«АЛАШ ОРДА» — САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАМАНАУИ ҮНДЕСТІГІ»

«АЛАШ ОРДА» — САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАМАНАУИ ҮНДЕСТІГІ»

 

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметіне деген көзқарас ХХ ғасырдағы қазақ қоғамдық ойы үшін ең азапты құбылыстардың бірі болды десек, шындыққа қайшы келмейміз. Өмірге келгеніне 97 жыл толып, өктем зорлықпен тиым салынып, жабылғанына

80 жылдай болған осынау қозғалысқа байланысты саяси жəне теориялық мəселе өз зəрулігін бүгін де жойған жоқ, қайта уақыт талабына сəйкес, жаңа мəнге ие болып отыр. Қазіргі ХХI ғасырда, тарих қойнауында қалған сол бір саяси қозғалыстың егжей – те- гжейін анықтауды өзімізге міндет санап, оның көшбастаушы қайраткерлерінің өмір жолын, көзқарасы мен ұстанған бағытын асқан ықыласпен тағы да ой талқысынан өткізудеміз.

Оның мынадай себептері бар. Біріншіден, Алаш қозғалысы бүгінде қайта жаңғыруды бастан кешіріп отырған ұлттық сана – сезіміміздің, қоғамдық түсінік – түйсігіміздің қайнар бастауын- да тұрған, осы қасиеттердің жетіліп, дамуына тікелей ықпалы болған құбылыстардың бірі. Оның өмірге келуі отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жинақталып келген жəне əбден пісіп жетілген наразылығының, ішкі жанайқайының сыртқа шығуының көрінісі болды. Ол қазақ тарихында тұңғыш рет қалың бұқара санасында «Бостандық, Теңдік, Туысқандық» деген мəңгілік ұғымдардың ұрығын шашты, оларды естіген халық еңсесін көтерді, қараңғылық пен тəуелділіктің түнегінен азаттықтың таңына қол созды.

Алаш қозғалысының халық жадында қайта жаңғыруының келесі, екінші себебі ол күн тəртібіне қойған негізгі қоғамдық міндетке – ХVIII ғасырда ыдырауға ұшыраған қазақ ұлттық мем- лекетін жаңа заман талабына сай жаңа сапада қайтадан құру мін- детіне байланысты. Алаш зиялыларының ортақ түсінігі бойынша, отарлық езгі жағдайында аяқ асты болып келген ұлттық мүддені

 

қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің əлем халықтарымен бір- ге үдемелі прогресшіл дамуын қаматамасыз ете алатын ең негізгі фактор – ол ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.

1917 жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен екінші жалпықазақ съезі Қазақ тарихы үшін маңызды оқиға саналады. Дəл осы съезде ұлттық Алаш мемлекетін орнату мақсатымен “Алаш Орда” уақытша ұлттық кеңесі – жаңа үкімет құру тура-  лы шешім қабылдаған болатын. Бұл тарихта Қазақ хандығынан кейін құрылған екінші мемлекет болды. Алаш басшыларының ұлттық мемлекет құру ісіне біржола бет бұрғанын, оны алдымен Ұлттық Кеңес аталатын үкімет пен ұлттық əскер құрудан бастауға тоқтағанын байқаймыз[1,4-б]. Ұлттық мемлекеттің ең негізгі құжаты – Конституция. Алаш Орда үкіметінің Конституциясын алмастырған ол – Алаш партиясының бағдарламасы болатын.

«Алаш» партиясының бағдарламасын дайындағандар заң ісіне өте жетік жəне мемлекет құрылысы ісінен хабары мол адамдар болатын. Олар: Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев жəне Х.Досмұхамедовтар болатын. Олар Алаш автономиясының мемле- кеттілік институттарын айқындауда да басты рөл атқарды[2,3-б]. Егер, ақиқатын айтар болсақ, бұл бағдарламаның жобасы ғана  еді. Жоба болғанына қарамастан, Алаш бағдарламасы ХХ ғасыр басындағы дүние жүзінің ең дамыған елдерінің демократиялық, құқықтық принциптеріне толық жауап бере алатын еді[3,5 б.].

Бағдарлама 10 баптан тұрады. Ол: «Россия демократиялық фе- деративтік республика болуы тиіс. Федеративтік республикадағы əрбір дербес мемлекет автономиялы жəне бірден құқық пен мүдделі бола тұрып, өзін өзі басқарады. Үкіметті Құрылтай жина- лысы мен Мемлекеттік Дума алдында жауап беретін Министрлер кеңесі арқылы басқарады. Заң билігі үкіметті бақылау құқы бар Мемлекеттік Думаның қолына шоғырланған. Азаматтардың бəрі бірдей шығу тегі, діні, жынысына қарамастан сайлау құқымен пай- даланады. Депутаттарды сайлау төте, тең жəне құпия дауыс беру- мен өткізіледі»[4,3 б.], — деген баппен ашылады.

Егер Алаш бағдарламасын дүние жүзі елдерінің ең демократи- ялы елі саналатын АҚШ Конституциясымен салыстырар болсақ, төмендегідей жəйтті аңғаруға болады. Алашта да, АҚШ – та да президент əрі мемлекет, əрі үкімет басшысы болып табылады.

 

АҚШ Конституциясында заң билігі толықтай – Конгрестің, ал, Алашта Конгрес функциясын атқарушы Мемлекеттік Думаның құзіретіне шоғырланған. Атқарушы билік екі салыстыру объек- тілерінде де үкіметке (АҚШ – та Министрлер кабинеті,  Алашта

– Министрлер Кеңесі -Б.Н.) берілген. АҚШ Конституциясының ең басты жетістігі – оның үш саяси – құқықтық принцип негізін- де жүзеге асуы. Олар билік бөлісу принципі, федерализм жəне сот – конституциялық бақылау. Алаш бағдарламасында осы үш принциптің үшеуі де көрініс тапқан. Егер мұның алғашқысы бірінші баптан айқын аңғарылса, федерализм екінші баптан анық көрінеді. Онда «Қазақ автономиясы өзге ұлыстармен тең дəрежеде Россия Федерациясы құрамына кіретін облыстардан тұрады. Қазіргі земстволардың барлығы осы күйінде сақталады», — деген қағидалар бар[4,3 б.]. Біріншіден, бұл АҚШ Конституциясындағы штаттардың егемендігі туралы ережемен, сондай – ақ қазіргі Герма- ния Конституциясындағы Федералды жер туралы принциптермен үндеседі. Екіншіден, Алаш бағдарламасы Ресей Федерациясының территориялық                емес,  ұлттық,           ұлыстық                     құрылымдардан тұратындығына ерекше назар аударады. Бұл оның артықшылығы. Алаш бағдарламасының үшінші бабында: «Россия Федераци- ясында тең праволық, жеке бастың азаткерлігі, сөз, баспасөз, одақ бостандығы қамтамасыз етіледі» [4,3б.], — делінген. Бұл қағида АҚШ         Конституциясның                   преамбуласындағы  тұжырымдармен

сəйкес келеді [5].

Бағдарламаның төртінші бабындағы: «Дін мемлекеттен ажыратылады, адамдардың барлығы еркін жəне тең праволы. Қазақтардың өз алдына муфтиі болады. Некеге тұру,  туылуы, опат болуы жəне ажырасу туралы жазбалар қазақ молдаларын-  да қалдырылады [4,3 б.]» деген ереже орыс демократтары мен татарлардағы ислам фундаминдалистерінің ұсыныстарының қоспасынан келіп шыққан.

Бесінші баптағы сот билігі туралы қағидалар АҚШ Конституциясының 3 – бабындағы федералдық соттың принцип- терімен толық сəйкес келмесе де, оның көптеген тиімді жақтары ескерілген. Әсіресе, аралас ұлттар тұратын жердегі сот билігі, сот ісінің қазақ тілінде жүргізілуі, байырғы халықтың əдет – ғұрып заңдарының нормалары ескерілуі жөніндегі ұсыныстар Алаш

 

бағдарламасының ұлттық мемлекеттік құрылымдағы ерекшелік- терді ескеруден туған деп пайымдауға əбден болады.

Алтыншы баптағы: «Халықты қорғау үшін қазіргіден басқаша негізде ұйымдастырылған əскер болуға тиіс [4,3 б.]» деп басталатын тұжырым декабристердің «Русская правда» атты конституциялық құжаттармен астасады. АҚШ – та жалдамалы əскер болғанымен оның Конституциясына 1789 жылы 2 – толықтыру бойынша «мем- лекетті қорғау үшін қажет жағдайда халық жасақтары құрылады [5]» деген өзгеріс енгізілген. Міне, əскердің міндетті түрде болуы, бірақ оның еріктілік принципімен жасақталуы туралы ереже Алаш бағдарламасында да ескерілген.

Алаш бағдарламасының жетінші бабындағы «Салық байлық мөлшеріне жəне мүлікті жағдайына қарап салынады: бай – көп,  ал кедей аз төлейді[4,3 б.]», – деген принцип өркениетті елдердегі нарық заңына толық сəйкес келеді. АҚШ Конституциясының 1913 жылғы ХVI толықтыруының негізгі принциптерімен де ұштасады [5].

Алаш бағдарламасының сегізінші бабы жұмысшы заңының декларативі жақтарын ғана айқындағаны болмаса, нақты шаралар- ды белгілемеген. Ол Қазақстанда ұлттық жұмысшы табының, фа- брика, зауыттардың аздығымен түсіндіріледі.

Бағдарламаның тоғызыншы бабы оқу – ағарту ісіне арналған. Бұл Алаш бағдарламасының ең ұтымды жəне күшті жағы. Та- лай жылдар бойы білімге сусаған халқының сауаттылық, білік- тілік дəрежесін арттыруға бағытталған бұл бапта  бастауыш,  орта, жоғары білім тегін берілетіні,оқу ісіне мемлекет аралас- пайтыны, оқытушылар мен профессорлар сайланып қойылатыны көрсетілген.

Бағдарламаның соңғы 10 – бабында жер мəселесі қозғалады. Онда жерге алдымен жергілікті халық орналастырылатыны, орыс мұжықтары тартып алған жер иесіне қайтарылатыны айтылған. Осы баптағы «Жерді сатуға үзілді – кесілді тыйым салынады. Жердің барлық байлығы – үлкен ормандар, өзендер – мемлекет- ке қарасты жəне земство арқылы басқарылады[4,3 б.]», — деген қағидалар əлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған.

Алаш зиялыларының  бұл  құжатында  заманауи  демокра- тия ұстанымдарына қайшы келетін тұстары жоқ. Керісін-

 

ше, ұзақ уақыт бодандық қамытын киіп, мемлекет  құрылысы  мен басқарудың еуропалық жолын игеруде кешіккен жəне əлеуметтік – экономикалық жағынан едəуір артта қалған елімізді демократиялық – құқықтық принциптерге негізделген ұлтық мем- лекет ретінде саяси аренаға алып шығуды көздеді. «Алаш» идея- сын кеңестік режим қанша басып – жаныштап, халық санасынан өшіруге күш салғанымен жүзеге аспады. Бұл идея 1991 жылы Қазақстан Республикасының тəуелсізідік жариялануымен өзінің екінші ғұмырын қайта бастады.

Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған əрекеті сол кезеңдердегі ащы өмір талабынан туындағанбірден–біртурашешімболатын.1917жылғыжелтоқсанда өткен жалпықазақ съезі сайлаған заңды Алашорда үкіметі ғасыр басындағы қазақ қоғамында көзге ұрып тұрған экономикалық, əлеуметтік жəне рухани мəселелерді қазақ оқығандары тарапынан терең ұғыну арнасында пайда болған жəне сол мəселелерді шешуге бар күш жігерін жұмсауға даяр ұлтжандылық пиғылдағы билік еді. Әрине, бұл үкіметтің де өз заманы мен шыққан ортасынан бастау алатын кемшіліктерінің болғандығы даусыз. Дегенмен, оның не- гізгі жалпыұлттық мүдделер үшін қызмет ете алатындығына жəне оған белгілі дəрежеде даяр екендігіне сенбеске негізіміз жоқ. Өз мəселелерін терең жəне тура түсініп, оларды сол тарихи жағдайда шеше алу мүмкіндігі жағынан қазақ қоғамы үшін басқа балама үкімет жоқ еді.

Алайда, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл аза- маттары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бір- ге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді. Тек жетпіс жылдан астам уақыттан соң Қазақстанның егемендігі мен тəуелсіздігі жа- рияланып, қазақ елі ұлы арман жолына қайта түсті[6,2-б.]. Осын- дай шақта халық мүддесі үшін құлаш ұрып, ұлттық мемлекет туын алғаш қолға алғандар жөнінде «қажымай алтын Айға қол сермеп, сол жолда мерт болған буын еді[7,92-б]», дейтін ақын Мағжанның сөзін еске түсірейік.

«Қазақ елі – ежелден еркіндікті аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді», — деп

 

атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. – Құдайға шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тəуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады»[8].

Иə, бұл ұлттық мемлекет құру мақсатын  жүзеге  асырудың аса маңызды қадамы. Ал, шынайы ұлттық мемлекет – қуатты, гүлденген, дамыған мемлекет орнату үшін талай жолдан, қиын бе- лестерден өтуге тура келетіні сөзсіз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Мəмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, «АЛАШ ОРДА – Ұлттық мем- лекет құру мақсатының қойылуы: тарихтағы орны мен тарихи маңызы» // Егеменді Қазақстан, 1992 жыл, 18 қаңтар. 4-5 б.
  2. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Профессор Ермеков – Алашорданың вице-премьері» // Егеменді Қазақстан, 1992 жыл, 6 маусым. 3-б.
  3. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Жақып Ақбаев – Алаштың Бас прокуроры» // Егеменді Қазақстан, 1992 жыл, 4 сəуір. 5-б.
  4. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Жақып Ақбаев – Алаштың Бас прокуроры» // Егеменді Қазақстан, 1992 жыл, 7 сəуір. 3-б.
  5. http://www.hist.msu.ru/ER/Etext/cnstUS.htm \\ Конституция Соединенных Штатов Америки – 1787 г.
  6. Төрехан ДАНИЯР, Сейітхан ЗЕБЕРХАНҰЛЫ, «Алаш» сиезінің ақиқаты» // Жас Алаш, 1992 жыл, 17 сəуір. №75-76. 2-б.
  7. Жұмабаев Мағжан, «Жан сөзі». Алматы, 2005 – 252-б.
  8. http://old.abai.kz/node/40129 \\ — «Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек» -(Қазақстан Республикасының Президен- ті Н.Ә.Назарбаев радиодан 1991 жылдың 31 желтоқсанында сөз сөйлеп, алыста жүрген қазақ ағайындарға ақ тілек жолдады.)// Еге- менді Қазақстан, 1992 жыл, 1 қаңтар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *