АЛАШ МИЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Алаш əскерін құруға маңыз берудің себептері.
- Алаш əскерінің азаматтық қарсылық қызметі.
- Алаш əскерін құруға маңыз берудің себептері.
Алаш қозғалысы XX ғасырдың басында империялыстік жүйенің шырқау шегіне жеткен кезімен тұспа — тұс келді. Бұл кезде, Ресей патшалығының отарлық саясатына қарсы наразылықтар, ескі феодалқық жүйе мен қазақ халқына жасалған көптеген қиянаттар қазақ халқының күрес жолына жаңа серпіліс берді. Оның алдын- да 18-19 ғасырларда қазақ халқының күрес жолы Сырым Датұлы, Махамбет пен Исатай көтерілісі, Кенесары Қасымұлы жəне т. б. бастаған ұлт-азаттық көтерілістер түрінде болса, енді XX ғасырда қазақ халқының наразылығы қазақ зиялыларының қозғалысымен ерекшеленеді. Олардың топ басында көрнекті қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы жəне т. Б. тұрды.Әлихан Бөкейханның Абылай атасынан қалған
«білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген за- манда, қапыда қалып жүрмелік» деген өсиет сөзін білмеуі мүмкін емес еді. Сол үшін енді олар өз наразылықтарын ашық көтеріліс түрінде емес, петициялар, мемлекеттік думаға қабылдану, га- зет шығару арқылы көрсете бастады. Алаш қайраткерлерінің ең маңызды іс əрекеті- халықтың қамы үшін демократияға не- гізделген мемлекет құруға, яғни автономия құруға əрекеттенуімен сипатталады. Сол үшін Алаш қайраткерлері бірінші кезекте Ақпан төңкерісінен кейін, яғни 1917 жылы шілденің 21-інен 26-сына дейін Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезінде «қазақтар үшін» саяси партия құру туралы мəселені талқылады. Сол үшін 10 бөлімнен тұратын «Алаш партиясы бағдарламасы жобасын» жасады. Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылымы тілімен айтқанда «Мемлекеттік құрылым» мағынасын білдіреді.Онда: «Россия демократическая федератив- ная республика болады»- деп, болашақ қазақ мемлекетінің Ресей
құрамында болып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дəрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, «Алаш» партиясының бағдарламасында, дəл қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүдде де «ынтымағы бір», ал ішкі — сыртқы саясатта тең құқықтық дəрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген. Бірақ, сол дербестікке қол жеткізу үшін, оны ұстап тұру үшін, əскер қажет екені белгілі.
Әлихан Бөкейхан: «Қазақтың-Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс. Егер де, біз теңдікке қол жеткізгіміз келсе, онда қазірден бастап тереңдеп ойламасақ болмайды. Бүгін не ексек, ертең соны ора- мыз», — дегенінің өзі қазақтың бостандығы жолындағы қадам де- сек болады.[2;57]
Алаш əскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпықазақ съезін- де көтерілген, бірақ ондағы «… анархия болу қаупі бар, сол себепті осы күнгі əскер орнына халық милициясы құрылсын» -делінген.
[4] Бірақ, осы кезде Алашорда үкімет ретінде емес, партия ретінде қызмет атқарғаны белгілі. Автономия жариялаған күннің өзінде де тəуелсіз мемлекет болмағандықтан өз əскерін құра алмайтын еді. Осы мəселені шешу үшін, Алаш қайраткерлері милиция құруға мүдделі болды.[9]
Халел Ғаббасов: «мемлекет қазір басынан үлкен күйзелістерді кешіріп отыр: жаппай құлдырау мен анархия өріс алып, кісі өлімі көбейді. Бұл анархияның зардабы қазақ облыстарына тарау қаупі төнді. Қалыптасқан төтенше жағдайға — арпалысқан анархияға қазақ халқы енжар қарай алмайды. Бұл анархия қазақ облыста- рында бұрқ ете қалса, ешқандай қорғанышы жоқ қазақ халқының мүлдем құрып кетуі мүмкін. Сондықтан да аласұрып, төніп келе жатқан анархиядан ел-жұртты аман сақтау үшін, халық жасағын құру керек», — деп ұсыныс жасады».[7]
Милиция құрудың маңызын Қазақ газетінің №259 санында:
«Милициямызды жасамай, жайылып, шашылып отыра берсек,жаз болысымен жер тақырыпты талай шатақ шығатыны шексіз. Сонда мұжықты қазақ ақылмен тоқтата алмас, ебімен тоқтатар. Сол ебін милицияболар. Қазақ милициясы бар деген соң, қазақты басынып, басып көктеп іс қылудан, кімде болса, тартынар». [1; 72]Өйткені, Кеңес Нұрпейісовтың көрсеткеніндей Ақпан төңкерісі қарсаңында
қазақтың 40 миллион десятина, яғни жеріміздің 23 пайызы орыс қоныстанушыларына берілгені белгілі. Ақпан төңкерісінен кейін де Уақытша үкімет Ресейдегі шаруалардың жер мəселесін шеше алмағаны белгілі. Бұл ұлт зиялыларының жеріміздің тұтастығын сақтауға байланысты қызметі. Осыдан ақ қазақ милициясын құруға деген талпыныс неден туындағанын байқауға болады.
- Алаш əскерінің азаматтық қарсылық қызметі.
Алаш қайраткерлерінің II жалпықазақ сьезінде айтқан бағдарлама жобасының VI бөлімі қорғаныс мəселесіне арнала- ды. Қорғаныс бөлімінде: «Тұрақты əскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлер- де жүргізілуге тиіс. Қырғыздар əскери қызметті атты милиция қатарында атқаруға міндетті.
1918 жылдың 8 маусымында Ә.Бөкейханның басшылығымен өткен Кеңес қаулысында көрсетілгендей, «біріншіден, милиция ке- рек; екіншіден, милиция атты болады; үшіншіден, милицияға жігіт беру міндетті емес, ұлт үшін тіленіп жазылғандар кім болса мін- детті қылып алу; төртіншіден, милицияға керек ат, ақша жұрттан салықпен алынсын, байдан байша, кедейден кедейше; бесіншіден, қанша ат, қанша ақша жинау еркі Облыстық Комитетке берілетін болды».[4]
1918 ж 11 июньдегі Алашорда қаулысында: « Алашорданың қасында үш кісіден тұратын əскер кеңесі құрылсын. Ол кеңестің қызметі соғыс министрлігіндей болады. Алашорданың облыстық, уездік əскери кеңестері ашылсын. Әскери кеңес көпшілікпен соғысу үшін жігіт шақырсын. [1;296] Соғыс министрлігі дегеніміз қазіргі Қазақстандағы қорғаныс министрлігі іспеттес. Олардың жер-жерлерде бөлімдерін ашуды, сол арқылы əскер жасақтауды көздеді.
Екінші жалпықазақ сьездінің қаулысына сай Алаш Орданың облыстық жəне уездік кеңесі құрылады, ол аз мөлшерде 3 адам- нан, ең көбі 5 адамнан тұрады. Олардың бірі милиция құрумен, екіншісі ақша жинаумен айналысады. Әр болыстан ерікті түрде атты милицияға 30 адам алынады. Әрбір болыс милицияны ат- пен қамтамасыз етуге міндетті болды. Милицияға адам жинау 3 аптада аяқталуы тиіс. 189 Милиция құру үшін арнайы салық жи-
наумен айналысатын бөлімінің болуы əскердің өміршеңдігі үшін қажет болды, əр болыстың əскерді атпен қамтамасыз етуі əскерге ат мұқтаждығы тумауына мүмкіндік береді.
Қазақ жерінде бұрын-соңды ұлттық милиция болмағаны белгілі.Бастысы- Алаш қайраткерлерінің милицияны құру, оны үйрету мəселесін қалай шешпек болғандығында. Олар қазақ əскерін дайындау үшін казақтарга жүгінгенін мына құжат дəлелдейді: «Біздің милициямыз атты болмақ. Атты милиция атты казактарша атпен шауып ұрысу ғылымын үйрену керек, яғни атты казактарша үйрену керек». Патша үкіметі Орал, Сібір, Жеті- су, Орынбор казактарын қазақ жеріндегі отарлау аппараты ретін- де пайдаланғаны белгілі. «Атты қазақтарша үйретуге һəм 20-25 кісіге бір адам керек болады екен. Оны инструктор деп атайды. Біз расход жағын жеңілдету оймен 50 кісіге бір инструктор, 100 кісіге бір офицер алу керек деп есептедік. Сонда Алашордасына қараған қазақтан жиылатын 13500 милицияны үйретуге 135 офи- цер, 270 инструктор керек. Бұл офицерлер мен инструкторлар- ды атты казактардан басқа алатын жеріміз жоқ». Осыдан-ақ біз зиялыларымыздың отарлау үшін құрылған казачествоны қазақ милициясын құруға қалай тиімді пайдаланғанын көруімізге бо- лады. 1;54Бірақ Тасбулатовтың «Қазақстанның əскери тари- хы» кітабында Алаш Орда əскері 20000 адамды құрайды деп көрсетілген. Соны ұстап тұру үшін əр ауладан 100 рубль қаржы салық салынды. [3, 60] Осы кезде Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облысында көптеген казак қоныстары болды.
Сонымен қатар, Алаш қайраткерлері милиция дайындай- тын мамандарды, офицерлерді дайындау үшін, қазақ жігіттерін Орынбордағы «Юнкер мектебіне» оқуға жіберіп, кейін солар арқылы қазақ милициясын үйрететін мамандар дайындап шығуға тырысты. Қазақ газетінің № 257 санында: «Милициямызды үйретуге өзімізде жоқ болған атты казак офицерлерін алайық деп отырмыз. Сол офицерлер өзімізден болу үшін жоғарыда айтылған офицер болып шығатын Орынбордағы юнкерский школаға жаста- рымызды оқыту керек. Жайшылықта 4 жыл оқып, офицер болып шықса, соғыс уақытында 4 ай оқып шығатын болған. Бір алғанда 24 кісі алады. Олар 4 ай оқып шыққан соң тағы 24 алады. Сөйтіп, 1 жылда 72 кісіні оқытып, офицер етіп шығарып алуға болады. Бұл автономия жолына аяқ басуымыздың алғышарты».
Алаш қайраткерлері милиция құру үшін Юнкер мектебіне қазақ жігіттерін жинамақ болды. Алғашқы 24 адам 1918 жылы 1 ақпаннан бастап оқуын бастамақ еді. Сол үшін аз дегенде 30 мың сом қаржы қажет болды. 73
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай егер 1 жылда 72 қазақ офи- церін дайындап шықса, сол 72 қазақ офицері олар жылда 4 айдан оқытқан күннің өзінде қазақтың 21 мың адамын əскери маман етіп шығарар еді. Милицияға адам алу ісі екі түрлі. Милицияға ерікті түрде, денсаулығы жарамды адам келсе тиісті ақы беріп, волост- ной управалар жалдап алады. Егер де жалдануға кісі шықпаса, ондаауылға қараған елдің ішіндегі жасы 20 мен 35 арасындағы жігіттер əскерге шақырылады. [1; 82]
Ж. Досмұхамедұлы қазақ əскери топтарының ішінде адалдыққа көп мəн берді, сол үшін нұсқауда: əскерге жұмылдыру кезінде жігіттердің адал пиғылда екенін лауазымды адамдар мен беделді ақсақалдар арқылы анықтау керек; жұмылдыруға сотта қылмысы дəлелденген жəне тергеудегі жігіттер алынбайды. [6; 167]
Бірақ, Алаш қайраткерлері өз территориясын қорғап тұруға бұл əрекеттердің жеткіліксіз екенін түсінді, өйткені оларда жеткілікті əскер жəне қару-жарақ болмады. Азамат соғысы жылдарында Ан- танта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылғаны белгілі. Солардың қатарында Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметі, 1918 жылы маусымда Самарада құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің Комитеті (Комуч) жəне 1918 жылы қыркүйекте құрылған Уфа директориясы («Уақытша Бүкілресейлік үкімет»). Жоғарыдағы үкіметтер Антантаның жəрдемімен құрылса, Алашорда үкіметі өз күшімен құрылды жəне жоғары күшке ие болмағандықтан, тəуелсіздікті ұстап тұру үшін солармен бірігуге тура келді.
Алаш Орданың уақытша сібір үкіметімен əріптестік жөніндегі хаттамасына сай қазақ əскерінің міндеттеріне:
Қазақ əскері Сібір автономиялық əскерімен бірге Сібірдің жəне Алаш территориясын қорғайды немесе Сібір жəне Алаш автономиясының қатысуымен құрылған бүкілресейлік билікті қорғауға міндетті.
Ұлттық Қазақ армиясы территориялық жүйеде құрылады. Қазақ армиясы біріккен федералды əскер құрылғанға дейін,
Сібір əскерінің жоспары бойынша құрылады, басқарылады жəне
оқытылу мен қамтамасыз етілу мəселелері де қаралады, бірақ, қазақ халқының өмір сүру ерекшеліктері Алаш Орданың Уақытша сібір үкіметінің əскери министрімен келісімі арқылы реттеледі.
Сібір үкіметі Алаш Орданың қолдауымен Қазақ əскерін қару-жарақпен, əскери инструкторлармен жəне басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.
Қазақ əскері құрылуының алғышарттары:
Басқару қызметінде əскери шені, жасы, ұлты есепке алынбай- ды, тек біліміне, қабілетіне жəне тəжірибесіне қарай алынады;
Әскерде қандай да бір комитеттердің болуына жол берілмейді; Қатаң тəртіп, басшының еркіне толық бағынады;
Қазақ əскерінің жоғары басшысы жəне жеке қырғыз əскери бөлімдерінің командирлері Сібір əскері жəне Алаш Орданың үкіметінің келісімі негізінде тағайындалады.[1; 218-219]
Бірақ, Сібірүкіметі«Алашордамилициясын Ішкі істерминистр- лігінің қарамағына алу туралы» шығарған шешімін қабылдамай та- стайды, ал Р. Мəрсеков Сібір үкіметінің бұл бассыздығын уақытша өкіметтің жоғарғы басшыларына хабарлайды жəне Сібір үкіметіне мұндай шешімді қабылдамаған жағдайда оларға бағынудан бас тартатындығын мəлімдейді. Соның нəтижесінде, Сібір үкіметінің
«Қалалық жəне земство басқаруындағы милицияны ішкі істер министрлігінің қарамағына алу» турасында жарлық шығады.
- Алаш əскерінің азаматтық қарсылық қызметі.
Ташкент темір жолы маңындағы əскери жағдай, яғни, «Орын- бор кептелісі» Алаш Орда үкіметінің Ә.Бөкейхан бастаған үлкен тобын Семейге шегінуге мəжбүр етті, ал қалғандары оңтүстікке, Орал облысына жылжыды. Кейін Алаш Орданың осы бөлігі Батыс Алаш Орда деп аталды. Батыс бөлімінің билік басында Жаханша жəне Халел Досмұхамедовтер тұрды.
Батыс Алаш Орда елшілігі Москваға Қазақ өлкесінің автоно- миясын мойындау талабымен барды. Елшілік келісімге келе алмай, Оралға оралды. Осыдан кейін, алашордашылар Жанбейітте жина- лып, өзінің үкіметін құрды жəне Орал облысының қазақтарынан əскер жасақтады. Алаш Орда Орал үкіметімен келісімге келді. Келісім бойынша: біріншіден, Алаш Орда үкіметі кеңес əскері
-казак əскерін өз территориясынан қуса, оларға қазақ жерін-
де бас сауғалауға мүмкіндік береді; екіншіден, қазақ əскерлері казактардың əскери майданына араласпайды, тек өз территори- ясын ғана қорғайды; үшіншіден, казактар даланың ішкі өміріне араласпайды жəне Алаш Орда үкіметіне əскери қару-жарақпен қамтамасыз етеді. [3; 61]
1918 ж. Чехословактар Самараны алды, содан Алаш Орда үкіметі Самараға делегация жіберді, олар Құралтай жиналысының Қазақ өлкесінің автономиясын ресми мойындауына қол жет- кізді жəне 1000 адамға қару-жарақ пен сайман алды, екі милли- он рубль ақша алып, оның жарты миллионын Шығыс Алаш Орда жəне жарты миллионын Батыс Алаш Орда алды. Осы қаражатқа кавалериялық əскери топтар жасақталды.
1918 жылдың басында Қызыл əскерден ығысқан казактар Орал қазақтарынан көмек сұрады. Алаш Орда үкіметі жігіттердің тек өз жерін күзету үшін жасақталғанын айтып, сол себепті казак майда- нына қатысудан бас тартты. [3; 61]
Осыдан кейін үкіметке Жанбейіт гарнизонының жігіттері көмекке келді жəне казактартың талаптарына қарсылық білдірді, осыдан кейін казактар қазақтарға қысым көрсетуді доғарды. Алаш Орда үкіметі жасақтаған кавалерия үш ұңғылы кавалериялық винтовкалармен жəне қылышпен қаруланды, ал атты-пулемет- ті команданың басқарушы бөлігі револьвер жəне қылыщпен қаруланды.
1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бүлігі ба- сталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды. Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі кару-жарақ, Англия 200 мыңдай əскерге қару-жарақ жəне киім берді. 1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.[5]
1918 жылы 31мамырда чехтар Петропавл, Қостанай, со- сын Түркістанды басып алды. Осылай қазақ жерінің бір бөлігі ақгвардияшылар мен чехтардың қолында болды. Үржар жерінде, Семей облысында қанды соғыстар болды. Үржарда ақгвардияшыларға қарсы күресті Отыншы Әлжанов жүргізді. Осы қақтығыстың нəтижесінде ұлтының отансүйгіш перзенті
Отыншы Әлжанов қаза тапты. Міржақып Дулатов: «Ол өз халқын қиындықта тастамаймын деген сөзінде тұрды». [10; 131]
Батыс Алаш Орданың басшысы ретінде Ж. Досмұхамедов Қызыл əскермен қақтығысқа бармады, казактар мен ақгвардияшыларға қандай да көмек беруден бас тартты, оның мақсаты ұлттық армияны сақтап қалу болды.
Батыс Алаш Орданың қолында маңызды күші болды, Омбыдағы 1918ж. 18 қарашадағы төңкерістен кейін, А. В. Кол- чак құрған Уақытша Бүкілресейлік үкіметі Алаш Орданы тарату жөнінде шешім қабылдады. Бірақ, Ж. Досмұхамедов бұл шешімге бағынбады, өзіне тапсырған Алаш Орданы жойылудан сақтады. Өлкедегі күрделі саяси жəне экономикалық жағдайды ескеріп, ол бұл тығырықтан шығуға талпынды, бір жағынан, мүмкін болғанша антибольшивиктік күштермен келіссөздер жасады, екінші жағынан уақытша кеңес өкіметін мойындады, бұлай істеудегі негізгі идеясы ұлттық автономия құру болды. [6;163]
Б. Анненковтің казактары 1918 жылы Солтүстік Жетісудағы Лепсі уезінің Подгорное ауылында 250 адамды өлтірген. Мұның барлығы Қазақстан шаруаларының ақ гвардияшыларға қарсы ұйымдастырылған партизан соғысына шығуына себеп болды.[5]
1919 жылы жаздың соңында Орал фронтының бір бөлігі қазақ террриториясына жылжыды. Орал казақ əскерінің басшылары, өз əскерінің қажеттіліктерін қазақ ауылдары есебінен өтеуге тырысты. Халықты казактардың озбырлығынан қорғау үшін алаш əскерлері шықты. Осы кезде Жамбейітте казактарға қарсы көтеріліс болып, қарсы шыққан жігіттер казактардың қоршауында қалып, қырып та- сталды. Осыдан кейін алашордашылар 1919 жылы 27 желтоқсанда казактарға ашық қарсы шықты. Казактар қазақ жерінен қуылып тасталды. [3; 62]
Қорытынды:
Алаш қайраткерлері ұлттық автономия жолында басын бəйгеге тіккен, өмір мен өлімнің ортасында жүріп, Антантаға сүйенген қуатты ақгвардияшылармен жəне большевиктермен келісімдер жа- сай отырып, қазақ даласын қырғыннан аман алып қалған қызметімен ерекшеленеді. Бірақ, соғыстың аты -соғыс, құрбансыз болмайды. Тəуелсіздік жолында мерт болған Қазы, Отыншы жəне т. б. еңбегі
ұлттық патриотизмнің өшпес рухы. Жаханша Досмұхамедов қазақ əскерін большевиктер мен ақгвардияшылардың соғысына арала- стырмай, Алаш Орданы Колчак үкіметі таратса да, оған бағынбай, қазақ автономиясының өмір сүруіне сүбелі еңбек еткені үшін, оның қазақ мемлекеттігі алдындағы еңбегінің орны айрықша. «Әскерді милиция ретінде құру -Алаш қайраткерлерінің озық идеясы» деп айтуға болады. Сол үшін біз Алаш қайраткерлерінің қызметін əлемдік деңгейде дəріптеп, оларды жастардың патриоттық сезімін арттыруға пайдалансақ, мектепте оқытылатын валеология жəне өзін-өзі тану пəндерінен қарағанда əлдеқайда тиімді болар еді!
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Алаш қозғалысы/ Құжаттар мен материалдар жинағы. Ал- маты, Алаш, Т 2, 2005, 496 б.
- Жұртбай Т. Ұлт тұтастығының ұйытқылары немесе Әлихан Бөкейханов жəне біртұтас Алаш идеясы// Ақиқат, 2012,
№6, 53-57 б.
- Тасбулатов А, Аманжолов К. Военная история Казахстана: Очерки. –Алматы: Рауан, 1998, 178 б.
- Алаш əскерінің құрылуы мен қызметі хақында http://i-news.
kz
- 1917 жылыРесейдегі Қазан революциясы жəне Қазақстанда
кеңестік биліктің орнауы. ucoz.kz
- «Асыл тұлға»: (Жанша-Жаханша Досмұхамедұлы туралы). Алматы: «Жаухар» баспасы, 2012, 360 б.
- Тұрсын Жұртбай. «Ұраным — Алаш!..» (жалғасы). http://old.kz/
- Нұрпейісов. К. Алаш һəм Алашорда, А.,
- Алаш Азаматы (Алаш қайраткері Райымжан Мəрсеков хақында) http://alash-orda.kz
- Беркут Алаш Орды. Алматы, Фонд Алтынбек Сарсекбайұлы, 2008, 180 с.