Таңдалған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы пәніне кіріспе. Пәннің мақсат, міндеттері. Білім жүйесінде пәннің орны.
Мақсаты: Студенттерді пәннің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру. Білім жүйесіндегі орнының маңыздылығын көрсету.
1. Таңдалған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы пәні жоғарғы денешынықтыру білімі бойынша кәсіптік білім беру жүйесінде негізгі кәсіби пәндердің бірі. Мазмұны арқылы студенттерге тиісті теориялық, әдістемелік білім мен қатар денешынықтыруды оқытудың әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз ету мен осы жұмыстың құрылымы мен мазмұнын және білім беру, тәрбиелік және денешынықтыру міндеттерін іске асыру жолдарын үйрету.
Тәрбиенің әдістер жүйесінде әр әдісті басқалардан бөліп жеке қарауға болмайды. Барлық әдістерді бірге бір мақсатта қолданса ғана арнайы бір тәрбиелік мақсақа жетуге болады. Жеке бір алынған тәрбиелік әдіс еш уақытта адам баласына жоғарғы саналық, моральдық сапаларды қалыптастыра алмайды. Сонымен, жеке әдіс жалғыз өзі тәрбиенің ешбір міндетін шеше алмайды.
Ең жиі әрі тиімді тәрбиелік әдістер:
• Жаттығу, мадақтау, күштеу, үлгі, үгіттеу;
• Жаңашылдық- шаралық (жаңа тәрбиелік технологияларды енгізуге негізделген ) – модельді- мақсатты қатынас, жоспарлау, алгоритмизация, шығармашылық жұмыстар т.б.;
• Тұлғааралық- формалды емес ( белгілі тұлғалар арқылы іске асырылады, достары немесе таныс адамдар):
• тренинг-ойындар ( жеке және топтық тәжірибені м еңгеруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар арнайы берілген жағдайлардағы әрекеттері мен тәртібін түзету ) – әлеуметтік-психологиялық тренингтер, іскер ойындар т.б.
• рефлексивтік ( жеке уайымдарға негізделген, өзіндік талдау және нақты өмірде өзіндік бағаны сезіну).
2. Берілген пән денешынықтыру және спорт жүйесінде маман даярлауда маңызды орны бар. Өйткені таңдап алған спорт түрінің оқыту әдістемесі бойынша жас маман меңгерген білімдері, біліктіліктері және дағдылары арқылы арқылы оқу- жатттықтыру сабақтарын жүргізе алады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Демек, денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – халықаралық білім жүйесіне ену.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды жұмыстардың қажеттілігі байқалады.
Әдебиеттер:
1. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» — М.,1979.
2. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.