Даярлық ойындар

Даярлық ойындар
Мақсаты: Әр әдісті меңгерткеннен кейін өткізетін даярлық ойындардың мазмұнымен. әдістерімен таныстырып, үйрету.

Үйренушілер ойынның өзіне бірден тікелей кірісуге құштар болатыны белгілі. Алайда мұғалім оларға тек ойнау әдістерін жақсы игерген адамның ғана ойыннан ләззат алатындығын түсіндіреді. Волейболға барар жолдағы баспалдақтар-даярлық ойындары. Оқушыларды «нағыз» волейболға жақындататын даярлық ойындары өте қызықты да, волейболдың түрі ретінде өткізіледі.

«Пионербол». Әр командада 6-8 оқушы қатысады. Ойын екі доппен өткізіледі. Ойын допты жоғары лақтырып, тордың үстінен беруден басталады. Мақсат- доптардың алаңның бір жағына шығарылуы. Мұндай жағдайда қарсы жаққа ұпай беріледі. Белгілінген ұпай санын бұрын алған команда жеңімпаз атанады.

«Доп әуеде». Ойыншылар 6-8 оқушыдан шеңбер құрып, ортасында доп ұстаған жетекші тұрады. Белгі бойынша әр топтың жетекшісі өз командасының ойыншыларына кезекпен доп береді. Ойыншылар допты жетекшіге екі қолмен жоғарыдан қайтарып тұрады. Доп беру санын өзгелерден бұрын орындап, қатені аз жіберген (доптың түсіп кетуі т.б.) команда жеңімпаз атанады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *