Мыс сульфаты

Мыс сульфаты (күкіртқышқылды мыс, мыс көк дәрісі) – Cuprum sulfuricum. Бұл ауаға ақырын ғана ұшатын, металл дәмді көк ұнтақ немесе кристалды көк ұнтақ. Көк дәрі су мен глицеринде жақсы, ал спиртте нашар ериді. Оның концентрацияланған ертінділері жараларға және кілегей қабықтарға күйдіргіш, ал әлсіз ертінділері – тұтқырлық және тітіркендіргіш әсер тигізеді, сондықтан да ішке қабылдағанда малды құстырады.

Мыстың қызыл қан түйіршіктерінің пайда болуын  күшейтетіні, организмнің темірді сіңіруін жеңілдететіні және  гемоглобиннің құралуына көмектесетіні анықталған.

Тотыянмен  (per os) улану белгілеріне: құсу, қанаралас тышқақ, тамыр әлсіз соғу,  әлсіз тыныс алу, коллапс, дірілдеп жалпы параличке ұшырау белгілері жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *