Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз 

.  Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз 

Наркоз деп орталық невр системасын уақытша әлсіретуді айтамыз, мұнда өмірге өте манызды- тыныс және  қан айналыс  әрекеттері сақталады, сыртқы эсерді сезу, аурулық рефлекстік сезім  толық  жойлып, скелет  мускулдары  босайды.

Физикалық  қасиеттеріне қарай, наркоздық заттар ингаляциялық (ұшқыш заттар) және ингаляциялық емес (ұшпайтын заттар) бөлінеді.

Ингаляциялық наркоз  жануарлар мен өсімдіктердің барлық  клеткаларына да  наркоздық әсер етеді.

Ингаляциялық наркоздық заттар сұйық және газ түрінде болады, олар дем алғанда ауамен  бірге тез  өкпеге  енеді;  содан кейін  дереу қанға еніп,  негізінен  орталық нерв  системасына әсер етіп,  мынадай кезекпен  әлсіретеді: әуелі мыйды,  әсіресе ең  алдымен оның  қабығын, содан кейін  жұлынды, ең  соңынан  сопақша мыйды әлсіретеді. (Хлороформ, эфир, хлорэтил, азот тотығы,)

Ингаляциялық емес наркоздық заттар- көбінесе каты заттар, ішшектен қанға баяу енеді және  организимнен де  баяу шығады. Сондықтан олар  орталық нерв  системасына ұзақ әсер етеді. (хлоралгидрат,уретан, нарколан,гексенал)

Наркоздық заттардың емдік құндылығы- олар  сопақша мыйды және оның  өмірлік  орталықтарын  бәрінен де аз  әлсіретеді.

Наркоздың сатысы – 1. алғашқы сатысы –аналгезия (мелшеу)

 2 сатысы- қозу -аурулық сезімнің жойылуы, /мыйшықтың паралич- салдану болуы/ және  жоғарға  сезімдердің  бұзылуы мый  қабығының әлсіреуімен  байланысты.

3 сатысы- ұйықу- хирургиялық наркоз. Хирургиялық наркоздың 4 дәрежесі бар.  Жұлынның параличі – салдану  қарапайым  рефлекторді  тоқтатып, бұлшық еттерің /скелеттік мускулдарды/ босатады.

Этилды алкоголь – alcohol aethylicus (Spiritus vini).

Спирт қанға еніп  наркотикалық әсер етеді, бірақ оның хлороформ  немесе эфир  сыяқты ұшкыштық  қасиеті болмағандықтан мұнда наркоз жәй болады және ұзаққа  созылады. Алкоголь  көп берілсе  тыныс және тамыр  қозғағыш  орталықты салдынуға  әкеледі. Наркоздан бұрын оның  әрекеті басқа ұшқыш  (наркотиктердікі) есірткі заттар  сыяқты қозу  кезеңі (сатысы) болады.

         Спирттің аз  концентрациясы  ауызда рефлекс  тудырады және қан арқылы қарын мен  қарын асты безі  сөлдерінің  бөлініп шығуын күшейтіп, тәбетті  арттырады. Концентрация күшті болса  қарынның кілегей қабығына тітіркендіргіш әсер етіп сілтілі  сілекейдің  бөлініп  шығуың  күшейтеді, бұл ас қорытуды бұзып, қарын  қабынуы  пайда болуына себеп болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *