Паразиттерге қарсы басқа препараттар
Темекі – Tabaccum (Folium Nicotianae). Темекінің жапырағында 8 процентке дейін никотиннің сұйық алколоиды болады. Никотин – күшті у; ол тіпті зақымданбаған теріден де жақсы өтіп кетеді. Оның аз дозасы орталық нерв системасын және вегетативтік системаның ганглилерін (түйіндерін) қоздырады. Көп дозасы бұларды параличке соқтырады. Бұл параличте белгілі бір реттілік болмайды, никотиннің жануар организміне тигізетін уытты әсерінің құбылмалы болатындығы да осыдан; организмге енген никотин тез ыдырап кетеді.
Жүректің қызметі ілкіде бәсеңдеп, соңынан шапшаңдайды, тыныс жиілінеді, ал дозасы көп болғанда тыныс орталығының параличке ұшырауынан тыныс тоқтап қалады; бездердің, әсіресе сілекей безінің, секрециясы күшейеді, ішектің перистальтикасы мен жатырдың жапырылуы да күшейе түседі; рефлексті сезімталдық артады. Никотиннің көп дозасы тырысқаққа үшыратады.
Никотин битті, бүргіні қотыр кенесін өлтіреді. Тиген жерін тітіркендіреді. Мал дәрігерлігінде темекі жапырағы паразиттерге қарсы қайнатынды немесе ванна және күштілігі 5 проценттен аспайтын темекі тұнбасымен жуу түрінде қолданылады. Қыршаңқыға (қотырға) қарсы дару есебінде ваннамен жуу үшін мынадай қоспа әзірлененді: 7,5 кг қаратемекі 50 л суға әбден қайнатылып, содан кейін оған 50 л су және 1 килограммнан поташ (сақар) пен фенол қосылады. Мұндай қоспаның қажетті мөлшеріне қарай ингредиенттердің (құрам бөлшектерінің) тиісті мөлшері алынады. Мысалы, 50 л қоспа әзірлеу үшін 1,5 кг темекі алынады да, 10 немесе 50 л суға қайнатылады; бұл қайнатындыға 200 грамнан поташ пен фенол ерітіледі. Бірақ мұндай ванна қой қотырын емдеу үшін огша сенімді болмайды.
Пиретрум – Pyrethrum. Пиретрум (далмат шытыры) – көпжылдық өсімдік, онда 1 процентке дейін пиретирин (спирт пен хризантема қышқылдарынығ күрделі органикалық эфирлері) болады. Пиретрумдер жылы қанды жануарларға қауіпсіз болады, ал кенелер мен басқа насекомдарға улы келеді. Пиретрумді шытырды ССРО –ның барлық аудандарында дерлік өсіруге болады. Пиретрум ұнтақ, смола (олнорезина), эмульсия- суспензия тағы басқа дәрілік түрінде қолданылады. Ұнтақ тозаңдату жолымен, ал олеорезина мен суспензия жануарды жуу жолымен пайдалынылады. Бұл препараттар қой қотырын жазады.
Дифениламин – Diphenulaminum (ДФА). Бұл – жылтырауық жапырақшалар, олардың ерекше гүл иісі бар. Суға ерімейді, ал органикалық ертінділерге (спиртке, бензолға, эфирге) ериді. Бір күн тәулігінің ішінде бит-бүргені өлтіріп болады. Ол ұнтақ түрінде қолданылады.
Биэтилксантоген. Сары кристалл зат, онда органикалық қосылыстағы күкірт болады, ол суға ерімейді, ал спиртке, эфирге, шыны майларға жақсы ериді. Бұл күшті инсектицидтік қасиеті бар. Уыты шамалы және теріге қолайсыз тітіркендіргіш әсер етпейді. Биэтилксантоген не арнап жасалған К сабыны түрінде, немесе КЗ препараты түрінде қолданылады.
К сабыны. Кір сабын мен биэтилксантогеннің бірдей мөлшердегі қоспасы. Бұл сабынның ерекше иісі бар және онда 52 % күкірт болады; оның инсектицидтік қасиеті күшті келеді; теріні тітікендірмейді. Адам қышымасын емдеуге ұсынылады. К сабыны жануарлар биттегенде қолданылады, бұл үшін жануар 2 проценттік эмульсиямен жуылады және терлік пен жабу шылынады.
КЗ препараты. Биэтилксантогеннің сульфирленген және нафтолды майлармен немесе зығыр майымен, күйдіргіш сілтінің бейтараптандырылған 30 проценттік ертіндісімен бірдей мөлшердегі қоспасы. 25 градустық температурада бұл – қою, мөлдір, қоңыр сұйық зат, суда жақсы эмульсияланады.
КЗ препаратынан 6 проценттік сулы эмульсия әзірленіп, 40-45 градусқа дейін қыздырылады да, терінің зақымданған жерлеріне щеткамен сүртіп енгізіледі. КЗ препараты жануарлардың қыршыңқысы мен битіне қолданылады.
Дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ). Бұл препарат тазартылған және тазартылмаған түрде болады. Тазартылғаны иіссіз, ақ ұнтақ, суға ерімейді, бірақ майларға жақсы ериді. Тазартылмаған немесе техникалық препарат – ұстап қарағанда майлы болып сезілетін ұнтақ тәрізді зат, түсі ақшыл немесе сарғылт болады, көмескі жеміс иісі бар. Бұл да, алғашқы сияқты, суға ерімейді, бірақ органикалық ертінділер мен майларға жақсы ериді. Мұнай майларында (вазелин, тазартылған соляр майларында) ол 8-10% мөлшерінде ериді.
ДДТ — өте тұрақты препарат. Қышқылдар мен сілтілердің сулы ертінділері, сондай-ақ біршама қыздыру да, оған шамалы әсер етеді. Күн сәулесінің әсерімен ол ыдырамайды.
СК –9 препараты. Біркелкі қою, қарақоңыр сұйық зат, ерекше иісі бар. Бұл – хлор көп қосылған скипидардың, балық майының, зығыр майының, эмульсия жасайтын заттардың қоспасы; химиялық қосылыстағы хлорлы 54 процентке дейін болады.
СК –9 препараты – қыршыңқымен, бүргемен, битпен, түкжегімен, қабыршақты экземамен күресу құралы. Ұсақ жануарлар 2 проценттік эмульсияда 2 минуттай тоғытылады, ал ірі жануарларға осы препараттың 2-4 проценттік эмульсиясы жағылады.
Гексахлоран – Hexachloranum. Ақсары ұнтақ, суға ерімейді, ал органикалық еріткіштерге, әсіресе ацетонға, жақсы ериді. Бұл препарат бензолды күн көзінде хлорлау арқылы немесе бензолға сынап-кварц шамымен жарық түсіру арқылы алынады. Гексахлораның ащы дәмі және жағымсыз шірік иісі болады. Жоғары температураға төзімді келеді. Сілті әсерінен тез бұзылаы.