ҰШУ
Секіруші итерілгеннен кейін ұшу бөлігіне енеді де, ДМЖО – ның траекториясын баллистикалық қисық бойынша өткереді .секірудің ұшу бөлегінде секірушінің барлық қозғалыстары теңдікті сақтаумен және тиімді жерге түсуді орындауға бағытталған. Секірудің қашықтығы ұшудың бастапқы жылдамдығы мен қамтамасыз етіледі, ол таңдаулы секірушілерде 9,2 – 9,6 м/c. құрайды.
Итерілу кезінде бағытты өзгерте отырып, секіруші қажетті ұшу биіктігіне көтеріледі.
Секірушінің ұшу кезеңін көтерілуге, қозғалыспен ұшуды жалғастыруға (секірудің үш түрінің біріне сай келетін – «аяқты бүгіп» , «иіліп» және қайшылау ) және жерге түсіуге бөледі.
Секірудің барлық тәсілдердің көтерілу негізінен бірдей болады. Итерілгеннен кейін итерілген аяқ біршама артта қалдырылып, жанбасты алға қарай қозғалту есебінен бүгіле бастайды.
Қол итерілгеннен кейін бір шама төмен түсіріліп, тік қалыпқа ие болады да, теңдікте сақтайды. Дене итерілгеннен кейін жағдайда болады. Осы өтпелі жағдай «ұшу адымы» деп аталады. Ол секіру ұзындығының бірінші ширегіне дейін сақталады. Ұшу адымы «аяқты бүгіп» иіліп немесе «қайшылау» әдістерін орындауға алмасады. Секірудің ұшу тәсіліне сәйкес «ұшу адымы» бірқатар ерекшеліктерге ие болуы мүмкін, бірақ қозғалыстың негізгі құрлымы «адымдауға» өзгеріссіз.
Алға қарай адымдауды болдырмау үшін секіруші итерілгеннен кейін жанбасты алға қарай жіберіп, денені сәл ғана артқа итеруі керек, бұл жағдайда бір немесе екінші қолмен артқа жоғары қарай қозғалыс жасалуы және серпілген аяқты түзету керек, содан кейін төмен түсіру қажет. Секіруші кез келген жағдайда ұшу адымында басталған басқа қозғалыстар мен қатар, жанбасты аздап алға қарай жіберуі керек. Егерде осындай қозғалыс қалыптағыдай болса, онда секіруші теңдікте сақтай отырып, уақыттан бұрын жерге түсіуден құтылады. Секіруші ұшу кезеңнің басында осы қозғалысты игере отырып, ұшудың сәттілігіне қол жеткізумен қатар, итерілуді батыл орындайды.