V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде II жақ

V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде II жақ (жекеше де, көпше де) -ғ аффиксі арқылы да берілген: Ыдуқ Отүкен йыш будун бар-дығ (ҚТ). Махмуд Қашқари бұл қосымшаны арғу тілінің ерекшелігі дейді: «Сөйлеуші бірлікте болса -м-мен -тапындым, тыңдаушы бірлікте болса -ң -тапындың, езге жақ бірлікте болса -ы -тапынды. Сондықтан: тапундуғ-табындың. Сен аны қачурдуғ — сен оны қашырдың». Бұл қосымша қазіргі башқұрт, татар, құмық тілдерінде ұшырасады. Бұл жерде ескеретін ерекшелік: -са тұлғасьгның жақ қосымшаларын қабылдауда -ды тұлғасымен бірдей болуы, -ды тұлғасы, осыдан бұрын айтылғандай, о баста қимыл есім,  сондықтан оның жақ қосымшаларын қабылдауы  тәуелді  жалғаулы есімдерге үқсас. Ал -са осы күйінде таза етістік екені   мәлім. Олай   болса, оның есімдерше түрленуін қалай түсіндіруге болады? Мәселе мыынада: көне түркі тілінде шартты рай   тұлғасы  -сар,  қосымшаның соңғы элементі есімше жасаған тұлға, жақ қосымшалары әуелі сол есімше түлғасына жалғанған, кейін -түсіп, қалған дәуірде ол бұрынғы ізбен — таза етістік негізге   жалғанатын   болып   қалыптасады: -сар + мен>-са/р/+ мын>-са + мын. Сонымен, бұл да есімше негізді тұлғадан дамыған. Көп замандар бойы көпше I жақтың қосымшалары және -мыз жарыса  қолданылғаны  байқалады. I жақ көпше мәнінде (өткен шақ етістіктерінде)   екі  қосымшаның біреуінің ғана түрақталуы кейінгі жайт.

         Қазіргі түркі тілдерінің кепшілігі жедел өткен шақтың көпше I жағында аффиксін ғана қолданса, алтай, хақас тілдерінде -мыс, -быс аффикстері қолданылады. Қосымшалардың үшінші түрі бұйрық, қалау рай тұлғаларына жалғанады:

Жекеше                                              Қөпше

-ай,  -ей,  -айын,  -ейін,          -алың, -елің, -алым, -елім,

II  -ғыл, -гіл,                             -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз,

III  -сун,  -сүн,                          -сун(лар), -сүн(лер).

         Сонымен, қазіргі тіліміздегі шақ тұлғаларының қайсысы да тарихи тұрғыдан көбіне есімшелер негізінде қалыптасқан. Етістіктердің жақтық жалғауларына байланысты айта кететін тарихи ерекшелік мынадай: V—VIII ғасыр жазбалары тілінде шартты рай тұлғасы қазіргідей тәуелдік жалғаулары бойынша өзгермеген. XI ғасырдағы оғыз, қыпшақ, сувар тайпалары тілінде -дуқ тұлғасы есімшелердің ешбір жақ қосымшасынсыз үш жақта да сол күйінде қолданылғандығын М.Қашқари ескертеді. Ал қа зіргі дәуірде сары ұйғыр тілінде жақ жалғаулары қолданылмайды.

Оның үстіне, түркі тілдерінде III жақта (бұйрық райдан басқа) жақтық қосымша жоқ және еш уақытта болмаған. Сонымен, түркологияда айтылып жүрген жақтық қосымшалар түркі тілдерінде о баста болған категория емес, кейін тілдің даму барысында пайда болған категория дейтін пікірдің дәлелденуіне едәуір фактілер барлығы айқындалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *