Қашықтық бойымен жүгіру


Қашықтық бойымен жүгіру. Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқтың жиілігің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді.
Адым жиілігі шаршаудың пайда болуынан төмендей береді. Жеделдікті ұзаққа сақтаудың бірден-бір кепілдемесі денені босата біліп, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді. Жүгірушінің қозғалыс техникасын кинограмманы талдау арқылы сипаттама беріледі.
Жүгіруші тік қалпында байқалып тұр. Итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын. Осы кезде сермейтін аяқ сирақ буыннан бүгіліп тез алға қозғалып итеретін аяқтын зор күшпен жазылуына ісерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір денгейге дейін көтеріліп бел сәл иіліп, жамбас алға жиылып, дене керекті бағытқа бағытталып тік, бос ұсталады, көз қиығы алға бағытталған. Итеру кезеңі аяқталғанан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады. Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әртүрлі өзгереді.
Ұшу бөлігі кезінде жамбас жедел бір- біріне жақындатылып отырады. Итерілген аяқ энергияға байланысты артқа жоғары қозғалады. Содан кейін аяқ тізеден бүгіліп, жамбас төмен — жоғары қозғалады, аяқ жолға табаннан қосылған кезде кедергі күштердің бәсендеуіне әсерін тигізеді. Спринттік жүгіруде табанды тік алға бір бағытта қоюды талап ету керек. Табан сырт жаққа бұрылып қойылса итерілу нашарлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *