Алаш қозғалысының зиялысы М.Тұрғанбай

Егін шаруашылығы пайда болуын былай деп сабақтайды:

«Кісінің бұрыннан жеп үйренген  дайын  тамақтары  жеулері-  не қолайлы өсімдіктер  еді.  Бас  құрап  отырып,  ол  көбейген  соң маңайындағы өсімдік азайып, тыбылуы қиындады. Бұл мұқтаждық кісіні егін салып, жеміс егуге үйретті. Осымен егін- шілік, бақшашылық шаруашысы шықты» – деп, шаруашылықтың келесі даму сатыларына тоқталады: «Кісінің біреуі мал өсірген көшпелі, біреуі егін салып, бақша отырғызған отырықшы болған соң бірінің мұқтажы болған нәрсесі екіншісінен табылатын болды. Сонан ет, май, тері, жүн, астық, жеміс, сүт секілді нәрселерді айырбас қылып керектерін тауып алуға кірісті. Осы айырбас қылулары сауданың алғашқы басқышы еді» дейді де, сауданың дамуы жаңа кəсіп – қолөнердің пайда болуына ықпал еткені туралы жазады: — Айырбас сауда басталған соң ісмерлер өзіне керегінен артық нәрселерді жасап басқа мұқтаж болатын нәрселеріне айырбас қылатын болды. Сонан, өнердің жолы ашы- лып, түрлі өнершілер шыға бастады».

Сауда тауар қатынастарын дамытты, алайда оның абсалютті дамуы мынадай қиындықтарға тап болғанын айтады: «Айырбас сауданың өзінің жүретін нәрселерде бір өлшеуіштің жоқтығы үлкен қиындық туғызды. Ағаш, тері, мыс, күміс, алтын секілді нәрселердің бағасына өлшеуіш қылса да шатақтан құтыла ал- мады. Өлшеп бергенде, алып жүргенде, қиындық, алдау көп та- былатын болды. Бұл мұқтаждық нәрселердің бағасына өлшеуіш қылып «ақшаны» шығарды» [3].

Ақша қатынастары негізінде капитализм кезеңі басталып,  бұл адамзат баласының жаңа даму жағдайы – өркениеттік жолын бастағандығын былай деп сабақтайды: «Ақша дүниеге шыққан соң, сауда жұмысы өте дәуірлеп жөнелді. Ақшаға сатылмайтын нәрсе жоқ, жалғыз-ақ ақша табу керек болып қалды. Ақша бола- тын нәрсені әркім істеуге жұмылған соң, өнердің есігі ашылып мәдениет дәурені басталды» [3 ].

Алаш қозғалысының зиялысы М.Тұрғанбай ақша қатынастары демократияның туындайына негіз болып, ақша қатынастарын жəне қолөнердің дамуына ықпал етіп, өндірістік қатынастардың индустриалдық кезеңінің басталуына алғышарт болды деп қорытынды жасайды.

 

Алаш қозғалысының зиялылары формациялық теорияның шаруашылық дамуын кезеңдеуінен қарағанда, анағұрлым тиімді жүйелей алғанын көреміз. Шаруашылықты кезеңдеуде, өндірістік қатынастарды нəтиже ретінде қарастырып, нəтиженің əртүрлі болатындығын ескеріп, шаруашылық дамуының басты қозғаушы күші ретінде адамның «мұқтаждықтары» (қажеттіліктері) не- гізінде бөлгендігін байқаймыз. Егер де, Алаш зиялылары айтқандай талаптарды ескерсек, онда қазіргі кезге дейін формациялық тео- рия түсіндіре алмай келе жатқан Азиялық өндіріс тəсілі сияқты ұғымдарды айқын түсіндіре аламыз. Өркениеттік теорияның аясында ашыла бермейтін өндірістік қатынастардың қоғамның мəдени даму аясына ықпалы туралы түсніктерді де аша аламыз.

Ең қызықтысы, экономиканың даму кезеңдерін зерттеуге арналған еңбектерінде К.Маркс негіздеген формациялық теория- ны қарастырмайды. Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы формациялық теорияның кемшіліктерін түсінген, себебі формациялық теория қоғам дамуының ұлттық құнлықтары жəне мəдени ерекшеліктері туралы аспектілерді мойындамайды. Ал жоғарыда байқағанымыздай, Алаш зиялылары қажеттіліктер не- гізінде тек қана экономикалық жағдай, өндірістік қатынастар  ғана емес, сонымен қоса мəдениет, психология қалыптасады де- ген тұжырымдар жасады. Олар еуропа ғалымдары сияқты мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын жеке кезең ретінде емес, экономикалық дамуының бір кезеңінде қатар дамыған əртүрлі шаруашылық ретінде қарастырды. Адамдар қажеттіліктеріне қарай өзіндік шаруашылықты жасайтынын тұжырымдады. Сонда, қоғам дамуы барысында екі шаруашылық бір -бірін толықтырып, жаңа экономикалық даму кезеңіне жетелеген деген түйінге тоқталды. Егерде қоғам дамуын осы тұрғыдан қарастырсақ, онда бізде азиялық өндіріс əдісі сияқты теориялар маңызын жояды. Алаш зиялыларының бұл тұжырымдары бүгінгі Қазақстан үшін де маңызды, себебі қазіргі əлемдік тəжірибені тура сол қалпында емес, Қазақстандық қажеттілік, ұлттық ерекшелікке қарай ендіру қағидасын басшылыққа алуға жетелейді жəне бұл өте өміршең қағида. Осы қағида белгілі  бір  мемлекеттерде  тиімді  болып,  өте жақсы нəтижелер көрсеткен болса, екінші мемлекеттерде ешқандай нəтиже бермеуін түсіндіре алады.

 

Алаш қозғалысының аға буыны Ә.Бөкейхан мен А.Байтұр- сынұлы, М.Дулатұлы, Т.Тыныштықбайұлы, М.Боштаев, Х.Лекеров бастаған бір топ қазақ зиялылары ұлттың жағдайын жалпыхалықтық деңгейде көтерді жəне талқыға салды. ХХ ғасырдың 20-жылдарында Алаш қозғалысының келесі буыны С.Садуақас, М.Тұрғанбай бастаған бір топ қазақ зиялылары аға буынның басшылығымен ізденістерін жалғастырды. Олар еуро- па ғалымдарының тұжырымдарын қарастырып, Алаштық дербес тұжырымдар жасады. Әлемдік тəжірибені ұлттық негізде бейім- деу, экономикалық реформаларды революциялық емес, табиғи жолмен жүргізу бағытындағы қағилардың негізін қалады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *