АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН
Түйін: Автор ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары мен экономи- ка дамуының кезеңдері туралы тұжымдарын зерттейді. Алаш қозғалысының экономикалық тұжырымдары тек қана теориялық ілім ретінде ғана емес, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметі өмір сүрген жылдары жəне Жаңа экономикалық саясат кезін- де жүзеге асырылғанын айтады. ХХІ ғасырда Алаш қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық тұжырымдарының маңызы арта түскендігі туралы қорытынды жасаған.
Кілт сөздер: Алаш қозғалысы, ХХ ғасырдың басы, экономикалық ойлардың тарихы.
Алаш қозғалысы зиялыларының «экономика» туралы түсінігі
«Экономика» ұғымы шаруашылықты жүргізу ережелерінің жиынтығы, білімі, өнері деген мағына беретін — «ойкос» (үй, шаруашылық) жəне «номос» (білемін, заң) деген сөздерден тұрады.
«Экономика» сөзін б.з.б. VI ғасырда грек ақыны Геспод алғаш рет қолданса, ғылыми айналымға грек ойшылдары Ксенофонт жəне Аристотель енгізді.
Қазіргі кезде «экономика» ұғымының кеңінен таралған бір- неше анықтамасы қалыптасты. Олардың бірінде, экономика – қоғамның шаруашылық əрекеті, сонымен қоса адамдардың ара- сында өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну жүйесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы десе, екінші бір анықтамада, «экономи- ка» — адамның өмірлік игіліктерді жасау жолымен қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында шаруашылық жүргізу əдістері мен тəсілдерін зерттейтін ғылым саласы деген түсінік береді.
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысының зиялылары «эко- номика» ұғымына мынадай анықтамалар берді: «шаруашылық» деп дүниелік жиюды айтамыз, дүниелік деп адам баласының тір- шілігіне керекті айтамыз деп жазса, сонымен қоса дүниелікті табу, ұқсату, сақтау жүзіндегі адам баласының істейтін ісін шаруашылық дейміз дейді [1].
Алаш қозғалысы зиялыларының «экономика» ұғымына берген анықтамаларына назар аударсақ, экономика ұғымының қазақша ба- ламасы ретінде қазақ тіліндегі «шаруашылық» сөзін қолданғанын, сонымен қоса қазіргі кезде қалыптасқан əрі мойындалған ғылыми анықтамалармен мəндес келіп, қарапайым жəне жеңіл тілмен жазылғандығына көзіміз жетеді.
Алаш қозғалысы зиялыларының экономиканың даму кезеңдері туралы тұжырымы
Экономика тарихының даму кезеңдерін қарастырғанда, Алаш зиялылары негізінен неміс мектебі ғалымдарының көзқарастарын басшылыққа алды. Олар негізінен неміс экономист-ғалымдары Ф.Лист жəне К.Бюхердің еңбектері болып табылады.
Алаш қозғалысының зиялылары К. Бюхер экономиканың дамуын кезеңдеуде сауданы негізге алғанын дəйектейді: «Бұл шаруашылық өзгерістің негізіне сауданы алып, сауда жолы кеңіп, ұлғайған сайын, шаруашылық арасындағы тіркесу күшейіп, қалай тұтасып келіп, осы күйге жеткенін көрсетеді», — деп, ол кезеңдерге жеке-жеке тоқталып, түсініктеме берді:
- Үй-үйдің шаруашылығы өзінен аспаған заман. Әр үй өзіне керегін өзі тауып, өзгеге ауыспай, өзіне тұтынған заман. Бұл за- ман адам баласының өмірінде ұзақ болған заман.
- Қала-қаланың шаруашылығы өзінен аспаған заман. Әр қала, өзінде жасаған нәрселерін өз маңайындағы ауылдардан келген нәрсеге айырбастап, онда да алған нәрселер екінші бір жаққа жіберу үшін емес. Сол қаланың я ауылдың өзінде тұтыну үшін ғана айырбасталады. Бұл әркім өзінде барының артығын өзінде жоққа айырбастап, сауда жүрген заман. Бірақ сауда қаладағы мен ауылдағы адамдардың арасынан алысқа ұзамаған заман.
- Ұлт-ұлттың шаруашылығы тұтасып шаруашылығы ұлғайған заман. Әр ұлт өзі ұқсатып шығарған шаруашылық жүзіндегі нәрселерін өз арасынан басқа жаққа асырмай я асыр- са, маңайындағы жақын сыбай ұлттарға ғана асырған заман. Бір ұлттың нәрсесі екінші ұлтқа аспаса да, оннан кемшілік келіп қысылмаған заман.
- Бүкіл дүние шаруашылығы тұтасып, бір ұлттың шаруашылығы басқа ұлттардың шаруашылығына қараған біздің осы заман» [2].
К.Бюхердің «Халық шаруашылығының пайда болуы» еңбе- гімен танысып қоймай, мынадай дербес тұжырымдар жасалған: ХІХ ғасырдан бастап əлем елдерінің шаруашылығы жаңа даму кезеңіне аяқ басты, мемлекеттердің арасында өзара ынтымақ- тастық орнады. Егер де, мемлекет оқшаулану саясатын жүргізсе, онда ол мемлекеттің шаруашылығы құлдырайды, халқының əлеуметтік жағдайы нашарлайды.
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысының зиялылары жасаған экономикалық тұжырымдар – ХХІ ғасырда аксиомаға айналды. Бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық бағдарламаларының өзегі болып қаланды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастықтарды қолдайтын ба- стамашыл бағытын ХХ ғасырда қазақ зиялылары анықтап берген еді.
Неміс экономика мектебінің өкілі Ф.Листтің «Саяси экономияның ұлттық жүйесі» еңбегімен танысып, экономиканың дамуында шешуші рөль атқарған кезеңдерді атап көрсетеді жəне экономика дамуының əрбір кезеңіне сипаттама берді:
- Екпеген жердің жемісін теріп, бақпаған хайуандарды ау- лап, алып жеп, адам баласы аңшылықпен, балықшылықпен күн көрген кездегі шаруашылық қырқасы.
- Хайуанды үйір қылып, үйрете біліп, мал жиған, малмен күн көрген бақташылық кездегі шаруашылық қырқасы.
- Жерден терген жемісті егіп шығарса да болатындығын байқап, егінмен тамақ асырап күн көрген кездегі шаруашылық қырқасы.
- Жоғары кәсіптердің үстіне қолөнерін кәсіп қылып, со- нымен мал тауып, тамақ асырап, дүниелік жия білген кездегі шаруашылық қырқасы.
- Қолөнері күшейіп, бұрынғы кәсіптердің үстіне айырбас келіп, яғни сауда келіп қосылады. Бұл егін, қолөнері, сауда кәсіптері толысқан кездегі шаруашылық қырқасы.
- Машина шығып, кәсіптердің көбі машина арқылы істеліп, жүріс-тұрыс, хабарласу-қатынасу жолы жеңілдеген осы кездегі шаруашылық [2, 245].
Экономика тарихы бағытындағы тұжырымдар 1915 жылы
«Қазақ» газетінің бетінде «Шаруашылық өзгерісі» деген атпен басылған мақалалар сериясында айқындалды. Бұл мақалалар сериясын А.Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейхан жазды деген пікір қонымды болып келеді. «Шаруашылық өзгерісі» мақалаларының экономикалық ғылыми теориясын Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан жаз- са, Ұлт-ұстазы, қазақ ағартушысы А.Байтұрсынұлы экономи- ка ғылымын қазақ тілінде сөйлетті, экономика ғылымында қалыптасқан халықаралық ғылыми ұғымдарды қазақ тілінде жет- кізді. Экономика ғылымының қазақ тіліндегі ғылыми тілінің не- гізін қалады. Қазіргі кезде, біз кеңінен қолданылатын, кəсіпорын, қолөнер т.б. сөздерді А.Байтұрсынұлы осы мақалада тұңғыш рет жазып, жариялағанын біле бермейміз.