Допты ойынға төменнен тік қосу

Допты ойынға төменнен тік қосу
Мақсаты: Допты ойынға төменнен тік қосу әдісін үйрету, меңгерту

Суретте допты ойынға қосудың осы әдісі көрсетілген. Бұл әдіске үйреткенде мұғалім тарапынан оқушыларың қимылы мұқият бақыланады. Сермеген кезде ойыншының қолы артқа, ал допты соққан кезде төменнен алға қарай қозғалып, аяқтарын жазуға асықпауы, жауырынын кері серпілуі және еңкеймеуі (мұндайда доп алға қарай емес, төбеге қарай ұшады). Допты соққан кезде дененің салмағы алдыңғы аяққа түсетінін, соққан соң доптың артынан ілесе жоғары ұмтылып, тізенің жазылатынын, одан арттағы тұрған аяқпен алға бір қадам жасайтынын оқушыға қайталап түсіндірудің маңызы бар.
Допты ойынға төменнен қосуға арналған жаттығулар:
1. Бітеу допты бір қолмен қабырғаға лақтыру және қағып алу (қашықтық 1,5-2 метр)
2. Екі адам боп: бітеу допты бір қолмен (оң және сол) лақтыру. Қашықтық біртіндеп 8-9 метрге дейін арттырылады.
3. Бітеу допты тор арқылы (төменгі жібі бағанаға бекітілмеген) 4-6 метр қашықтықтан лақтыру.
4. Жіпке іліп серігі ұстап тұрған допты төменнен беру. Соққан кезде жіп жіберіледі де доп берілген бағытта ұшады.
5. Іліп қойған допты тор арқылы 4 метр қашықтықтан беру.
6. Төрт метр қашықтықтан допты жоғары лақтырып барып беру.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *