ХИМИОТЕРАПИЯЛЫҚ ДАРУЛАР

Вариант 1

 

  1. Сиырға кофейин натрий бензоаттың дозасы 6 г. Ампулада 20 % — 10 мл ерітіндісі бар. Бір инъекцияға рецепты жаз. ( Coffeini natrii benzoas).
  2. Жараны жуу үшін 500 мл ертіндісінде 2,5 г хлорамин болсын. Рецепті магистралды әдіспен (қысқа түрінде) жаз. (Chloramini)
  3. Бұзауға сульфатонның дозасы 1г. Таблеткада 0,5 сульфатон бар. Бір мезгілден 7 күнге жаз. (sulfatonum).
  4. Шошқа майына жасалған 10% ихтиол майын жаз. Осы майда 4 г ихтиол болсын. (Ichthyolum).
  5. Ипекакуана тамыранан ( А-тізім) 200 мл. Қайнатпаны жаз.    (Ipecacyanae)
  6. Итке 10 ұнтақ жаз. Әрбір ұнтақта 0,1 г кофеин фосфаттан (Codeini phosphas) және 0,25 г қант (Saccharum) болсын. Күніне бір ұнтақтан 3 мезгіл бер.
  7. Калий бромидтың (Kalium bromidum) дозасы 3 г және  натрий бромидтың  (Natrium bromidum) дозасы 6 г пилюляны жаса, мысыққа күніне 3 мезгілден   10 тәулікке рецепты жаз.
  8. 4% калий бромидтан (Kalium bromidum), 0,5% натрий бромидтан (Natrium bromidum) және  судан тұратын 150 мл сұйық қоспа жаз.
  9. Аминизинның (Aminazynum) дозасы сиырға 0,1 мг бір кг салымаққа ( салымағы 300 кг), бір ампулада 2,5% 2 мл аминазин бар. Бір инъекция рецепті жаз.
  10. 0,9% натрий хлоридтан (Natrium chloridum) ертіндісінің 250 мл сиырға жаз.

 

Вариант 2

 

  1. Қойға болюс ретінде 10 г фталозол бер (Phtalosolum). Күніне бір мезгілден    6 тәулікке рецепты жаз.
  2. Сиырдың желініне жағу үшін 10 % анестезиннен (Anaesthesinum) және 5% дерматолдан (Dermatolum) тұратын 20 г сүртпе май жаз.
  3. Сиырға венаға натрий хлоридтың (Natrium chloridum) дозасы 20г 10% ерітінді түрінде жаз.
  4. 3 литр калий перманганаты (Kallium permenganatis) ерітіндісін 1: 5000 қатынаста, сиырдың қынабын жууға жаз.
  5. 8 г ментолдан (Mentolum) 90 мл спирттен (Spiritus aethylicus) және 1 литр суға қоспа түрінде сиырға бер.
  6. Жылқыға венаға глюкозаның (Glucosum) дозасы 40 г, ампулада 20 мл 40% ерітіндісі бар.
  7. Жылқыға тері астына 6 г кофеиннің натрий бензоатын (Coffeinum natrii-benzoatis) бер. 1 ампулада 20% 10 мл ерітіндісі бар.
  8. 70 г бор қышқылынын (Acidum boricum) 20 г йодоформнан (Iodoformium) және 10 г стрептоцидтан (Streptosidum) тұратын, жараға өте ұсақ ұнтақ жаз.
  9. 20% глюкоза ерітіндісін (Glucosum) 250 мл қойға жаз.
  10. 200,0 дәрілік жалбыз тікен тамырының (Radix Althaeae) қайнатпасын жаз.

 

 

Вариант 3

 

  1. Жылқыға жараны жуу үшін 200 мл емен қабығының  (Corticus Quercus) қайнатпасың, 20 мл глицеринен (Glycerinum) тұратын сұйық қоспа жаз.
  2. 10 мл 5%  эфидрин гидрохлорид (Ephedrini hydrochloridum) ерітіндісін жаз. Иттің танауына күніне 3 мезгіл 5 тамшыдан тамызғанға рецепті (магистралды жолмен) жаз.
  3. Тері астына папаверин гидрохлоридтің (Papaverini hydrochloridum) дозасы 0,8 бер. 1 ампулада 2% 2 мл ерітіндісі бар.
  4. Амидопириннің (Amidopyrinum) дозасы 6,0, бір таблеткада 0,5 амидопирин бар. Қойға 3 мезгілден 4 күнге рецепті жаз.
  5. 200 г 10% тетрациклин (Tetracyclinum) сұртпе майын, магистралды жолмен жаз.
  6. 10% — тық 400 г мырыш тотығынан (Zinci oxydum) тұратын  паста жаз.
  7. Итке 5 күнге бір мезгілден чай қасықпен ішуге меруерт гүл тұнбасын (Convallariae majalis) жаз. (Доза – 5 г)
  8. Сиырға 9 г креолиннен (Creolinum) тұратын домалақ жаз.
  9. 180мл жалынгүл шөбі тұнбасы.  (Herba adonidis vernalis).
  10. 500,0 крахмал шырышты жаз.(Amylum)

 

 

Вариант 4

 

  1. 70 мл скипидардан (Oleum Terebinthinae), 80 мл мүсәтір спиртінен (Liquor Ammonium causticum), 30 мл  мендуана  майынан (Oleum Hyosciami), 50 мл  спирттен (Spiritus aethylicus) тұратын линимент жаз.
  2. Торпаққа 2 мг бір кг салмаққа новокаинды (Novocainum) 5%   ерітінді түрінде тері астына енгізгенге рецепті жаз. ( малдың салмағы 200 кг).
  3. Сиырға болюс ретінде натрий бромид (Natrium bromidum) жаз, дозасы 30 г. Күніне  2 болюстан 2 тәулікке рецепті жаз.
  4. Жылқыға венаға аналгиннің (Analginum)  дозасы 2 г, бір ампулада  50%- 1 мл ерітінді бар.
  5. Итке натрий барбиталдың (Barbitalum natrium) дозасы 0,6 г. Бір таблеткада 0,3 натрий барбитал бар, 2 мезгілден 5 күнге рецепті  жаз.
  6. Нилвермді (Nilvermium) сұйық ботқа түрінде 6 шошқаға жаз, дозасы 0,1 г.
  7. 160 г стрептоцидтен және талктен (Streptocidum, Talcum) тұратын өте ұсақ ұнтақ жаз.
  8. 20 г эуфиллиннен (Euphyllinum) тұратын 10 суппозиторий жаз.
  9. Тері астына папаверин гидрохлоридтің (Papaverini hydrochloridum) дозасы 0,8 ампулада  2% 2 мл ерітіндісі бар.
  10. 4% калий бромидтан (Kalii bromidum) және 0,5% натрий бромидтан (Natrii bromidum) және судан тұратын 150 мл сұйық қоспа жаз.

 

 

Вариант 5

 

  1. Ланалиннаң (Lanalinum) жасалған 100 г сұртпе май жаз. Осы майда йод (Iodidum) 2 болік, калий йодид (Kalium iodidum) 6 болік, ланалин 12 болік болсын. 
  2. 100 г өте ұсақ ұнтақ жаз, осы ұнтақта квасцы (Alumen) 60 %, салицил кышқылы (Acidum salicilicum) 10%, талк (Talcum) 30% болсын.
  3. Сиырға аминазинның (Aminazinum) дозасы 0,1 мг бір кг салмаққа (салмағы 300 кг) тері астына бір инъекцияға рецепті жаз. Бір ампулада 2,5 % 2 мл аминазин бар.
  4. Шошқаға 180 г линименты жаз, осы линиментта 2 болік кастор майы (Oleum Ricini), 3 болік мендуана майы (Oleum Hyosciami), және 1 болік хлороформ  (Chlorohpormium) болсын.
  5. Итке 10 пилюля жаз, оның ішінде болсын синтомицин (Synthomycinum), норсульфазол (Norsulfasolum), стрептоцид (Streptocidum) дозалары бірдей 1 г.  Ішке  күніне 2 пилюлядан  5 тәулікке.
  6. Торайға норсульфазолдан (Norsulfasolum) ботқаны жаса, дозасы 1 г. 
  7. Қойға левомицетин (Laevomycetinum)  таблетка арқылы бер, дозасы 2 г.  Мезгілі таблеткаларды  күніне 2 рет  5 тәулікке рецепті жаз.
  8. Итке эритромицин (Erythromycinum) 5 суппозиторий бер, дозасы 50000ЕД. Тік ішекке  1 суппозиторийден  5 тәулікке рецепті жаз.
  9. Емен қабығының (Cortex Quercus) тиісті концентрациядағы 200 мл қайнатпасы.
  10. Жылқыға венаға глюкозаның (Glucosum) дозасы 30 г  ампулада 10 мл 40% ерітіндісін бер.

 

Ветеринариялық фармакология және токсикологиямен  пәнінен  в/м    мамандықтарының  студенттеріне    арналған   тесті  сұрақтары.

 

SSS1. 

Дәрілік заттардың энтералды  жолдармен  енгізуін  белгілендер:

  1. A. Ауыз куысы арқылы;
  2. B. Тері асты  қабатына;
  3. Күре тамырға;
  4. Тік ішекке;
  5. Бұлшық етке.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *