ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Психологиялық дайындықтың мақсаты спортқа керекті спортшының психологиялық және тұлғалық сапасын қалыптастыру. Психологиялық дайындықтың үш түрі бар: жалпы дайындық, жарысқа арнайы дайындық, нақты бір қозғалмалы әрекетті орындауға арналған дайындық.
Жалпы психологиялық дайындық спортшының психологиялық функциялары мен біліктерін жетілдіруге бағытталған. Бұл дайындықтың түрі спортшының спорттық тәртіпті орындау есебінде ғана қалыптасады (жаттықтырудың уақытында өтілуі, тамақтану мен демалыстың қысқартылуы), сонымен қатар таңдап алған спорт түріндегі міндетті атрибуты болып саналатын жоғары психологиялық жүктемелерді орындауда.
Арнайы психологиялық дайындық спортшының белгілі бір мерзімге дайын болуына бағытталған (мәреге, жетістікке). Бұл дайындықтың түрі көп тәсілдер мен құралдар арқылы іске асыруға болады. Әр физикалық жаттығу мен әр дайындық түрінде белгілі психикалық мөлшері болады. Мысалы, жеңіл жүгіріс аз психткалық мөлшерлі, биік тауларға шығу- жоғары психикалық мөлшерлі. Сондықтан әр психикалық мөлшер өзінің деңгейіна қарай қиындық бағытына байланысты анықталады.
Техникалық дайындықтың үш кезеңге бөлінеді:
Дайындық кезеңі- негізгі қозғалыс әрекеттеріне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл қозғалыс.
Негізгі кезең- негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл қозғалыс.
Қорытынды кезеңі- қозғалыстың аяқталу кезі.
Ойынның қай жаттығуының орындалу техникасын алсақ та олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін- тік тұру, ілініп тұру, тіреліп тұру және сүйену түрінде кездеседі.
Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рө атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:
— жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі.
— Қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі.
— Жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтау.
Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз-кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі.
Волейбол техникасы шабуыл технкасы мен қорғаныс техникасына бөлінеді.
Тактикалық дайындық дегеніміз-жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс-амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
— спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігінше, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
— осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:
— қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
— мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;
— өтетін жарыстардың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншілктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.)
— жарыстың тактикалық жоспарн жасау;
— тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
— қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету;
— өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әртүрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кіиапиар оқу, әңгіме өткізу; бейнежазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау
Негізгі әдебиет
1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998
6. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989
2. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984
Қосымша әдебиет:
1. Спорттық ойындар. Железняк В.И. М. 2001

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *