Пәннің негізгі түсініктері. Техника, тактика, тактикалық тәсілдер
Мақсаты: Студенттерді пәннің негізгі түсініктерімен, техника, тактика, тактикалық тәслдермен таныстыру.
Белсенділік ұғымы оқушының интелектуалдылығын, күш – жігерін және дене бітім – болмысын дамытуға бағытталған, осы мақсатқа оқытушы оқыту барысында қол жеткізеді.
Дене шынықтыру жаттығулары кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру негізгі үш бағытта жүргізіледі:
Біріншіден, оқытушы оқушылардың сабаққа деген қызығушыылығын оятуы керек.
Ол үшін оқу мақсатының алғашқы мотивін зерттеп, оқушылардың белсенділігін арттыру керек. Нәтижесінде қозғаушы мотив өзін -өзі жетілдіру болуы керек. Оқушылар не нәрсеге керектігін анық білуі қажет, сонымен қатар оны қалай істеу керектігін де нақты білуі керек.Ол, әсіресе, оқушылар ынтасыз орындайтын дайындық жаттығуларына қатысты.Мысалы, ұлдардың барлығы дерлік футбол ойынын қызығып ойнайды, бірақ осы ойынның ережелері мен заңдылықтарын үйренуге ұмтылмайды, өйткені ол эмоционалды заряд бермейді.
Саналылық пен белсенділік принципінің екінші бағыты әр оқушыға өз әрекетін саналы түрде бақылауға және сараптауға көмектеседі.
Оқу бағдарламасындағы жаттығуларды үйрету барысында оқытушы олардың автоматты түрде орналасуына жағдай жасайды. Ол үшін оқылған материалды механикалық түрде қайталамай, саналы мобилизациялауға жұмылдырады. Олай болмаған жағдайда алынған машықтар қолданысқа жарамсыз болып, бала түрлі ойламаған ситуацияларға ұшырауы мүмкін.
Өз әрекеттерін саналы бақылаудың сабақтарда қолданылатын бірнеше әдістері бар, олардың ішінде рационалды әдістемелік амалдары келесі:
1. Алдын – ала көрсеткен оқыту. Оқу барысында бастауыш сыныптардан бастап қарапайым жаттығулар жасау.
2. Арнайы тренажерларды қолдану, сол арқылы қозғалыс ритмін, қозғалыс қарқындылығын байқау.
3. Идеомоторлы жаттығу әдістерін қолдану ол жаттығу жайлы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың қозғалыс әрекеттерінің мәнін терең сезінуге көмектеседі.
4. Өз әрекеттерін бақылау және өздеріне сараптама жасау, ол үшін оқытушы тапсырмасымен өз бетінше жаттығулар таңдалып алынады, жаттығудың орындалу сапасы, топпен қатаеліктердіанықтау, жаттығудың орындалу техникасына баға беру.
5. Тапсырманың орындалу сапасы жайлы жайлы ақпарат алу, сол арқылы оқушылар өздерінің қозғалыс әрекеттерін сараптап, жаттығуды меңгеру дәрежесін анықтайды.
6. Арнайы қозғалысты дайындық. Мәселен, жаттығуды үйренуге кіріспес бұрын бірқатар қыздыру жаттығулары орындалады. Бұл әдіс көбінесе ұшқыштар мен космонавтарда дайындау кезінде қолданылады.
7. Балаларды күші мен жылдамдығын басқара білуге үйрету. Оқушыға тапсырма берген кезде оның сол жаттығуды орындау барысында жұмсайтын күшін, сол жаттығуды орындау барысында күшін салмағандағы мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі. Мәселен, белгілі бір қашықтықты белгілі бір адамдармен өтуін тексеру.
8. Музыкамен сүйемелдеу, ол дене шынықтыру жаттығуларының мәнін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаттығудың сапалы орындалуын бақылап, әрекеттерін саралауға көмектеседі.
Оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыруға өзіндік дене шынықтыру жаттығулары әсер етеді, олар мұғалімнің қатысынсыз өтеді:
Тәжірибеде қолданылатын белсенділікті арттыру әдістерінің ешқайсысын аталған бөлімдерге жатқызуға келмейді. Олар сабақтың міндеттерін ескеріп, өзіндік әрекеттерді сараптауға көмектесіп, дене шынықтыру сабақтарына шығармашылықпен қорғауға бағытталады. Белсенділік әрекеттеріне жататындар: жеткілікті мөлшердегі заттарды қолдану, жаңа материал мен бұрын өткен материалмен байланысын оқу еңбегін пайдалануда, оқушы қызметін уақтылы бақылау мен бағалау.
Оқушы белсендіоігін арттыратын амалдар мен құралдар сабақтың міндетін оқу кезеңінде оқу материалының сипатына, оқушысының дайындық дәрежесіне, олардың барынша оқу бағдарламасының игеруге жағдай жасауы керек, сонымен қатар олардың оқу қызметін басқаратын рационалды формаларды қарастыру.
3. Оқытушының оқушылармен тіл табыса алуы өте маңызды, оқытушы мен оқушы арасында өзара тұрақты байланыс орнаса, оқытушы оқушылардың уақытша қиындықтарды жеңе білуге үйретуге, сонымен қатар, оқушының бойында ашылмаған қасиеттерді ашуға көмектеседі.
Сонымен қатар, индивидуалияцияға қатысты мәселе көтерген жағдайда оқытушы көбінесе нашар оқитын, қалып қойған оқушыларға көп көңіл бөлінетіні анық, алайда оқытушы басқа әріптестерімен білімі алда келе жатқан оқушылармен де жұмыс істеу керек. Өйткені ондай оқушылардың алдына үнемі жаңа міндеттер қойып отырмаса, олардың сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетуі мүмкін.
Әдебиеттер:
1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001
2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» — М.,1979.
3. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.