Шабуылшының тұрысы мен қозғалысы
Мақсаты: Шабуылшының ойындағы тұрысы мен қозғалысын үйрету.
Волейбол сабақтарында қорғаныс және шабуыл қозғалыстарын (волейболшы тұрысы) орындар алдындағы бастапқы қалпты, сондай-ақ бастапқы қалыпты қабылдар алдындағы орын алмастыруды және әдістерді орындау дағдысын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Негізінен бұлар өкшелей адымдау (алға, артқа, оңға, солға) қосарлай адымдау, секіру (алға, артқа) секіріп немесе тіркес адымдап барып тоқтау және жүгіру (баскетболдағыдай). Оқушылар орын алмастырудың түрлі әдістерін жетілдіріп, ойын жағдайына сәйкес (допқа дейінгі қашықтық,оның үші траекториясы) орын алмастыру әдістерін таңдап алады.
Орын алмастыру дағдысын жетілдіру және оның ойын үстіндегі тиімділігі қарсы қозғалыстың жылдамдығын дамыту дәрежесіне ойыншылардың ептіліген, олардың орын алмастыру жылдамдығына байланысты. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын орын алмастырумен сәйкестендіріп, олрадың тәсілдерін эстафеталарға, қозғалмалыойындарға пайдаланады. Орын алмастыру кезінде ойын әдістерін бейнелейтін қозғалыстар орындау пайдалы..
1. ҮІІІ- класқа арналған 1-3 жаттығулар қайталанады.
2. Алаңның кейбір шектерінде қозғалысты жылдамдатып барып тоқтату.
3. Жүгіру және орын алмастыру кезінде белгі бойынша қимылды төмендетіп орын алмастыру кезінде белгі бойынша қимылды төмендетіп, орын алмастыру әдісін өзгертіп тоқтату және 180° бұрылу.
4. 4х9 және 6х6 ерсілі-қарсылы жүгіру. Бұл 4-6 адыммен жарыс ретінде өткізіледі. Мәре бастапқы сызықтан беріліп сонда аяқталады.
5. Бір және екі аяқпен секіру, кедергілерден өту, бітеу доптардың орын алмастыру сияқты орын алмастырудың түрлі әдістері енгізілген эстафета.
Орын алмасу және негізгі тұрыс жас волейболшының ойын айла-тәсіліне бейімделуі, доппен жасалатын түрлі қозғалыстардың дұрыс орындалуына байланысты болады. ІҮ класта ойын ерекшелігінің шарты бойынша оқушыларды жүріске немесе жүріс кезінде белгі бойынша тоқтауға үйрету басталады.
Тұрыс дегеніміз- волейболшының ойын әдістерін орындауға, яғни допты қабылдап және өз әріптестеріне беруге дағдыланған қалпы.(1 сурет)
Негізгі тұрысқа дағдылануға арналған жаттығулар:
1. Табиғи жүріс, белгі бойынша тоқтау, солға (оңға) бұрылу
2. Табиғи жүріс жалғасады, бірақ тоқтап бұрылғаннан кейін отырып- тұру жаттығулары орындалады.
3. Жүріс кезінде оң аяқты алға жіберіп, секіріп барып тоқтау.
4. Табиғи жүгіріс, белгі бойынша секіріп барып тоқтау
5. Оң және сол бүйірмен алдыға қарап аяқты айқастыра басып жүру, одан әрі жүгіру.
6. Жүріс және жүгіріс кезінде белгі бойынша тоқтай қалып волейболшының тұрысын көрсету.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990