Тактиканы оқыту құралдары

Тактиканы оқыту құралдары
Мақсаты: Таңдап алынған спорт түрінің тактикасын оқыту құралдарымен таныстыру. Толық мәлімет беру.
Тактиканы оқыту құралдарының негізі- арнаулы жаттығулар, жұптасып ойнау, екіжақты ойын нәтижелері.
Кең тараған жаттығулардың қатарына түрлі әдістермен орын ауыстыру, бір орында тұрып және қозғалып барып бір немесе екі аяқпен секіру, жоғары секіріп, секірген допты соғу, бір орыннан, секіріп барып бітеу допты кеудеден, желке тұстан лақтыру, допты беру, шабуылдай соғу жатады.
Ойынға дайындық, яғни денені қыздыру жалпы дамыту және арнайы даярлық жаттығуларынан (тез қозғалу, қуалай, домална, бір немесе екі аяқпен секіріп барып орын ауыстыру, шабуылдаушы соққыны, тосқауыл қою қозғалысын көрсету, қолдың қимылымен үйлестіре түрлі әдіспен орын ауыстыру т.б.) тұрады.
Арнаулы бөлімге жаттығу әдістері бойынша: допты жұптасып екі қолмен жоғарыдан беру және төменнен қабылдау, топ арқылы шабуылдай соғу, әріптесіне доп беру енгізілген. Жоғары разрядты командаларда жалпы дамыту жаттығуларын ойын функцияларына қарай (байланыстырушы және шабуылдаушы) енгізеді. Жалпы дамыту жаттығуларының уақыты-10-15 минут.
Жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде өткізіледі, денені қыздырып, жұмысқа дайындау. Әсіресе, бұл шабуылдаушы соққыға, тосқауыл қоюға және екі жақты ойын кезінде жарақаттан сақтандырады.

Әдебиеттер:
1. Максименко А.М. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі негіздері., 1999.
2. Матвеев Л.П. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі. Дене шынықтыру институттарына арналаған оқулық
3. Оқушылардың дене тәрбиесі негіздері. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *