Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыстеу барысындағы техника қауіпсіздігі.

Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке  құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және  өрттің алдын-алу  шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды  жүргізілген күні мен  оқутушының аты-жөні жазылған  арнайы  журналға қол қояды.

         Құралдар мен құрылғылар  жиналып, химиялық реактивтер мен  сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін  жұмыс істеуді  бастайды.

         Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді.

         Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік  ережелерін және  санитарлық- гигиеналық  нормаларды қатаң сақтаулары керек:

  • Клиника лабораториясында жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелеріне және еңбек қорғауға институттің мүдірі мен  кафедра меңгерушісі  жауапты;
  • Лабораторияда жұмыс істегенде  міндетті түрде ақ халат пен  қалпақ кию керек;
  • Шыны ыдыстармен абайлап жұмыс істеу керек;
  • Концентрациялы химиялық реактивтерді қолмен ұстайуға болмайды;
  • Сынық , жарылған ыдыстарды жұмыс істеуге болмайды;
  • Лабораториялық жұмыстарды жүргізіп болған соң барлық құрылғыларды  тоқтан ажырату керек;
  • Студенттер нәтижесі белгілі және оқытушы рұқсат еткен лабораториялық эксперименттерді жасау керек;
  • Студенттер лабораторияда жеке бас тазалығы ережелерін сақтау керек;
  • Сабақ уақытында тамақ ішуге,  темекі  тартуға, арнайы киімді  шешуге болмайды;
  • Лабораторияға арнайы киімсіз кіруге, киім аустыруға болмайды. 

Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері

Лабораториялық жануарларға операция  жасағанда, инъекция  енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер  орнатқанда  ауырсыну  болмау үшін,  жергілікті   жансыздандырғыш немесе  жалпы  есірткі заттар пайдалану керек.

Бекіту  әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды  бекіту үшін  жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың  көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады.  Қояндармен теңіз шошқаларын  көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе  қолында жұмыс  істеуге ыңғайлы  қалыпта ұстайды. Итті    тексерген кезде, қандай жуас  ит болмасын  оған томаға  кигізу қажет, егер олар   жоқ болса,  онда иттің жағын жіңішке жіппен  буып,  түйіннің  ұшын желкенің  мойнынан  байлау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *