Екі қолмен жоғарыдан доп беру

Екі қолмен жоғарыдан доп беру
Мақсаты: Екі қолмен жоғарыдан доп беру әдісін үйрету, меңгерту.

Жоғарыдан доп беруге үйрету ойын әдістерін меңгерудегі шешуші кезең. Өйткені бұл әдісті үйренген соң волейбол ойнауға (допты ойынға қосусыз) болады. (2 сурет волейболшының жоғарыдан доп беру тұрысы). Ойыншы алдымен доптың «астына» шығуы керек. Мұнсыз допты дұрыс қабылдау мүмкін емес. Міне, сондықтан да тез орын ауыстыры, волейболшы тұрысын өзгертудің маңызы зор.
Бастапқы қалыпта аяқ тізеден, қол шынтақтан бүгіліп, қолдың саусақтары бүгіле жайылып, бастың тұсында допқа орын даярлап тұрады. Қабылдау тізенің жазылуынан бастап, одан қол қимылға келеді. Қол допқа тиген сәтте аяқ тез жазылып саусақтардың белгілі қимылы допқа белгілі бағыт береді. Жоғарыдан доп қабылдағанда негізгі күш сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп, бас бармақ доптың дұрыс бағытталуына көмектессе, аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді. Саусақтардың қалай дұрыс жататынын білу үшін серігі ұстап тұрған допқа қол тигізіп байқаған жөн. Допқа тек саусақтар тиюі қажет, алақанның соғылуы-өрескел қте, ойын ережесін бұзу деп есептеледі.
Жоғарыда айтылғандай, доптың «астына» шығу аса маңызды. Дегенмен қолдың допқа тиетін орнын дәл табу да ойыншының негізгі мақсаты. Осының бәрі төменде берілетін жаттығулардың сипатын анықтап, допты екі қолмен жоғарыдан беруді үйренуге жағдай туғызады.
1. екі адам қарама-қарсы тұрып бітеу допты төбеде ұстаған жағдайдан жоғарыдан қарсыласына беру, яғни лақтыру жаттығуы орындалады.
2. Қарсыласы бұл допты төбеден, яғни жоғарыдан қабылдау жағдайында қағып алады.
3. Оқушы волейболшы тұрысы қалпында, қолын төбесіне –допты қабылдайтын нүктеге орналастырады. Серігі осы жайылған саусақтардың ортасына допты салады.
4. Іліп қойған допты бір орында тұрып, жүгіріп және жүгіріп келіп тоқтаған соң екі қолмен жоғарыдан беру.
5. Допты төбеге лақтырып екі қолмен жоғарыдан 1,5-2 метр жерге беру.
6. Допты екі қолмен жоғарыдан қабырғаға соғып, қайталап қайтару.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *