Тактикаға оқыту әдістемесі
Денешынықтыру тәжірибесінде жаттығу термині 2 түрлі мағынада беріледі:
А) Денешынықтырудың құралы ретінде арнайы, жылжымалы әрекеттердің түрлері (биіктікке секіру, граната лақтыру, домалау т.б.)
Б) әдіс түріне яғни тәсілдерді қолдану әдістемесі арқылы, шындығында жылжымалы әрекеттерді әдейі қайталау арқылы қабілетін сапасын арттыруға, тәрбиелеуге апарады.
Бастысы, әдістемені меңгерудің де ең бастысы жаттығу толық үйренуі және жаттығуды жеке-жеке үйрену әдістемелері жатады.
1) Жаттығуды толықтай үйрену әдістемелері.
Бұл әдістеме барлық оқу этаптарында қолданылады және қозғалыс әдістемесін ең соңғы оқу жаттығуы ретінде көрсетеді.
Оқудың басқа этаптарында қолдануы мүмкн, егер оқушылардың дайындық дәрежесі биік болса және оқытылып жатқан жаттығу оңай болса. Ол соңғы этапта және әрекетті тексеру кезінде ылғи қолданылады. Барлық қозғалыс әрекеттерінің толықтай үйрену әдістемесі осы әдістің жақсы жағы болып келеді. Ал жетіспеушіліктеріне келетін болсақ- ол бір уақытта көп қозғалыс жаттығуларын шешу керек, сонымен өз ойын барлық техника бөлшектеріне жинақтау. Осыған байланысты әрдайым жатығу жасау жерінде, бөлек қозғалыстарды бөліп көрсетіп, өз көңілін жаттығу жасап жатқандарға бөледі.
2) Жаттығуды жеке-жеке үйрену әдістемесі.
Қиын жылжымалы әрекетті басында бөлшектейде де, сол бөлшектерді зерттейді, сосын бірге қосады. Басты мақсаты жаттығуды бөлшектеу емес. Ол басты этапта толық әрекетті игеруді жеңілдетеді. Көзқарасты әр бөлшекке аударуды, оқу уақытын қыстырылуы, оқу процесін әрбір сабақта тура өткізуі, оқушылардың сабаққа деген құлшынысын артыруы әдістеменің жағымды жақтарына жатқызуға болады.
Бір жайтты ұмытпау керек, жаттығудың жеке-жеке үйрену әдістемесінен жаттығудың толық әдістемесін үйренуі бір белгілі уақытта болуы керек. Өйткені кешіктелінген уақытта болған қосылыс бізге өте қиын жаттығу болуы мүмкін.
Дұрыс бөлшектемеген жағдайда жаттығудың жеке бөлшектері өзіне тән емес мінездемесі қосылуы мүмкін. Толықтай жаттығудың әдістемесін үйренгенде және жаттығудың жеке- жеке әдістемесін тәжірибеде қосымша әдістеме ретінде қолданғанда қорытынды жаттығу ретінде қолданады. Қорытынды жаттығу өз құрамы бойынша толық қозғалмалы әрекетке және жеке қозғалыстарына жауап беруі керек. Олар жеңіл қатынастардың жиылуына әкеліп соғады, солардың белгілі бір бейнесімен ьолық жаттығуы оны үйренуге көмектеседі.
Қорытынды жаттығу аяқталған түрде және балаларға түсінікті болуы керек. Жатығудың түрлілігі балалардың қозғалыс тәжірибесін толтырып, сабақтың жақсы өтуіне әсер етеді.
Бірақ қорытынды жаттығудың қолданылуы өзіндік мақсаты емес, сондықтан ол қатал өзіндік болуы керек. Жылжымалы қозғалыстың қиындығына байланысты әрбір оқушыға өзінің қорытынды жатттығуы керек, ол оқу алдында тұрған мақсатына жетуді тездетеді.
Негізгі әдебиет
1. Оқушылардың дене тәрбиесі негіздері. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989
2. Железняк Д.Д., Петров П.К. «Дене мәдениеті мен спортта ғылыми- әдістемелік іс- әрекеттің негіздері» 2002
Қосымша әдебиет:
1. Гимнастика. Палыга В.Д. М. 1982
2. Гимнастиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Филиппович В.И. М. 1971 Кнышев О.Р.