Сілтілер 

Сілтілер  

Сілтілердің қасиеті – қышқылдарды бейтараптандыру, клеткаларды сусыздандыру, майларды сабынға  айналдыру және белоктерді еріту, міне олардың бактерицидтік әсері осы қасиеттеріне байланысты. Сілтілер өздерінің гидроксилды иондарымен және сілті ыдырағанда пайда болатын сутегімен әсер етеді.

Қышқылдардағы сыяқты, сілтілердің де әсер ету күші олардың ыдырау қабілетіне байланысты.

Еріткіш температурасының да маңызы бар, жоғары температурада ыдырау процесі едәуір тез өтеді, сондықтан қыздырылған ертінді күйінде сілтілер күштірек әсер етеді, ал салқын ерітінді күйінде едәуір әлсіз болады. Тез ыдырайтын анорганикалық сілтілер, баяу ыдырайтын органикалық  сілтілерден гөрі, күштірек әсер етеді.

Сілтінің концентрациясының маңызы да бұдан кем емес: сілтінің күшті ертінділерінің дезинфекциялық және бактерицидтік әсері, әлсіз  ертінділерінікінен гөрі, күштірек болады, өйткені бірінші жағдайда гидроксилды иондардың саны екіншідегіден гөрі көбірек болады. Күшті ерітінді күйдіреді, ал әлсіз ертінді тек тканьдерді тітіркендіреді немесе босатады.

Күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий – Kalium hudrooxydatum (Kalium causticum fusum) және Natrium hudrooxydatum  fusum (Natrium causticum). Сарғыш не көкшіл тартқан ақ кесек немесе таяқша, ашық  ауада еріп кетеді. Олар аузы жақсы жабылған, тығынының бетіне парафин не балауыз құйылған ыдыста сақталады.

Бұл сілтілердің 1 проценттік ерітінділері бірқалыпты тітіркендіргіш әсер етеді, ал 3-5 проценттік ертінділері күшті тітіркендіріп, кератоликалық әсер етеді, 10 және одан жоғары проценттік ертінділері тканьдерді күйдіреді.

Бұл препараттардың біріншісі де, екіншісі де күшті ерітінді түрінде немесе басқа заттармен қоспа түрінде үй-жайларды, қора-қопсыларды, мал тұрақтарын, құрал-саймандарды, оттықтарды және басқа да сілтіден бұзылмайтын заттарды дезинфекциялау үшін қолданылады.

Күл сілтісі – (сақар). Ағаш күлін 1: 10 – 1: 20 мөлшерінде суға салып қайнату арқылы алынады. Ыссы күйінде ол спора жасамайтын микробтардың барлығын өлтіре аалады. Ол оттықтарды, қора қабырғаларын, едендерді тағы сондай ағаш заттарды жуу үшін қолданылады.

Күйдірілген известь – Calcium oxydatum (Calcaria caustica s. Calcaria usta). Ақ, аморфты қатты кесектер, ол көмір қышқылды известі немесе мраморды  қыздырудан алынады, ол бұдан кейін суды сіңіре отырып, бірте-бірте сөне бастайды. Оны құрғақ, жақсы бітеліп жабылатын ыдыста  сақтау керек.

Сөндірілген известь (кальций тотығының гидраты) – Calcium hydrooxedatum. Күйдірілген известьке салмағының  жартысындай  су қосу арқылы алынады.

Известің сөну реакциясында  жылу көп шығады, бұл өрт жөнінен қауіпті нәрсе, өйткені ағаш, сабын, басқа да тұтанғыш заттар жанып кетуі мүмкін. Сөндірілген известь ақ,  ери қоймайтын ұнтақ, оның 0,4 проценттік   ертіндісі хлоера мен іш тифі  таяқшаларын  өлтіре алады. Известь суын (1: 20) бір жаққанның  өзінде тауық  холерасының  бактериялары өледі, қою  известьпен (1:3) бір сылағанда шошқаның тілме мен септицелиясын және топалаң бацилласын құртады.

Известі су – Aqua Calcis (Aqua Calcariae s. Calcium hudrooxydatum solutum  s. Calcariae caustica soluta)   Мөлдір, түссіз сілтілі сұйық зат, беті ашық тұрса немесе  одан ауа үрлеп өткізсе, көмірқышқылды известь құралуы салдарынан ол лайланып кетеді.

Бұл – сөндірілген (күйдіргіш) известің 1 проценттік ертіндісі, онда 0,15-0,17 проценттей кальций тотығының гидраты болады. Бір орынға жаққанда ол тұтқырлық және кептіргіштік әсер етеді. Сілті есебінде ол кілегейлі ерітіп, кілегей қабыққа тұтқырлық әсер етеді. Қарын мен ішекте ол шінара кальций хлоридына (CaCl2) және басқа қосылыстарға айналады.

Натрий карбонаты (көмірқышқылды натрий) – Natrium carbonicum. Кристалды, суға жақсы еритін ұнтақ. Натрий карбонатының күшті ертіндісі күйдіре әсер етеді, ал әлсіз  кілегей  қабықты  ерітеді, майды сабынға айналдырады, қабыршақты жұмсатып, тері мен кілегей қабықты тазартады.

Натрий карбонатының жылы ерітнділері дезинфекциялық әсер етеді, бұл әсер  температураның  жоғарлауына  байланысты  күшейе түседі, натрий карбонатының 2 проценттік ертіндісі 62 градусқа дейін қызғанда туберкулез  бацилласын 5 минут ішінде, ал 5 проценттік ертіндісі 80 градусқа дейін қыздырылса, топалаңының спорасын 10 минут ішінде өлтіре алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *