Бүгін, біз сіздермен Қазақ елі тарихындағы айрықша күнде кездесіп отырмыз. Бүгін — Алашорданың құрылғанына тура 97 жыл толған күн, яғни, Алашорда үкіметінің туған күні. Оның үстіне бүгінгі іс-шарамыз — Қазақстан Тəуелсіздігінің 23 жылдығының қарсаңында өткелі отыр. Мен, Сіздерді, ең алдымен, осы бүгінгі Алашорда күнімен жəне алда аталып өтетін ұлы мейрамы- мыз — Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Барлығыңызға жəне əрқайсыңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға шаттық, береке-бақыт тілеймін.
Егер, естеріңізде болса, «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының қорытындысын шығаруға арналған ғылыми-практикалық конференция былтыр да желтоқсанның 13- інде өткен. Алаш туралы Байқаудың финалын Алашорда күнінде өткізудің үлкен мəні бар.
Оның үстіне биылдан бастап, жыл сайын «Ак жол» партия- сы Орынбордағы 1917 жылғы II-ші Жалпықазақ съезінің өткен күндері: 5-13 желтоқсанның аралығында «Алаш апталығын» өткізіп тұруды дəстүрге енгізбекпіз. Астанада, Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасында «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ғылыми жинағының екінші шығарылымының тұсаукесерімен 5 желтоқсанда биылғы Алаш апталығын бастадық. Апталық аясында «Алаш оқулары» циклымен Алаш арыстарының
өлеңдерін мəнерлеп оқу; «Ақ жол» партиясының тапсырысымен жазылған «Мұрат үшін майдан» пьесасының таныстырылымы- на арналған дөңгелек үстел; сондай-ақ «Ақ жол» партиясының Маңғыстау филиалының бастамасымен «Жалау Мыңбаев» кітабының таныстырылымы болып өтті. Кеше жұма күні Алаш арыстарының рухына бағышталып, ас берілді, құран оқылды. Осы іс-шаралардың барлығы да жоғары деңгейде өткенін естіп жатыр- мыз. Мүмкіндікті пайдаланып, мен өзіміздің сенімді серіктесіміз – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ұжымына, Университеттің ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлына, проректоры Диқан Қамзабекұлына бізге Апталық өткізуге барлық жағдайлар жасағаны үшін шын жүректен шыққан алғысымды айтамын. Алаш апталығы шеңберіндегі біздің шараларымызға сондай-ақ, модератор ретінде белсенді атсалысқан Зиябек Қабылдиновқа, Сұлтанхан Аққұлына, Қайырбек Кемеңгеровке ризашылығымызды білдіреміз.
Диқан Қамзабекұлы сонымен қатар жазушы-драматург Өтен Ахметпен болған дөңгелек үстелді тікелей өзі жүргізіп, пьеса мəтіні ғылыми ортаның талқылауынан өтті. Бұл біз үшін өте маңызды. Енді, пьеса мəтіні қабылданып, ол режиссер қолына өтіп, Алаштың бұл құнды мұрасы 2015 жылы, əрі кеткенде 2016 жылдың басын- да Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының қарсаңында сахнала- нуы тиіс. Осы пьесаның сахналық қойылымын жасауға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Чехов атындағы (Ресей Федерациясы) медальдің иегері, белгілі режис- сер Тəпенов Ерсайын Қадержанұлымен ауызша келіскенбіз. Егер, осы кандидатураға біржолата тоқтасақ, онда оны заңдық тұрғыдан рəсімдеуді кешіктірмейік. Шаруаны əрі қарай жылжытудың жолда- рын қарастырайық.
Бүгінгі конференциямызды жыл бойы кезең-кезеңмен өткен Жалпыұлттық байқауымыздың қорытындысы деп те, осы Алаш апталығының қорытындысы деп те атасақ болады. Жыл сайын Алаш апталығын осы конференциямен қорытындылап тұратын боламыз. Биыл еліміздің батысынан — Маңғыстау, шығысынан — Шығыс Қазақстан (Семейдің арқасында), оңтүстігінен – Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдары «Алаш апталығын» өткізді. Ке- лесі жылы Қазақстанның барлық 14 облысын, Алматы мен Аста- наны қамтыған, шын мəніндегі Республикалық деп ауыз толтырып
айтатын, Алаш апталығын өткізуді дəстүрге енгізуге ұмтылатын боламыз. Алаш апталықтарын жоғары деңгейде өткізу – біздің партияның филиалдар төрағаларының жұмысын бағалаудың негіз- гі критерийлерінің біріне айналуы тиіс.
Дəстүрлі түрде өтетін Алаш апталығы арқылы, үкімет қашан оны ұлттық мерекелер күнтізбесіне кіргізеді деп күтіп жүрмей, Алаш Орданың өмірге келген күні — «13-ші желтоқсанда» — «Алаш күні құтты болсын!» деп қуанып жүруімізге болады ғой. Мемле- кет қашан Алаш арыстары атынан орден белгілейді деп жүрмей, Алашты бейнелейтін төсбелгілер жасап, оны кеудемізге тағып, өзімізге өзіміз мереке жасасақ, біздің қолымызды кім қағады? Кейде төменнен туындаған бастамалардың да бағы жанып кететін кездері болады. Қалай болғанда да Алашты ұлықтап, құрметтеу үдерісіне тың сүрлеулер салынып кетіп жатса, тіпті ғанибет болар еді.
Алдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланғалы отыр. Оның ұлттық тарихымызды ұлықтап, ұлтты əлемге таны- туда жəне қазақ елі азаматтарының патриоттық сезімдерін артты- руда үлкен рөл атқаратын жыл болатынына сенім зор. Сонымен қатар, 2015-ші жыл ұрпақтар эстафетасының сипатын иеленген жыл болса деп тілеймін. Қазақ тарихының кезеңдік белестері бо- лып саналатын Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мен «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын атап өтуге байланысты іс-шаралар- ды байыптайтын жыл ретінде де есте қалатын жыл болса екен деп тілеймін. Жəне осы бағытта əрекеттер де жасаймыз.
Бүгін түстен кейін дəл осы залда «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесі өзінің кезекті Пленумын өткізеді. Онда партиямыздың жаңа Саяси бағдарламасы қабылданады. Жəне осы Саяси Бағдарламаның құрамдас бөлігі ретінде «Ақ жол» демократиялық партиясының 2015-2020 жылдарға арналған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу жəне тарату жөніндегі БАҒДАРЛАМАСЫН да қабылдаймыз. Онда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жұртшылыққа танымал алаштанушы ғалымдарының ойлары мен ұсыныстары ескерілді. Біз Алаш Орданы, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарын лайықты ұлықтау бойынша нақты ұсыныстарымызды жария етпекпіз. Алаш қайраткерлерінің
ұстанымдары мен көзқарастарының қысқаша тұжырымдамалық негіздерін жасадық. Соған сəйкес бағдарламалық міндеттеріміз бен оны орындаудың тетіктерін белгілеуді жөн деп таптық. Яғни, Алаш бағытындағы жұмысымыз түстен кейін партияның Орталық кеңесінің Пленумында да талқыланбақшы.
Сондықтан біз биылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық Байқауымыздың қорытындысын шығаруға арналған ғылыми-практикалық конференциясының жұмысын бастағанды жөн деп санаймын. Байқауымыздың ақтық сайысына өткен, Бас бəйге үшін бақтарын сынайын деп отырған үміткерлердің жарысына бəріміз куə болайық. Сіздердің барлықтарыңыз осы жарыстың финалына өтіп, қазірдің өзінде үлкен табыстарға жетіп отырсыздар, Сіздердің еңбектеріңіз біздің келесі жылы шығатын ғылыми жинағымызға анық енеді. Мен Сіздерге шын жүректен шығармашылықта да, өмірде де сəттіліктер тілеймін!
«Ақ жол» партиясының «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының қорытындыларын шығаруға арналған ғылыми-практикалық конференцияның жұмысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!