Темір – Ferrum. Темір өсімдік пен жануарлардың барлық клеткаларының қажетті құрамды бөлігі.  

Темір – Ferrum. Темір өсімдік пен жануарлардың барлық клеткаларының қажетті құрамды бөлігі.                                                          

         Бір жерге қолданғанда темір тұзы да басқа металлдардың тұзы сыяқты күйдіргіш, тітіркендіргіш және тұтқыр әсер етеді. Темір тікелей жілік  майларының қан жасап шығаратын қабілетін күшейтіп гемоглобин жасалуын көбейтетіндігі анықталады. Темірдің әсерінен қандағы гемоглобиннің проценті  көбейеді және дененің тірілей салмағы артады. Мыс қосылса темірдің сіңуін жақсартады, қанның қызыл түйіртпектерінің жасалуын  көбейтеді.  Гемоглобин темірі оттегін клеткаларға тасыйды, ал   тканьдегі темірлер оттегін қабылдайды; соның салдарынан организмдегі тотығу процесі артады.

         Органикалық темірде, анорганикалық темірде негізінен алғанда онекі  елі ішекке сіңеді, бұнда біріншіден гөрі   соңғысы (анорганикалық) жақсы болады, қышқылдығынан өте (тотыққан) темірдің фармакологиялық әсері тотыққан темірдікінен гөрі күшті  келеді. Темір бауырға,  жілік майына және көк талаққа жыйналады. Организмнен негізінен жуан ішек арқылы бөлініп шығады.

Организмде темірдің жеткіліксіздігі мынадай белгілермен көрінеді: қандағы гемоглобиннің проценті жіті азаяды, кілегей қабықтар бозарады, бауырды, басқада паренхиматоздық органдар мен еттерде көптеп май басу пайда болады, мал болбырланып, қозғалуы азаяды.

Ішке берілген темір бәрінен бұрын ішек-қарынның кілегей қабығына тұтқыр әсер етеді, ішектегі  күкіртті сутегін байластырады, осы ішектің перистальтикасын күшейтетін факторлардың бірін жояды, сөйтіп ол ішті бекітуге жәрдемдеседі. Ол көп дозада берілсе шекті қатты тітіркендіргендіктен құстырып және  тышқақтатады.  Бұны болдырмау үшін темір препараттарын азықпен бірге немесе қарыны тоқ малға беру ұсынылады.

 

 

5 Тарау Химиотерапиялық заттар

 

Микробтарға және паразиттерге қарсы заттардың жалпы жіктелуі:

  1. Формальдегид тобы (формальдегид ертіндісі, лизоформ, гексаметилентетрамин)
  2. Өзінен өттегін беретін заттар (карбоген, пергидроль, перекись водорода, калия перманганат)
  3. Хлор тобы ( кальция гипохлорид, натрия гипохлорид, антиформин, хлорад, хлорамин Б, пантоцид)
  4. Кышкылдар тобы (хлористоволородная, серная, борная, уксусная, молочная)
  5. Сілтіллер тобы (гидроокиси натрия, калия, кальция; карбонаты натрия, калия, кальция; натрия гидрокарбонат, натрия борат, магния окись)
  6. Сабындар (натрий және и калий сабындар)
  7. Фенол, крезол және олардың туындылары (фенол, гваякол,тиокол, серно-крезоловая смесь, лизол, нафтализол, креолин, нафталин, бетанафтол, бензонафтол)
  8. Дәрілік бояулар тобы (Бензидин туындылары –наганин, трипансинь; акаридин және анилин туындылары – флавакридина гидрохлорид, аминоакрихин; розалин туындылары – бриллиант көгі, пиоктанин; хинолин туындылары – пироплазмин, гемоспоридин, хинозол;  нитрофуран туындылары – фурацилин, фуразолидон, фураганин, фуроксин, фуразонал)
  9. Сульфаниламид препараттары (стрептоцид, норсульфазол, бисептол, уросульфан және т.б.)
  10. Антибиотиктер (Пенициллины, тетрациклины, стептомицины және т.б.)
  11. Антигельминттер (пиперазин, мебенвет, ивомек және т.б.)
  12. Инсектицидтік және акарицидтік заттар ( фосфорорганические қосыныстар, хлорорганические қосыныстары және т.б.)
  13. Дератизациялық заттар (дифенацин, зоокумарин, крысид, фосфид цинка)

Бүкіл организмді зарарсыздандыру ісі өте қыйын бола тұрса да, ауру қоздырғыштарына өлтіре әсер ететін, бірақ жануар организміне зыянын тигізбейтін заттарды іздестіріп табу мәселесі туды.                          

Кейбір заттардың тек белгілі бір аурудың қоздырғышына әсер ететіні мәлім. Мысалы,  хинин безгекті емдеуге, салицил қышқылы мен оның препараттары ревматизмді, сынап қосылыстары сифилисті (теңгеқотырды) т.с.емдеуге қолданылады.  Арнаулы заттарды іздестіргенді минимум органотропты және максимум этиотропты әсері бар даруларды табу мақсаты қойылды. Олар – химиотерапиялық дарулар, ал олар жөніндегі ілім химиотерапия деп аталады. Бұл терапияның (емдеудің) негізгі принциптерін ашқан орыс ғалымдары Романовский, Виноградов т.б.; бұлардан кейін осы мәселемен Эрлих көп шұғылданады. Химиотерапиялық препараттарды зерттеу және оларды мал дәрігерлеріне енгізу жөнінде профессор Якимовтың еңбегі өте-өте зор. Шынында да, В.Л.Якимовты Отанымыздың малдәрігерлік химиотерапиясының негізін қалаушы деп санауға болады.      

Химиотерапиялық препараттардың бір ерекшелігі – олардың басым көпшілігі өздеріне тән паразитотроптық әсерлерін тек жануар организмінде (in vivo) немесе адам организмінде тигізеді және организнен тыс теріде (in vitro) өте әлсіз болады немесе мүлде әсер ете алмайды. Химиотерапиялық заттармен организмнің тканьдері қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде әлі анықталып болмаған жаңа заттар құралады, олар ауру қоздырғышын өлтіреді, ал организм тканьдері осы аурулардың әсерінен әлденіп, қорғаныш заттарын шығарады.

Химиотерапиялық заттардың ең маңыздылары мыналар: мышьяктың органикалық туындылары, бояу топтары, сульфаниламидтер және антибиотиктер.  

Эрлихтің көптеген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мышьякты  қосылыстар – сальварсан (606), неосальварсан (914), атоксил және басқа қосылыстар алынады. 606 және 914 цифрлары алғашқы препарат мышьяктың  структурасын 606 рет, ал екінші препарат- 914 рет өзгерткенде алынғанын көрсетеді. Бұл препараттардың кейбір жұқпалы ауруларда өте дарынды екені анықталды. Бірақ бұлардың  кейбіреулері, мысалы, сальварсан, организмге улы әсер еткен, сондықтан кәзір олар қолданылмайды.

Біздің отандық химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіп соңғы он жыл ішінде химиотерапия саласында едәуір табыстарға жетті. Малдәрігерлік практикасына әрбір аурудың қоздырғышына арнаулы әсері бар жаңа қосылыстар күн санап шығарылуда. Химиотерапияның табыстары айтарлықтай зор, сондықтан оның болашағы да үлкен.               

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *