Cтерильді маталар

Басынан күн өткен  жағдайда, егер  ол адам  кенеттен  пайда болған әлсіздікті, басы  айналғаның, жүрек  жұмысының әлсіреуін сезсе, ол адамды  ауасы таза,  салқын жерге  апару керек. Бетіне  желпу арқылы, басы мен  кеудесін суық  сумен  сулау  арқылы  денесін  суыту керек. Егер тыныс алуы  әлсіресе  немесе тоқтап қалса,  жасанды тыныс  алдыру керек. Дәрігер келгенше ол  толық  тыныштықта болу керек.

Электр тоғымен зақымданған кезде лезде электр жүйесін өшіру керек. Токты  өшіруге  болмайтын жағдайда, адамды  электр тогының әсерінен босату үшін құрғақ  ағаш, тақтай, резеңке қолқаптарды пайдалану керек. Металл және су заттарды қолдануға болмайды. Сонымен қатар, оның киімсіз, ашық дене  бөліктерінен ұстауға болмайды. Егер адам  есінен  танбаса, онда оны  ыңғайлы жатқызып, киімінің  түймелерін  ағытып, таза  ауамен дем  алдыру керек. Дәрігер келгенше ол  толық тыныштықта  болу керек.

         Ал егер есінен  танып  қалатын болса,  бетіне су бүркіп, денесін ысқылап жылытып, мүсәтір спиртін иіскетеді. Тыныс алуы  әлсіресе немесе  тоқтап қалса,  жасанды тыныс  алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық  тыныштықта болу керек.Улы химикаттармен уланғанда адамды ол жерден тез алып кетіп, кірленген және тар  киімін шешу керек. Көзге немесе теріге  түскен улы  затты көп  мөлшердегі  сумен жуу керек, көзді ас содасының немесе бор қышқылының 2%-к  ерітіндісімен жуу керек. Улы химикаттың  асқазанға түскен  жағдайында  адамға  бірнеше стақан су немесе  ашық  қызғылт түсті  калий-марганец  қышқылды   ішкізу керек. Құсқанан кейін 2-3 қасық  активтелген көмір  жарты  стақан суға ерітіп  ішкізеді. Іш өткізетін зат  енгізеді (күкірт қышқылды  магнезияның 30% -к ерітіндісінен 100-150 мл немесе 20 грамм ащы тұзды  жарты стақан суға  ерітеді). Дәрігер келгенше уланған адам толық  тыныштықта болу керек.

Көмір тотығынан (угарный газ, СО) жіті уланған кезде адамды ол жерден тез алып шығып, тыныс алуын  қиындататын заттардың (түймені ағыту,  белдікті босату )түгелін  алып тастау керек. Оны ыңғайлы  жатқызып,  табанына грелка, горчичниктер қою керек (күйіп  қалмауын қадағалау керек). Есінен танып қалса, мүсәтір спиртін иіскетіп, кеудесі мен бетіне суық су  бүркиді, денесін ысқылайды. Дәрігер келгенше оған толық тыныштық беру керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *