Микроэкономика
ХІХ ғасырдың ортасынан қазақ шаруашылығы Ресей экономи- касына интеграциялана бастады, бұған əкімшілік реформары көп ықпал етті. Әкімшілік реформалары қазақ шаруашылығына көп өзгерістер əкелуге бағытталса да, дəстүрлі қазақ шаруашылығына кері ықпал етті. Өйткені, реформаларды жүргізгенде, жер- гілікті дəстүрлі қазақ шаруашылығының ерекшелігі ескеріл- меді. Міне, осының салдарынан ХХ ғасырдың басында дəстүрлі қазақ шаруашылығының көптеген мəселелері жинақталды. Осы мəселелерді шешуді ұлт зиялылары басты міндеттірінің бірі етіп қойып, шаруашылықты дамыту үшін табанды ізденістер жүргізді, қазақтың ұлттық сана-сезімін оятуға бағытталған қызметтерін белсендіре түсті.
Алаш қозғалысының экономикалық тұжырымдарын анықтауда, ұлт көсемі Ә.Бөкейхан басты рөл атқарды. Ол — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық да- муынан жақсы хабардар, əрі еуропалық экономикалық білімді терең меңгерген, тəжірибелі экономист-ғалым еді. Ұлт-көсемі Ә.Бөкейхан Ресейдің маңызды экономикалық жобаларына қатысып, Ресейдің жəне оның ұлттық аймақтары, оның ішінде қазақ ұлтының шаруашылық жағдайымен толыққанды таныс еді, сондықтан оның қазақтың шаруашылық мəселелерін тұңғыш бо- лып көтеруі заңды құбылыс болып табылады.
Ресейдің орталық аймағы мен оның ұлттық аймақтарының шаруашылықтары арасында теңсіздік жағдайы жəне оның сал-
дары туралы Ә.Бөкейхан «Игілік іс» мақаласында толыққанды ашып берді: «Бар малды атқа шақса, 20 ат болса, осындай байлық қазынасы бар қазақты статистика ғылымы орта шару- алы қазақ үйі-шаңырағы дейді. Бай мұнан жоғары, кедей мұнан төмен. Төмен қазақ малын шаңыраққа есеп қылса, бір шаңыраққа 20 ат есебі мал қазынасы келеді. Бұл 20 ат орта қазақ байлығы ғылым жолының қарауылы. Бұл қарауыл атқаратын қызметі кездеме кездегендегі кез, бидай пұттағандағы пұт қызметі», — дей келе, бір отбасының жылдық табысын көрсетеді: — Орта мал қазыналы қазақ үй басы бір жылда 100 сомға мал, жүн, тері са- тады. Киімнің жартысы бір жылда жаңаласа 50-60 сомға пұл, 24 сомға шай, қант алады. Бұл есептен бір жылғы бір үйдің алып- саттығы орысша обороты 17 400 сом болады. Бір ауылнай қазақ 100 үй болса, бұл ауылдың алып-саттығы 17 мың 400 сом болады. Ана Бөрте қазағы бастаған игілік ісіне ауыл болып кіріссе, 17 мың 400 сом үстінде жүрген пайда халыққа қалады… Игілік ісі болған бір ауыл халықтың қалтасында аз дегенде 1 мың 740 сом қалады» [4]. Ұлт көсемі Ресей мен қазақ шаруашылығы арасында теңсіздік орын алғанын жəне оның тонаушылық сипатын ашық көрсетеді. Ол қазақтың əлеуметтік жағдайы нашарлап, орта шаруашылықтары азайғанын ашына айтып, одан дағдарыстан шығу үшін «коопера- цияны» дамыту жолын ұсынды.
Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан шаруашылықты коопера- ция жолымен жүргізу бағытындағы бастамасын көтерді. Алаш қозғалысы зиялыларының аға буыны М.Дулатұлы, Т.Тыныштықбайұлы, М.Боштабай, Х.Лекерлер қолдап, жан- жақты қарастырды. ХХ ғасырдың 20-жылдары толыққанды тұжырымдамасын жасады. Олардың қатарында, алашшыл С.Садуақасты ерекше атап айтуға болады. Кооперация туралы макроэкономикалық тұжырымдар Алаш Орда үкіметі құрылғанан кейін жүзеге асырылды. Оның жеке мысалдары «Бірлік», «Қазақ» болып табылады. Кеңестік кезеңде жүзе асуына жəне талдауына жаңа экономикалық саясат мүмкіндік берді.
Алаш қозғалысының жаңа буыны болып табылған С.Садуақасұлының еуропа ғылымының озық экономикалық ой- ларымен еңбегімен таныстығы, оның еуропа ғалымдары туралы жазған сөздерінен анық көрінеді: «Алғашқы кооперация ұйымы
Англия патшалығында ашылды. Ашқан кісінің аты Роберт Оуэн деген еді. Роберт Оуэн әуелде кедейдің баласы болған екен. Жас күнінен көргені мұндық, мұқтаждық болыпты… Роберт Оуэннің өсе келе бар күші, бар қайраты саудагерлерге қарсы жұмсалды. Роберт Оуэннің айтуынша саудагер еңбегі жаңа бұйым туғызбайды. Бұл сөздің мағынасы – түсінікті қылып айтқанда былай: … Біреу мал бағады. Ол малды суарады, шөп шабады. Қора салады. Қыс боғын күрейді. Жазғұтұрым сиыр бұзаулайды. Адам еңбегінің арқасында бір сиыр екі сиыр болды. Бұл секілді өсімді де жаңа бұйым деп атайды. Бұл да еңбектің арқасында болады.
Роберт Оуэннің айтуынша саудагер жаңа бұйым туғызбайды дедік. Бұлай деудің себебі: саудагер бір нәрсені екі қылмайды. Егер саудагер біреуден қырық тиыннан елу пұт бидай сатып алса, ол бидайды екінші жерге апарып, 70 тиыннан сатады. Пұт басы 30 тиыннан пайда қылады. Саудагер 50 пұттан 15 теңге ақша туғызды. Осы 15 теңге жаңа бұйым деуге келе ме, жоқ па? — деп сауал қояды. С.Садуақасұлы еуропа ғалымының кооперацияны ашудағы ішкі мотивін түсіндіріп отыр, бірақ ғалым оның бастапқы туындауының нарыққа сəйкес келе бермейтін тұжырымдарын ескергенін байқаймыз. Әсіресе, бұл аспектіні ғалымның кооперацияның мəнісін ашып көрсеткен кезде анық көреміз. Ол
«Бірінші һəм ең əуелгі шыққан кооперация түрі – ұйым дүкені де- ген. Ұйым дүкені орысшалап айтқанда: «потребитель» дейді. «По- требитель» ең əуелі Англияда шыққан. Англияда Рождель деген кішкене қала бар. Сол қалада он шақты жұмыскер жиылып, кісі басы елу тиыннан ақша жинап, сауда ашады… Нəрсе неғұрлым көп саудагердің қолынан өтсе, соғұрлым бағасы қымбаттайды. Себебі, бір қолдан алады да, бір қолдан сатады. Екі ортада сау- дагерлер кірісе алмайды. Сондықтан оларға төленетін артық баға ұйым дүкенінің өз қолында қалады. Ұйым дүкені халықтың өз ұйымы болғандықтан, əрине, нəрсенің бағасын халық арзан қояды. Өйткені, бəрібір ол дүкен пайдасы да айналып келіп халық қалтасына құяды» деп түсіндіреді. Ұйым дүкендері кəсіпорын мен тұтынушы арасында тікелей байланыс орнатады. Ұйым дүкені ұжымдық бизнеске жатады жəне ол демократиялық, бостандық негізінде құрылады, оңай реттеледі. Баға нарықтық бағадан өссе, табыс түспейді. Қаржы болмағандықтан, серіктестер үлестерін
бөліп алып, тарап кетеді, сондықтан қызметкерлер сұранысты төмендетпеуге тырысады.