Тактикалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері
Мақсаты: Таңдап алған спорт түрінің тактикалық дайындығының түрлі сатысындағы ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Волейболшыларды тактикалық жағынан даярлау ойын жағдайын біртіндеп күрделендіруге негізделген. Оның барысында оқушылар жекелей, өзге ойыншылармен бірлесе қимылдап, басында допсыз, кейін бітеу доппен жаттығады.
Тактикалық дайындықтың ойдағыдай болуына қимыл шапшаңдығын дамытып, қозғалмалы ойындарда және жалпы дамыту жаттығуларын орындағанда тез қозғалу өте әсерлі. Өзге оқушылармен бірлесе қозғалу, ойынды жеке бақылап, соған жауап ретінде әрекет жасау жеңіске жетудің негізгі шарттары.
Волейбол үйретуде оқушылардың дене жағынан дамуына ерекше көңіл аударылады. Біріншіден, волейболдың бір өзінің оқушылардың дене жағынан дамуына тигізетін әсерә шамалы. Екіншіден, ойынға дағдылануға әдістік қозғалыстарды игеру волейболға ғана тән. Үшіншіден, жұптасып ойнау әдістерін жақсы игеріп алғанда ғана тиімді. Егер баскетбол мен қол добында екі жақты ойын уақытын ұзарту арқылы организмге түсетін жүктемені арттыратын болсақ, волейболда мұндай мүмкіндік жоқ. Сондақтан, дене тәрбиесінің ролі екі жақты: ойын дағдысын игеру дәрежесіне қарай өткізілетін жаттығулар және жұптасып ойнаған кезде жүктемені қажетті мөлшерде өзі-ақ түсіреді.
Екі қолмен жоғарыдан доп беру дағдысын игеру үшін қол бұлшық еттерінің, әсіресе саусақтарының жеткілікті күші болуы керек. Бұл ең алдымен ІҮ-ҮІ кластардың оқушыларына және ҮІІ-Х кластардың қыздарына қатысты. Егер оқушылардың шапшаңдық күш қабілеті, секіргіштік дәрежесі төмен болса, олар шабуылдай соғу дағдысын тез игере алмайды. Әсіресе бұл ойыншылардың бойына сай биіктікке орнатылған торда қиын болады.
Оқытудың кейінгі кезеңдерінде денені шынықтыру ойын дағдысын жетілдіруге жағдай туғызады.
Әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990