«АЯҚТЫ БҮГІП» СЕКІРУ ӘДІСІ
Бұл әдіс өте қарапайым және қолдануға қолайлы, өйткені ол алғашқы сәттен – ақ қолданылады. Жаңадан секірушілер алдын ала көрсетпей – ақ, ұзындыққа секіруде осы тәсілді қолданады. Адымдау жағдайында итерілгенен кейін артқа қалдырылған аяқты алға қарай тартып, екі аяқты да кеудеге жақындатуы керек. Денені бұл жағдайда алға қарай июдің қажеті жоқ. Жерге түсер алдында шамамен 0,5 м. дейін аяқтар түгелдей тік қалыпқа көшіріледі. Қол басталған қозғалысты жалғастыра отырып, алға – артқа қарай түсіріледі. Осы қозғалыс жерге түсер алдында тізені дұрыстауға және тұрақтылықта сақтауға мүмкіндік береді. Секірудің елеулі кемшілігі, ұшқаннан кейін алға қарай айналу сәтін ұлғайту болып табылады. Итерілуден кейінгі аз ғана мөлшердегі айналу елеулі түрде күшейеді. Аяқты бүгіп және еңкейгенннен кейін, секіруші айналу радиусын азайтып, бұрыштық жылдамдық пен айналу сәтін арттырады, соныңсалдарынан тұрақтылығын жоғалтады. Тұрақтылықты жоғалпаудың алдын алу үшін, денені тіктеу мен қолды жоғары көтеру бұл тәсілде ұзындыққа секіруді барлық барлық тәсілдеріне қарағанда тиімсіздеу.