Құрмалас сөйлемдердің даму тарихы

Құрмалас сөйлемдердің даму тарихы

Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде жиі кездесетіні есімшенің -ған/-гән, -қан/-кән жұрнақты түрі. Есімшенің бұл түрі бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін мынадай формада тұрып атқарады:

  1. Жатысжалғаулыформада. Мысалы:

Мен алты яшқа иеткәнде, анам хақ рахматына кетді (192). Мен суның орта иеріне и е т к ә н д е, атымның қүлақы илан бұрны ғана көрінді, башқа иері батды (193). Асфандияр ба рғ ан д а, Ғажамның падшаһсы Ғабас-Мазы дигән кемсе (кісі) еді (193). Жаным тәнімде болып тұрғанда, мен ерге бармам! (41). Бірнеше күнден соң, сахар уақтында, түнлікдин үйінің ішіне құяш кебі яқтылық т ү ш к ә н д е, иоқары асмандан төгән иергә таба (таман) созылған иәрсе пайда болды (42). Барыс иылы башында Шыңғыс хан қырық яшына и ст ә н д ә, тігі яқтан бір кіші Шыңғыс хан тарафына қашүп келді (48). Ертішге яқын иеткәндә, ойрот елі ұшырады (56). Шыңғыс хан олжаларны алып юргәндә, мен мұнда қашұп келдім (58). Мұнда ұлұғ дұшман мемлекетімнің бір тарафындан  пайда болұп тұрғанда, ұзақ сафарға бармақым лайық емес дұр (60).

Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан бұл мысалдағы сөйлемдердің барлығы да мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге жатады.

  1. Өткеншақтықесімшеніңшығысжалғаулытүрісоңшылауынатіркесіпайтыл у а р қ ы л ы. Мысалы:

Яхшы ва яман халық баршасы келгәндин с оң, ол Оғұз хандин қалған уалаятлар, ва елләр, ва өлүк һәм тірік маллар — баршасы бұ айтылған падшаһзадаларның ұлұғына ұлұғша, ва кішісіне кішіше берді (17). Атасы өлгәндин соң, халық Ғараб-Мұхамед сұлтанны хан көтәрділәр (178). Ол кіші барұп бұ сөзләрні айтқандин соң, қонғыратның баршасы келүп, ханны көрүп, шын көңіл илан табығ болдылар (52). Елчі Шыңғыс ханның ордасына келүп хадяларны (сый-лық, тарту) ва ғайыр юшышларны ада қылғандан соң, Шыңғыс хаи Дорбай дигән кемсені (кісіні) ұйғыр падшаһсы Құтға елчі қылып ибәрді (57). Өзбек хан өлгендин соң, Жәнібек ханны хан қылдылар (115).

Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бұл мысалдағы сөйлемдер де мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *