Араб графикасына негізделген қазақ жазуы

Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы.

Х  ғасырдан бастап 1929 жылға дейін 1000 жылға жуық уақыт  қазақ даласында қолданылған жазу үлгісі осы әліпби негізінде болған. 14 ғасырлардан бастап «Шағатай» жазу үлгісі қалыптасты.  XX ғасырдың басында араб әріптерін пайдалану арқылы оқып-жазатын жаңаша жазу үлгісі мен мектептер пайда болды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды. 

31530454_212510032684952_7383072172215894016_n.jpg

1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды негіздеді. Байтұрсынов емілесі қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Еміле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. Әліпби алғаш жасалған кезден айналымнан алынып тасталғанға дейін дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілді. XX ғасырдың басы мен 1929 жылға дейінгі аралықтағы баспасөз хабарлары, түрлі хат-хабарлар мен құжаттар, анкеталар, өмірбаяндар т.б. құжаттар материалдары осы жазу үлгісінде жазылды. «Төте жазуға» дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілген соңғы нұсқаларын бүгінде Қытай, Иран, Ауғаныстан сияқты мемлекеттердегі қандастарымыз қолданады. Қазіргі қолданыстағы нұсқаны 1912 жылғы жасалған алғашқы нұсқасымен салыстырғанда бірталай айырмашылықтар бар.

31515157_212509976018291_7578223309913849856_n.jpg

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *