Әсер механизимі.
Парасимпатикалық нервтерге жығыды: орта ми, сопақша, мойын бөлімі, nervus sacralis.
Симпатикалық нерв- жұлын ми.
Парасимпатикалық нерв қозғанда оның ұштарында тез ажырайтын химиялық зат- ацетилхолин пайда болады; ол сілтілердің және холинэстераза ферментінің әсерімен оңай бұзылады.
Ацетилхолин – ол медиатор импульсты нервтен клеткаға жеткізіп тұратын затқа жатады.
Холиномиметиктер:
Карбохолин- м-, н-холиномиметикалық зат. Ол парасимпатикалық нервтердің ұштарын қоздырады. Ол сілекей және асқазан бездерінің секрециясын өте қатты күшейтеді. Карбохолин- катар бонхиалдық, тер шығаратын, жас шығаратын бездерің және танаудың кілегей қабығының бездерінің секреторлық функциясын күшейтеді.
Карбохолин- бронхтардың, жатырдың, қуықтың тегіс еттерін түйілтіп, көз қарашығын тарылтады (миоз), көз жасының шығуы күшейгенмен көздің қысымы азаяды. Жүрек қызметін бәсендетеді, бұл кезде қан қысымын төмендетеді.
Карбохолинды колданады:
- ішек каналы бітелмеген жағдайда ғана іштегі қатып қалған нәжісті жібітіп айдау үшін және шаншу тигенде іш жүргізгіш ретінде;
- Ішек перистальтикасын күшейту үшін;
- тұяқ ревматикалық қабынуға ұшырағанда;
- бүйрек қызметінің нашарлау салдарынан;
- ми мен жұлын қабынғанда (менингитке қарсы);
- ми мен жұлынға сұйық толып кеткенде;
- аз дозада асқазан созылмалы бұзылысқа ұшырағанда және іш кепкенде (тимпания);
- 0,5-2% ертінді түрінде көз қарашығын тарылту және көздің ішкі қысымын азайту үшін қолданылады.
Қолдануға болмайды:
- іштастатпау үшін буаз малдарға;
- ішек бітеліп нәжіс жылжый алмайтын жағдайларда (ішек- қарын жемге немесе газға толып кеуіп кеткенде);
- сіреспе болып ауырғанда (бронхыларының түйілуінің нәтіжесінде мал тұншығып өледі);
- фарингитпен ауырғанда;
- жүрек әлсірегенде (жүрек тоқтап қалуы мүмкін);
- өкпе аурулармен ауырғанда , эмфизема(тыныс алу нашарлауы мүмкін).
Препараттар:
Карбохолин, пилокарпин,ареколин, физостигмин.
Холинолитиктер- Атропин сульфат.
Атропинның әсері ең алдымен парасимпатикалық нервтердің ұшын (салданудан) парализдеуден көрінеді. Холинолитиктердің атқаратын қызметі тежеліп, симпатикалық нерв басымрақ болады.Осының нәтижесінде жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы артады барлық бездерің, оның ішінде тері бездерінің секрециясы азаяды немесе тоқтайды. Ішектің перистальтикасы баяулайды, көбінесе мүлдем тоқтап қалады, осының салдарынан сиырда іш кебуі жиі болады. Көз қарашығы кенейіп, жалтырап кетеді, көздің ішкі қысымы артады. Көздің әр түрлі кашықтағы заттарды көру кабілеті жойылып, көз аккомодациясының параличі болады. Зат кішірейіп көрінеді.