Дәрі-дәрмектерді сақтау
- гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста:
- жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде;
- оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры — өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде;
- күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде;
- жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады.
Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді.
Аптекадағы ыдыстарды таза ұстап, олардың дұрыстап жуылуына ерекше көңіл бөлу керек. Шөлмек және фарфор ыдыстарды алғаш рет кәдімгі суда сулап, содан кейін жылы сілтімен немесе жылы сабын ертіндісімен жуады. Оларды қыл немесе сым щеткалардың көмегімен жуып, ал содан соң жылы таза судың немесе кран суының ағынымен әбден шаю керек. Оларды төңкерілген күйінде аша ағашқа іліп кептіреді, ал бұл ыдыстар сілтілер ықпалымен бұзылатын дәрілерге арналса, онда оларды 0,5 процент тұз қышқылымен шаяды.
Бұрын қолданылған және сырттан түске (ауру малдардың инелерінен т.б.) ыдысты алдын ала бір тәулігі ішінде алмас ертіндісімен дезинфекциялайды. Содан кейін оны сілтіге немесе сабын ертіндісіне салып қайнатады, осыдан кейін ғана барып жоғарыда көрсетілген тәсілмен жуады.
Металдан, мүйізден немесе пластмассадан жасалған қалақтарды, совочкаларды, капсул жасағыштарды жылы сабынды суда жуып, содан кейін жылы таза сумен немесе кран суының ағынымен шаяды, содан соң бұларды арнаулы таза орамалмен сүртеді.
Қол таразыларының табақшалары таза орамалмен, ал қажет болса спитрпен жуып сүртіледі.