Қышқылдар Қышқылдардың дезинфекциялық әсері олардың тканьдерден суды тартып алуында, белокті ұйытып, сілтіні бейтараптандыруында. Минералдық күшті қышқылдар тек суды ғана емес, сонымен қабат сутегі мен оттегін де тартып алады. Қышқылдың дарулығы мен концентрациясына байланысты оның бір орынға әсер етуі тканьдерді пайда болатын бос оттегілері де көмектеседі. Қышқылдың бактерицидтік әсері көбінесе оның ионға ыдырау дәрежесіне байланысты. Қышқыл неғұрлым толығырақ және тезірек ыдыраса, соғұрлым оның әсері күштірек болады, өйткені мұнда сутегі иондары көп құралады, ал қышқылдың бактерицидтік әсерін туғызатын негізінен осы сутегі иондары. Еріткіш температурасының жоғаылауы да бұны күшейте түседі, өйткені мұнда қышқылдың ыдырауы толығырақ және жедел болады. Қышқылдардың күштісі, орташасы, әлсізі болады. Күшті қышқылдарға фторлысутегі, азот, үшхлор, сірке қышқылдары жатады, орташа қышқылдарға хлорлы сутегі (тұз) қышқылы және әлсіз қышқылға күкірт және фосфор қышқылы және әлсіз қышқылға күкірт және фосфор қышқылы жатады; алайда бұл айырмашылық олардың бактерицидтік құндылығын толық көрсетпейді. Ол құндылық қоздырғыштың түрінде де байланысты.
Мысалы, азот қышқылы споралы және коккты микробтарға таңдап әсер етеді, фторлысутегі қышқылы топалаңның спорасына өте күшті әсер етеді де, стафилококктарға әлсіз болады, күкірт қышқылы стафилакокктарға өте күшті әсер етеді, ал басқа микробтарға әлсіз болады.
Қышқылдар тканьдер мен заттарға қатты бұза әсер ететіндіктен, олар басқа дезинфекциялық дарулармен аралас түрде (мысалы күкірт-крезол қоспасы) көбінесе, мал қорасын, тұрақтарды, жер бетін, атбайлауштарды т.с. дезинфекциялау үшін қолданылады.
Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- хлорлысутегі т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.
Хлорлысутегі, яғни тұз қышқылы – Acidum hudrochloricum. Тазартылмай (Acidum hudrochloricum crudum), тазартылған (Acidum hudrochloricum purum) және ерітілген хлорлысутегі қышқылы (Acidum hudrochloricum dilutum деген түрлері болады) соңғысы – судың екі бөлегі мен тазартылған қышқылдың бір бөлегінің қоспасы.
Қышқылдың тазасы да, ерітілгені де түссіз келеді, ал тазартылмағаны – сарғыш келген, ащщы иісі бар сұйық зат. Марганецтің асқын тотығын қосып қыздырғанда қышқылдан хлор бөлініп шығады.
Сүт қышқылы – Acidum lacticum. Шырын тәрізді, түссіз немесе аздап сарғыш, иіссіз, қышқыл дәмі бар сұйық зат, суға жақсы араласады. Онда 75 проценттей таза сүт қышқылы болады. Сүт қышқылы ашу процесіне қарсы, антисептикалық және тітірендіргіш әсер етеді: асқазан жолындағы сфинктерлердің күшін (жыйырылуын) бәсеңдетеді.
Қышқылдың 10-15 проценттік ерітінділері ісікті күйдіруге қолданылады. 5-10 проценттік жылы ертінділері сыйыр трихомонозбен ауырғанда қынабына енгізу (жуу) үшін қолданылады.
Бор қышқылы – Scidum boricum. Түссіз, жылтырауық, суға етитін кристалл. Антисептикалық дару есебінде қолданылады. Борикум қышқылын көп ішкізсе, қарынды тітіркендіріп, құстырып, гастроэнтеритке ұшыратады.
1-4 проценттік ертіндісі жараны шайып жуу үшін, сондай-ақ таза күйінде немесе қойған мақсатқа қарай басқа даруларды қосып, сеппе ұнтақ түрінде қолданылады, көзді емдеу үшін тамшы түрінде 1-2 проценттік ертінді түрінде қолданылады.
Сіркесу қышқылы – Acidum aceticum. Түссіз, ұшқыш, сіркесу иісі бар сұйық зат. Сіркесу қышқылы үш түрлі концентрацияда қолданылады.
Официналдысы – концентрацияланған сіркесу қышқылы- Acidum aceticum concentratum ол, мұзды сіркесу қышқылы деп те аталады, онда 96 –100 % таза сіркесу қышқылы болады.
Іс жүзінде жұртқа мәлім және көп тарағаны – ерітілген сіркесу қышқылы — Acidum aceticum dilutum, онда 30 % сіркесу қышқылы болады. Ең ақырында сауда орындарында сатылатын ас сіркесуы қолданылады, онда 6 % сіркесу қышқылы болады.