ПРОФЕССОР С.НЕГИМОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН АҚЫНДАРЫ
Нақыпбек Сәдуақасов заңгер, публицист (Қазақстан, Астана)
ХХ ғасыр адамзат тарихындаөркендеу сипатымен белгіленгенімен қоса ғаламат опаттарға,есепсіз адам шығындарына,қоғами қайшылықтарға, түрлі қайғылы- қасіреттіоқиғаларға толы болған. Осы ғасырдың басында және ортасында Екінші дүниежүзілік соғысы оты тұтанды. Біріншісінде (кейінгі деректерге қарағанда) — 20 миллионнан аса адам құрбан болған. Ал қару-жарақ техникасы дамыған Екінші дүниежүзілік соғысында — 70 миллионнан аса адам ажал құшқан. Осыған қарамай, ядролық бомбаларға қолдары жеткен мемлекеттер қоқан-лоққы егестерінен тіпті адамзаттың болу- болмауы қауіпі төнгені белгілі. Осы қасретті-дүрбелең жылдары қазақ халқы да орасан зор құрбандықтар мен мұңлы-шерлікүндерді басынан өткізді. Соғыстардағы адам өлімі түсінікті құбылыстар сияқты болғанымен, қазақ даласында Кеңес үкіметі басшыларының опасыз, қитұрқы — дәрменсіз саясаттарының салдарынан 4 миллионға жуық қазақ ұлтының үлкенді-кішілі өкілдері азап өліміне душар болды. Қуғын-сүргін заманында да мыңдағанқазақтар атылып,100-деген мың кінәсіз жала жабылғандар «итжеккенге» Солтүстік Мұзды-Мұхит жағалауына айдалды. Біразы жан ұшырып, ұрпақтың келешегін ойлап, оларды аман-есен алып қалу үшін, ойға-қырға жөңкілуге, шет ел асуға мәжбүр болды. Көбіміз үшін осы қылмысты саяси кезеңдердегі құрбан болған қазақтың дарабоз ұлдары Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бастаған көсемдер тобы еске түседі. Сонымен қатар, жалпы халқымызға төнген қиын- қыстау кезеңдерде жан азабын шеге жүре бас көтеріп, олардың тәлкеке ұшыраған қамын ойлап, белсенді іс-әрекет жасап, ақиқатқа толы зарлы өлең-жыр айтып, жұртты жігерлендірген, аяусыз-қатқуыл саяси кезеңде, түсінікті себептермен аттары аталмай,
«елеусіз» қалып келген Сарыарқаның кең даласында талай дарынды ақжүрек ақындар болған.
Осы орайда, аса атап айтар болсақ, профессор С.Негимовтың үлкен адами, ғылыми ерлігі — осы ақындардың өлең-жырларын жан-жақтан тірнектеп жинап, аянбай ізденістердің арқасында бүкіл Қазақстанды шарлап, «жоқтан бар жасап», одан қолы зорға жеткен қолжазбалар мен «көнекөз – көне-сөз» қариялардың, көкірегі ашық ұлтжанды азаматтардың ауызынан естіген өлең-жырларды, жабық архивтерден жазып алып, барлық ынта-жігерін салып, жіті зерттеп, сол ақындардың еңбегіне шынайылылықпен баға беріп, еліміздің әдеби мол қорына, зерек оқырман кеңістігіне «Ақын Сәрінжіп Әзбергенұлы және оның заманы» атты (Астана, 2015) мөлшері көлемді де ой-пайымы салмақты монографиясында кең қамтылған деректерді қалың жұртшылық талқысына ұсынған.Бұл монографияның басты тұлғасы –Қарағанды облысы Шет ауданының тумасы ақын
Сәрінжіп Әзбергенұлы саналғанымен, онда сол өңірден шыққан ақындар Майасар Жапақұлы, Түсетай Қоржынбайұлы, Зәру Әлиев, Ермағанбет Асаубайұлы, Қами Ахметов, Сейпілқазы Әптиекұлы, Рысқұл Жақанұлы, Сейдіғалы Қамиақпарұлы, Ақыжан Мұқашұлы, Қасен Нарымбекұлы, Кәмила Түсіпбекқызытуралы да мұқият әдеби талдау жасалған. «Бұларды ақын еткен, гөй-гөйлетіп сөйлеткен тар заманның қиянаты» — деп атап өткен С.Негимов. Онымен қоса, ғалым бұл ақындардың өлең құрамы, дәстүрі мен стилі бойынша Арқаның белгілі ақындары Шашубай, Әсет Найманбаев пен басқалардың салып кеткен сара жолын үлгі еткенін атап өткен.
Ақын Сәрінжіп Әзбергенұлы (1862-1934) саналы өмір кешкен уақыты қоғамдағы шытырман талас-тартыс кезеңімен тұспа-тұс келеді. Оңнан да, солынан да қыспақ көрген, аштықтыда жалаңаштықты да сезген, жақын-жуықтан айырылған халықтың қасіреті шыншыл ақынның жүрегін жараламай өтпеді: олар оның ақындық дарынын өршелендірді. Мысалы, Сәрінжіп ақын:
«Көрмеймін деп едім,
Шыққыр көзім не көрдің? Қайран қазақ баласы, Ажалыңнан өлмедің.
Біреуге себеп болар ма ем, Ерте неге келмедім?
Осынша қазақ баласын Бір оқпенен атады деп
Айтқандарға сенбедім.» — деп, ашына жырға қосқан.
Ел басына қиын-қыстау ауыртпалық түсіп, қалың жұрт алтын дала Сарыарқадан еріксіз жер ауу салдарына душар болғанда, Сәрінжіп ақын «Сарыарқа» дастанында:
«Сарыарқа, қалғаның ба, қайран мекен, Оралып қайта айналып келер ме екем? Үшқойтас, Сарыоба мен Мұқыр өзен, Сендерді басқа жерден табар ма екем?… Жөңкіліп жаудан үркіп аумаса ел,
Еркімен жерін тастап, ел кеткен бе?…
Туып өскен ыстық Сарыарқасын қимай кетіп бара жатқанын ақын былай суреттейді:
«Қос Арап, Босаға мен Шөл Қараоба, Көрік беріп тұрсың-ау сар далаға.
Осындай қызықты жер артта қалды, Алдымыз толған адыр, толған оба.».
Осыларды елестете келе, ақынның жүрегінде туып-өскен кең даласына арналған махаббаты, үміт оты сөнбейтіне сенімді, сондықтан:
«Сарыарқа, қалдың кейін Кербетеге, Себепсіз мекенінен ел кете ме?
Қош енді, қайта айналып көргенімше,
Туған жерге жалғанда жер жете ме?!» — деп түйіндейді.
Осы дастанда жергілікті таулар, өзендер, көлдер, бұлақтардың 95 атауы анық аталып, суреттеліп өткен. Өз басым осы табиғи жаратылыстарды 1969-1971 жылдары Қарағанды облысы Шет аудандық прокуратурасында тергеуші болып қызмет атқарып жүрген кезімде олардыңкөбісін өз көзіммен көріп, ал халық ақындары туралы ауыз-екі естеліктерді естіп, тебренген шақтарым болған еді.
Ақшатаулық ақын Сәбит Адамияұлы (1940-1983) Сарыарқаны әсерлі бейнелей келе:
«Айғыржал, құлан жота қырқалардың,
Әрқайсы әсем жырдың бір парағы. Көкшенің шынарынан өпкен бұлттың, Өзін де тамсандырған Қарқаралдың.»
Шытырман өмір жолын кешкен Зәру Әлиев жазасын Воркутада өтеп жүріп мына шумақтарды жазған:
«Сарыарқа; орталығың –Баянауыл, Биік құз, қалың орман-Қарқаралы, Сан ерге ел мен жердің өткен зары. Кіндігі Сарыарқаның осы жерлер,
Ертеден мекен еткен жұрттың бәрі.»
Сарыарқаны ыстық махаббатпен жырлаған Шет өңірінің аталған ақындарының өлең- толғаулары, ел тарихына қатысты әдеби-мәдени деректері, осы монографияда терең зерттеліп, көркемдік сипаты айқын сараланған. Бұл ақындардың көркемдік сипаты биік жыр-толғаулары профессор С.Негимовтың ерен еңбегінің арқасында барша халқымыздың өшпес рухани мұрасы болып қалатыны кәміл.
Әдебиет:
- Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.: Ғылым, 1988. – Б. 353-
- Дала уалаяты газеті. – А.: Ғылым,
- Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. – А.: Жазушы,1970.