатқа ие болғаны объективті тарихи процесс ретінде бағаланды. Еңбекте сондай-ақ, революциялық қозғалыстың Түркістан өлкесінде негізі болмағандығы, «ақпан төңкерісінің мұнда телеграф арқылы келгені» туралы шындық айтылған болатын. Г.Сафаров Түркістандағы Кеңес үкіметінің отаршылдық сипатын да дəл көрсете білді.
Алаш қайраткерлеріне 20-жылдардың соңынан бастап төнген қатер жəне сталиндік ойлау жүйесінің «Партия тарихының қысқаша курсы» шыққаннан кейін тарих ғылымында берік орнығуы, Алаш қозғалысын, жалпы Түркістан өлкесіндегі азаттық үшін күрестің тарихын жазудың тағдырын шешті. Енді больше- виктік басылымдарда Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев бастаған қазақ интеллигенциясының бүкіл қызметі реакциялық, бұқара халықтың мүддесіне сатқындық деген тұжырым жасалды/9/.
1933 жылы 8-28 желтоқсан аралығында, Қазақ марксизм-ле- нинизм ғылыми-зерттеу институтында өткен бұл конференция
— қоғамдық-саяси қызметтерін, Қазан төңкерісіне дейін бастаған қазақ интеллигенциясы туралы екі топтың арасындағы қызу айтыс- тартыспен ерекшеленеді. Мысалы, М.Тынышбаевтың қоғамдық- саяси қызметін аяусыз «əшкерелеген» Брайнинге қарсы сөйлеген С.Асфендияров: «Шкапский де, Тынышбаев та 1917 жылы қазақтарға ойран ұйымдастыруы мүмкін емес, мен сол кезде Жеті- суда қызмет істегендіктен, М.Тынышбаевтың қазақтарды қырып- жоймағанын дəлелдей аламын» деп, зал ішінде шу туғызған батыл пікір білдіріп, қазақ зиялыларының қызметін объективті бағалауға шақырған топтың (Мусин, Федоров, Меңдешев) өкілі болды. Бұларға қарсы Алаш қайраткерлерінің қызметіне тек біржақты пікір білдіріп, қазақ халқының тілін білмесе де, түпнұсқа деректер- ді өздері оқығандай «дəлелдер» келтірген, еврей ұлтынан шыққан С.Брайнин мен Ш.Шафироның жетегінде кеткен Ә.Жангелдин, І.Құрамысов бастаған топ тұрды.
Бірақ көп ұзамай, С. Асфандияровта осы соңғы топқа қосылуға мəжбүр болды. Оның 1935 жылы жарық көрген
«Қазақстан тарихы (көне дәуірден бастап)» деп аталатын еңбегіндегі М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметіне жəне та- рихи көзқарасына берген бағасы тоталитарлық жүйе қысымының көрінісі. Мұнда ол, М.Тынышбаевтың 1916 жылғы көтеріліс тұсында ұстанған бағытын «қорқақтық, сатқындық, масқара» — деп сипаттаған болатын. С.Асфендияров, М.Тынышбаевтың қазақ халқының шығу тегін көне замандардан іздеп, географиялық, лингвистикалық деректер негізінде этникалық шекараның көлемділігін дəлелдеуге талпынған ғылыми ізденісіне де қарсы пікір айтқан еді. Бұл пікірді ол, «буржуазияшыл шовинист»,
«ұлтшыл» элементтерге тойтарыс беруім»/10/ деп түсіндірген бола-тын. Осылайша ұзақ жылдар бойы М.Тынышбаев есімі кеңестік тарих ғылымында «буржуазиялық-ұлтшылдықтың»,
«пантюркизмнің» баламасы ретінде ғана жазылып келді/11/. 80-жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы оң өзгерістер жəне 1991 жылы Қазақстанның өз тəуелсіздігін жарияла- уы отандық тарих ғылымына да игі əсерін тигізді. Тарихымыздың
«ақтандақ» беттерін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеген еңбектер жарық көрді/12/.
Енді М.Тынышбаевтың да қоғамдық-саяси қызметіне, жеке өмірінс жаңаша, ұлт мүддесі тұрғысынан қарайтын шынайы жазылған мақалалар шыға бастады/13/. Бұлардың басым көпшілігі, оның 1917 жылғы қоғамдық-саяси қызметіне жəне өміріне, сол сияқты кəсіби қызметіне шолу түрінде жазылған. Қайраткердің са- яси сөздері, қазақ тарихына қатысты еңбектері қайтадан басылып, жүртшылық игілігіне ұсынылды/14/.
Көбісі қазақ тіліне аударылған бұл еңбектер арнайы ғылыми талдау жасалынбай, қазқалпында жарық көргендігін айтсақ, болашақта тынышбаевтануда жəне тарихнамада атқарылар істің күрделілігін меңзейді.
Алаш қозғалысы қайраткерлерін, М.Тынышбаевты еске алу кештерінде қайраткер-ғалымның өмірі мен қызметіне арналған ғылыми баяндамалар оқылды/15/.
М.Тынышбаевтың шығармалар жинағы алғаш рет 1993 жылы жарық көрді/16/. Кітапты құрастырған профессор Ә.С.Тəкенов пен архивист-ғалым Б.Байғалиев, қайраткер-ғалымның өмірі мен
қызметіне қатысты деректер негізінде алғысөз жазып /17/ жəне оның табылған еңбектерін жинақтап, топтама етіп шығарды. М.Тынышбаевқа қатысты жаңа деректермен көптеп толықтыруды қажет ететін бұл еңбек, тынышбаевтанудың алғашқы ізденісі бо- лып табылады.
Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қ. Қойгелдиев
«Алаш қозғалысы» деп аталатын іргелі монографиясында Кеңес үкіметі тұсында барынша бұрмаланған М.Тынышбаевтың Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитеті құрамындағы қызметін, алғаш рет бұрын ғылыми айналымға түспеген соңғы деректер не- гізінде арнайы жəне нақты зерттеп, шынайы да, лайықты баға бер- ді/18/.
Тарих ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым. Академиясының мүше-корреспонденті К.Н. Нұрпейісов XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қызметі туралы байыпты еңбегінде, Алаш қозғалысының басқа қайраткерлерімен бірге М.Тынышбаевтың да қоғамдық-саяси қызметіне тоқталып өткен/19/.
Соңғы жылдары жарық көріп жатқан, қазақ зиялыларының жекелегең өкілдеріне арналған зерттеулерде де жəне олардың өздерінің қайта басылған еңбектерінде де М.Тынышбаевқа қатысты мəліметтер кездеседі/20/. Жазушы Т.Жұртбаев, қазақ зиялыларының бірі — күрделі тағдыр иесі, жазушы М.Әуезовтың істі болу тарихына арналған еңбегінде, Ұлттық Қауіпсіздік Коми- теті Архивіндегі М.Тынышбаевқа қатысты құжаттарды қазақ тілі- не аударып, жариялады/21/.
М.Шоқай “1917 жыл естеліктерінен үзінділер” атты шығар- масында Түркістан комитеті қызметіне, Түркістан автономиясы тарихына тоқталады. Мұнда оның Түркістан комитетінің түркі мүшелерінің бірі -М.Тынышбаевқа қатысты біржақты пікірін, Кеңестер Одағындағы саяси жағдайға жəне онда М.Тынышбаевтың қалуына байланысты жасалған сақтық деп түсінуге болады. Осы орайда оның, М.Тынышбаевты саяси тұлға ретінде емес, кəсіби маман-білгір инженер/22/ деп бағалауы, оны репрессияның қармағынан құтқаруға тырысқан əрекеті болуы ықтимал.
М.Тынышбаевтың тарихи көзқарасына С.Асфандияровтан басқа, одан ертерек Ж.Ақбаев өз пікірін білдірген болатын. Ол
өзінің “Қазақ халқының шығу тегі туралы” тақырыптағы баянда- масында М.Тынышбаевтың “қазақ” этнонимінің шығуы жөніндегі пікірімен келісе отырып, сонымен бірге бұл сөзді мүқият талдау оның белгілі бір мəні мен мағынасы туралы тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді” /23/ деп жазады.
Кеңестік Қазақстан тарихнамасы туралы еңбегінде Г.Ф.Дахшлейгер, М.Тынышбаев пен М.Дулатовтың қазақ халқының шығу тегін, халық болып қалыптасуын өте ерте заманға жатқызғандығын сынайды/24/.
Қазақтан шыққан тұңғыш техника маманы: Оның алғашқы кəсіби қызметі осы Жетісу темір жолымен байланысты. М.Тынышбаев институтты бітірген жылы Турксибтің болашағы болған аталмыш темір жол құрылысын салу үшін шығарылған зерттеу партиясының құрамында болды.
Негізінде, Орынбор-Ташкент темір жолы салынып жатқан кезде де, Түркістан мен Сібірді Жетісу арқылы жалғау туралы ұсыныстар тоқтаған жоқ болатын. Әсіресе 1906 жылы Орынбор- Ташкент темір Жолы салынып болғаннан кейін, Жетісу темір жолы құрылысын бастау туралы өтініштер күшейе түсті. Нəтижесінде, 1905 жылы үкіметтің жаңа жолдар туралы кеңесінде, бұл мəселе арнайы қаралған еді. Сөйтіп кеңес, жол салынатын өңірді, техникалық жəне экономикалық жағынан зерттеу үшін инженер О.Струве басқаруымен арнайы экспедиция құру туралы қаулы қабылдайды.
М.Тынышбаев 1908 жылы 1-тамыздан бастап Ашхабад қаласында Жол қызметі дистанциясы бастығының көмекшісі қызметінде болды. 1911 жылы Урсатьсвск-Әндіжан станциясының темір жол құрылысы бастығы əрі бас инженері болды. Мұнда жүріп ол, Әндіжан темір жолын, Ходжент тас жолын жəне Амуда- риядан өтетін көпір салуға қатысады.
1914 жылдың басынан М.Тынышбаев Жетісу темір жолы құрылысына ауысады. 1917 жылдың күзінде Жетісу темір жолы құрылысын мүлдем тоқтатып тастады.
Кеңес үкіметі жылдарында М.Тынышбаевтың кəсіби қызметі Түркістан республикасында түрлі шаруашылық-техникалық ша- ралар басшысы ретінде белгілі болды. Жаңа билік тұсындағы қызметі туралы, М.Тынышбаевтың өзі жазып қалдырған дерекке
сүйенсек, ол 1920-21 жылдар аралығында Түркістанда темір жол бөліміне, 1922 жылдан Түркістан Республикасы Су шаруашылығы басқармасына, 1924 жылы Ташкентте Жер Суландыру бөліміне, 1925 жылы Қазақстан Республикасының астанасына айналдыруға байланысты, Қызылорда қаласының үй жөндеу жұмыстарына, 1926 жылы Жетісу губерниялық атқару комитетінің Жол бөліміне басшылық етті. 1927 жылдан бастап, Турксиб құрылысында əр түрлі қызметтер атқарды /25/.
М.Тынышбаевтың 1924 жылы 14 қаңтарда Түркістан Экономикалық Кеңесі төрағасына жазған есеп-жазбасы -”Жеті- су темір жолы құрылысының жұмысы” деп аталады. Мұнда құрылыстың салыну тарихы, М.Тынышбаевтың өзінің қызметіде сипатталатындығын тағы да ескертеміз.
М.Тынышбаевтың Қазақстанның Кеңес үкіметі тұсындағы астананың салынуына да үлкен еңбегі сіңгенін деректер көрсетеді. 1925 жылы Қазақстанның жаңа астанасы Қызылорда қаласына ауысатын болды. Бұл мəселеге байланысты үкімет қызу дайындық жүргізеді. Алдымен Қызылорда қаласына астанаға лайықты ке- скін-келбет беру үшін, құрылыс жұмыстарын жан-жақты жүргізу қолға алынады. 1925 жылдың 10-маусымында сол үшін арнайы Құрылыс комитеті құрылған болатын. Оның техникалық бөлімінің бастығына орынбасарлыққа жəне қаланың бас инженерлігіне М.Тынышбаев тағайындалады. 1926 жылдың 1-қаңтарына дейін созылған бұл қызметінде, М.Тынышбаев тікелей жаңа астананың құрылыс жұмыстарын басқарған еді. Ол сондай-ақ Перовск стан- циясынан қалаға дейін темір жол желісін тартуға да бастамашы болды. Қазақ инженері астананы ауыз сумен қамтамасыз етуді де күні бұрын ойластырып, бұл мөселеге байланысты өз ұсынысын қабылдатқан еді. Бұл үшін М.Тынышбаев қаладан 17 шақырым жерден көл тауып, Қызылорданың ортасымен арық, су құбырларын жүргізген болатын. Негізінде, қалаға суды Сырдария мен Амудари- ядан тарту туралы ұсыныс жасалған болатын. Бұған М.Тынышбаев қарсы болып, аса күрделі жұмысты, көп шығынды қажет ететін ұсынысқа келіспеген еді. Сөйтіп ол, осыған байланысты өз ойын дəлелдеп, жоғарыдағы жобасымен қалаға ауыз су тартқан болатын. Ол кездері қала үйлерінің көбісі балшықтан соғылатындығы бел- гілі. Қызылорданың да осындай үйлері, су құбыры жүргізілгеннен
кейін, су сорып, кейбіреулері құлап та қалды. Мұны Голоще- кин М.Тынышбаевтан көрді. Оны қастандықпен əдейі істеді деп айыптап, 2 ай абақтыға жауып тастайды /26/. Қазақтың талай азаматтарының жігерін жасытқан Голощекин, М.Тынышбаевтың да сағын сындыруға тырысқан.
Саяси қуғын-сүргін құрбаны: Сталинизмнің идеологиялық аппаратының, тоталитарлық жүйенің орныға бастауымен бір- ге, ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдері: Алаш парти- ясына мүше болғандарға, өлкедегі саяси-экономикалық қайта құрулардың əдістеріне жəне ұлттық ерекшеліктер мен жергілік- ті халық мүдделерін көзге ілмеген орталықтың озбыр саясаты- на қарсылық білдірген республика басқару органдарының бас- шы қызметкерлеріне (Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, С.Садуақасов, Ж.Сұлтанбеков т.б.) /27/ қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін, 1927-1929 жылдары кең көлемде жүргізіле бастады.
И.Сталиннің 1925 жылдың 29 мамырында Түркістандықтарға “Ақжол” газеті туралы хат жолдауы болды. Қысқаша айтар болсақ, хаттың мазмұны екі мəселені қамтыды. Мұның алғашқысы, И.Сталиннің “Ақжол” газетінде жарық көріп жатқан материал- дардан, бұл кезде шетелде эмиграцияда жүрген М.Шоқаймен идеялық ұқсастықтарды “көруі” болса, екіншісі дұрыс партия- да (большевиктер қатарында) болмаған ұлттық интеллигенци- яны партиялық, қеңестік органдардағы жауапты жұмыстардан аластау, оларды жастарды тəрбиелеуге жібермеу мəселесінің күн тəртібіне қойылуы еді. Сталиннің мұндай көзқарасы Алаш қозғалысына қатысушы ұлттық интеллигенцияға аса жайсыз тиді. Егер, М.Тынышбаевтың кезінде осы қозғалыстың белсенді қайраткерлерінің бірі болып ғана қоймай, Түркістан автономи- ясы басшылығында М.Шоқаймен қызметтес болғанын ескерер болсақ, оның алғашқылардың бірі болып қуғындалары сөзсіз еді. 1928 жылдан бастап идеялық қуғындау, ашықтан-ашық түрмелерге қамауларға ұласты.
Алаш қозғалысы қайраткерлеріне Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4-сəуірдегі жəне 1920 жылғы 15-сəуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да/28/, түрлі əдіспен бүркемеленген қудалау ақыры, осылайша И.Сталиннің тікелей
ұйымдастыруымен “Алашорда ісі” атты тергеу ісіне айналды. Өмір бойы отарлық билікке қарсы күрескен екі ірі тұлға Ахмет Байтұрсынов пен Мұхамеджан Тынышбаев “тобы” деген атпен белгілі болған, бұл зобалаңнан аман қалған зиялы қазақ саусақпен санарлық.
Шын мəнінде кеңестік билікті қабылдамау себептері, ұлттық мүддеге қызмет етуден туындағанын айқын түсіне тұрса да, болы- певиктер М.Тынышбаевқа күдіктенгендерін қоймады.
Бүкіл кеңестік индустрияландырудың алғашқы ұлы жеңіс- терінің бірі — Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылып, бүкіл халық болып осы қуанышты тойлап жатқанда, оның басшысы, не- гізгі салушысы-инженер М. Тынышбаев кенеттен тұтқынға алын- ды /29/.
Алаш қозғалысы қайраткерлері осындай аумалы-төкпелі кезеңнің өзінде де өздерінің халық алдындағы абыройлы мақсаттарын табандылықпен жүзеге асыруға күш салды, жəне мəдениет саласында едəуір елеулі істер тындырды. Маркстік қондырғысыз, бұрынғы “алашорданың” идеологиясының не- гізінде мектепке: Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Байтасов, Жəленов, Омаров Е., Омаров А., Байсейітов Ә, Әділов, Әуезов, Досмұхамедов X., Досмұхамедов Ж., Тынышбаев оқулықтар жазды.
Көпшіліктің алдында лекция оқып, баяндама жасағандар қазақтың мəдениеті мен тарихын, өмірін “Алашорданың” иде- ологиясы тұрғысынан түсіндіргендер: Досмұхамедов X., Еспо- лов, Қашқынбаев, Жұмабаев, Әуезов, Тынышбаев — бұлар Таш- кенттегілер, Орынбордағыларды білмеймін. Қожанов та баян- дама жасаған, Асфендияров пен И.Тоқтыбаев жəне басқалар да араласты.
1932 жылы 20 сөуірде N2370 іс бойынша РКФСР Қылмыс Кодексінің 58/7, 58/11 жəне 58/3 баптарының тармақтарымен айыпталған М.Тынышбаев жазасын өтеу үшін, алғаш 1930 жылдан бастап, бес жыл мерзімге концлагерьге қамауға жіберілсе, кейіннен бұл жаза Ресейдің Орталық Қаратопырақты аймағына (Воронеж қаласына) жер аударумен алмастырылды. Мұндай жазаға сонымен бірге, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, Ж.Күдерин жəне т.б. қайраткерлер де кесілді/30/
М.Тынышбаевтың жер аударылу мерзімі 1935 жылдың жа- зында аяқталады. Ол қуғын-сүргіннің мұнымен тоқтамайтынын жақсы түсінеді. Сондықтан да баласы мен зайыбын Қазақстаннан тыс жерге, Уфа қаласындағы Әмина Ибрагимқызының туыстары- на жібереді. Өзі Батыс Қазақстанның территориясы арқылы Таш- кентке, үлкен қызы Фатанадбануға келеді.
М.Тынышбаев Ташкентте көп болмай, Қандыағаш-Гурьев те- мір жолы құрылысына жұмысқа орналасады. Бірақ денсаулығының нашарлауына (жүрек ауруының асқынып, күре тамырдың ұлғаюы жəне қатты суық тиген) байланысты көп ұзамай, Ташкентке қайтып оралады. Ол мұнда да Ішкі Істер Халық Комиссариатының қармағынан құтылған жоқ. Ауру, əлсіз М.Тынышбаевты үндемес тыңшылар күндіз-түні терсзеден аңдитын болған. Ақыры оны 1937 жылдың 21 қарашасында Өзбек ССР-і Ішкі Істер Халық Комисса- риаты тұтқынға алады. Бұл жолы оған таңылған басты айып 1917 жылы Қоқан қаласындағы Түркістан автономиясын басқарғандығы болды. Осы “күнəні” арқалаған М.Тынышбаев 1938 жылы 20 сəуірде “атылды”. Бұлай көрсетуіміздің себебі, оның өліміне қатысты бірнеше фактілер бар. Мəселен, Дина Мұхамеджанқызы 50-жылдардың бас кезінде Ташкентке іс-сапарға барған кезінде, əкесімен түрмеде бірге болған азербайжан қартын жолықтырады. Тəуіп молда болғаны үшін сотталған, жасы бірталайға келген қарт М.Тынышбаевтың жұқпалы іш ауруынан (дизентерия) көз алдын- да қайтыс болғанын айтады/31/. Ал Дəулет Мұхамеджанұлы, əкесі қайтыс болғаннан кейін де, анасының ресми құжаттардан оның əлі бір жылдай тірі болғандығы туралы мəлімет тапқанын жазған еді. Өмірінен үзік сыр: М.Тынышбаевтың алғашқы зайыбы Гүлбаһрам Шəлімбековадан үш баласы (Ескендір, Фатадан-бану, Динарзада) болды. 1921 жылы Шымкент қаласында тырысқақ ау-
руы жұғып, кенеттен қайтыс болып кетеді.
М.Тынышбаевтың тұңғышы — 1909 жылы туылған Ескендір Тынышбаев Мəскеудегі Кинематография институтын бітірген тұңғыш кинооператор — қазақ. Ол 1934 жылы Воронеждегі əкесі- не барып қайтқаны үшін “Алашорда тапсырмасын орындаушы” деген айыппен 10 жылға сотталып та кетеді. Бүкіл жастық шағы Сталиннің “толып жатқан” халық жауларына арналған лагерь- лер; Д Беломорканалда, Соловкада, Е.Тынышбаев, кейін əкесін
ақтап алуға да көп еңбек сіңіреді. Айдаудан қайтқасын, сүйікті ісіне оралған Ескендір Мұхамеджанұлы республикамыздың еңбегі сіңген артисі атағына ие болып, қазақ киноөнеріндегі ірі тұлғалардың бірі болды. Ол 1995 жылы 1 сəуірде, 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
М.Тынышбаевтың үлкен қызы Фатанад-бану Мұхамеджан- қызы -əкесінің өмірінің ауыр сəттерінде қасында болды. М.Тынышбаев осы қызының қолында тұтқынға алынды. Ол кісі 1993 жылы, Алматы қаласында жалғыз қызы-Назифаның қолында қайтыс болды.
М.Тынышбаевтың екінші қызы — Динарзада Мұхамеджан- қызының жолдасын Кеңес үкіметі екі рет, 1937 жылы жəне 1942 жылы тұтқындады. Жолдасы Айтжан Бутин Ақтөбе лагерінде 10 жылы өткізді.
М.Тынышбаев 1925 жылдары Сəдуақас Шəлімбековтің жесірі
— Әзиза Шəлімбековаға үйленіп, одан бір қыз балалы болады. 1926 жылы дүниеге келген Еңлік Мұхамеджанқызы ағылшын тілінің маманы болады.
М.Тынышбаевтың үшінші зайыбы -өзінің жақын досы, сту- дентгік кезінен бірге жүрген Дəуд Махмудұлы Шейхалидың қарындасы-Әмина Ибрагимқызы болатын. Ол М.Тынышбаевпен Воронежде бірге болды. М.Тынышбаев Әмина Ибрагимқызынан Дəулет есімді бір ұл сүйді. 1931 жылы ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген Дəулет, түрмеде жатқан М.Тынышбаевтың айтуы- мен, нағашысы Шейх-Алидің атына жазылған.
М.Тынышбаев екі дүркін 1958 жылы 28 ақпанда жəне 1970 жылы 27 ақпанда қылмысы болмағандықтан “ақталды”/32/.
Сəкен Сейфуллиннің əйгілі “Таржолтайғақкешу” романындағы М.Тынышбаев пен оның серігі Қоңырқожа Қожықовтың Түркістан автономиясын большевиктер талқандаған соң, жасырынып жүрген кейіптерін “ит қуып сандалған бұралқы қасқырларға” теңеуі дер едік.
М.Тынышбаевтың, жалпы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің, бүгінде қатары жылдан-жылға сиреп бара жатқан үрім-бұтақта- рының саясатқа сенбейтіндігі, үркер, өте сақ болатындығының се- бебі де осыдан екені түсінікті.
Олардың басындағы қасірет, М.Тынышбаев жəне оның серік- тері туралы шындық тұмшалаулы күйінде Қазақстан тəуелсіздік алғанға дейін сақталып келді. Осылайша, И.Сталиннің тұсында саяси қуғын-сүргін құрбаны болған М.Тынышбаев, Компартияның кейінгі Бас хатшылары тұсында рухани тұрғыдан қудалау құрбаны болды.
Тоталитарлық жүйенің 20 жылдардың ішіндегі жеңілістерінің бəрі М.Тынышбаев тəрізді “тап жауларының”, “қазақ еңбекші- лерінің қас дұшпандарының”, тонын теріс айналдырған зиян- кестердің – Алаш қозғалысына қатысушы “буржуазиялық ұлтшылдардың” кінəсінен деп түсіндірілді. Мұндай біржақты идеологиялық көзқарас ұлттық апатқа — саяси репрессияның қанды шеңгелінің Алаш қайраткерлерін түгелдей үрім-бұтақтарымен, туған-туысқандарымен қоса құртып жіберуге, жəне қуғын-сүргінге ұшыратуға алып келді. Сөйтіп, 80 -жылдардың соңына дейін Алаш деген атаудан шошына үріккен, тыжырынған ұрпақ қалыптасты
Мұхамеджан Тынышбаевқа жəне оның серіктеріне жабылған саяси жаланың арсыздығын бүгінгі тарих дəлелдеп берді, енді оларды қалай ардақтаймыз жəне қастерлейміз десекте жол ашық. Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі жүргізіп отырған саяса- тын, М.Тынышбаев тəрізді қайраткерлік қызметі ұрпаққа өнегелі бабаларымыздың, ерлік ісінің занды жалғасы деуге де толық негіз бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Тақаров Б. Мектептегі А. — М.Тынышбаев. Отарбадай ағып өткен ғұмыр.// Ана тілі-1992.-9 сəуір.
- Бутина- Тынышбаева Д. Әкем туралы естеліктер б.2
- Тынышбаев М. История казахского народа б.-34-35.
- Қазақ ССР тарихы. — Алматы: Қазақстан Мемлекеттік бас- пасы,1957. — Т. — 340 б.
- Егемен Қазақстан 200ж 15 қаңтар.
- Қазақ тарихы 2000ж №1 49-53б
- Коммунистическая мысыль кн.№2 с 41
- Турекулов Н. Кокандская автономия. / Сборник к 3-ей го- дов-щине Октябрьской революции в. Туркестане. — Ташкент, — 1920. — 150 б./62-63/.
- Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. / Шығармалар жинағы.
— Алматы: Жазушы, 1988. -Т. 4. — 448 б
- Асфендияров С.Д. История Казахстана /с древнейших вре- мен/, 2-ое изд. /под ред. проф. А.С.Такенова. — Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. — 304 6. /11/.
- Қазақ ССР тарихы 2-ші басылым. А, 1949ж 510б. История Узбекской ССР. — Ташкент: Фан, 1957. — 260 б.
- Ахмедов Ғ. Алаш “Алаш” болғанда Естеліктер мен та- рихи деректер. — Алматы: Жалын, 1996.-224 б.;. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? — Алматы: Ана тілі, 1993.-203б.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- Алматы: Қазақ университеті,1992.-272б
- Тəкенов Ә.С. Тынышбаевтың екінші ұлы табылды/ Бел- гілі қазақ қайраткері, инженер əрі тарихшы М.Тынышбаевтың ұлы Дəулет Тынышбаев туралы// Түркістан.- 1996.- 28-ақпан; Қойгелдиев М., Құлмақанова Л. Мұхамеджан Тынышбаев жəне қырғыз трагедиясы.//Ақиқат.- 1996.- N5. -б.85-90.
- Тынышбаев М. Ұлы мəртебелі мырзаға//Қазақ əдебиеті.- 1990.-26-қазан; Сонікі. Қазақ руларының шежіресі//Ана тілі.- 1990.-26-шілде; Сонікі. 17-18-ғасырлардағы қазақтар// Қазақстан коммунисі.- 1990.-№11; Тынышбаев М. Қазақ даласындағы көшпелі халықтың мұқтаждарына орай//Дала дидары.- 1992.- 3-9-шілде;
- М.Тынышбаевты еске алу кеші //Қазақ əдебиеті.-1997-21- мамыр; М.Тынышбаевты еске алу. //Егемен Қазақстан.- 1997.-28 мамыр; М.Тынышбаевты еске алу. //Жас Алаш.- 1997.- 22 мамыр; Қойгелдиев М. Өткінші шаралардан сақтанайық//Қазақ тарихы.- 1998.- №3.-б.28-31.
- Тынышбаев М. История казахского народа.- Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993.- 224 б.
- Такенов А.С., Байгалиев Б. Инженер и историк (о М.Тыныпшаеве) //История казахского народа.- Б.3-14.
- Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, — б.264-292.
- Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. -Алматы: Ататек, — 256 б.