Адренерглик заттар

Адренерглик заттар

Адреномиметикалық заттар: Адреналин, эфидрин.

Адреналиннің әсері қозған симпатикалық нерв әсеріне сай келеді. Сондықтан да оны симпатомиметикалық зат деп атауға  болады.

Адреналин жүректі қоздырады: оның  жыйрылуы жиі және  күштірек  болады:  тамырлар (ұсақ артериолдар, венулдар және капиллярлар),  әсіресе құрсақ  тамырлары  тарылады, мидың, жүректің және өкпенің  тамырлары кеңейіп, қан қысымы артады, ішек  пен бронхлардың  тегіс бұлшық еттері босайды, бірақ ішек-қарын  жолының және  қуықтың  сфинктерлері  жыйрылады.Жытырдың  жыйрылуы, әсіресе  буаз мардарда  күшейе түседі. Сілекей, жас шығу  безі және жылқыда  тері  безі үлкейеді (сілекей  секрециясы қою болады). Адреналиннің әсерінен тыныс  орталығы қозады.

Адреналин қан  ұюын  күшейтеді. Оны бір жерге  қолданғанда  капилляр мен ұсақ  тамырларды  тарылтады. Тез бұзылатын болғандықтан оны ішке  қолданбайды, тері астына, қанға және етке жіберуге пайдаланады.

Адреналинді: 1.  жүрек тоқтаудың  қаупы  болғанда- қанға немесе  тікелей жүрек  етіне жібереді; 2. Анестезиялағыш  дәрілердің  күшін арттырып, әсерін ұзартып және уытын  азайту  үшін  қолданады; 3. терлеткіш ретінде  жылқының  қанына немесе  тері астына жібереді.

                            Адренолитикалық заттар.

 

Қастауыштар- қастауыш дәнді өсімдіктің масағында болатын ұшкырлы, имиген, қара немесе қара  көк түрде болады.

Қастауыштарды: 1. жатырдан қан  аққанда, қан тоқтатқыш әсер етеді; 2. іштегі төлді шығарар кезде /дәуірінде/ (іш тастағанда)  толғақ нашар болған жағдайда; 3. туғаннан кейін жатырдың жыйырылуын күшейтіп, шудың  шығуын  тездетуге және  қанды  тыюға қолданады.

Қастауышпен жіті улануда малдың тынышы кетіп, сілекейі ағады, құсады, тышқақ болады, шанышқақ тиеді, тыныс  орталығының  салданудан өледі.

Қастауыш препараттары: қастауыштың ұнтағы, қастауыштың сұйық экстракты,  эрготин т.б. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *