Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы
Буындарды мынадай принциптер бойынша жіктеуге болады: 1) буын беттерінің саны бойынша, 2) буын беттерінің пішіні бой¬ынша және, 3) функциясы бойынша.
Буын беттерінің саны бойынша былай ажыратады:
1. Тек 2 буын бетІ бар қарапайым буын (art. simplex)
мысалы, саусақаралық буындар.
2. Екіден көп буындасқак беті бар күрделі буын (art. composi-
ta), мысалы, шынтақ буыны. КүрделІ буын бірнеше қарапайым
буындасудан түрады, оларда қозғалыс жеке-жеке жүре алады.
Күрделі буында бірнеше буындасудың болуы олардын жалға-
маларыныц ортақтығын қамтамасыз етеді.
3. Буынды екі камераға (екі камералы буын) бөлетін буыніші-
лік шеміршегІ бар комплексті буын fart, cornplcxa). Erep
буынішілік шеміршек диск пішінді болса {мысалы, самай-төменгі-
жақ буынында), камераға толық бөлінеді, немесе егер шеміршек
жартыай тәрізді мениск пішінді болса (мысалы, тізе буынында),
камерага толық бөлінбейді.
4. Бірлесе қызмет атқаратын, бІр-бІрікен бөлек орналаскан,
бірінен бірі оқшауланган бірпсшс комбинация сняқты құрама
б у ы н. Мәселен, екі самай-төменгіжак буындары, проксимальды
және дистальды шыбық-шынтақ буындары және т. б. осындай бу-
ындарға жатады. Құрама буын екі немесе одан да көп анатомия-
лык жеке буындасудың жиыны болғандықтан, олар күрделі және
комплексті буындардан өзгешеленеді, олардың оркайсысы анато-
миялық жағынан бірыңғай болып, функциялық жағынан әртүрлі
қосылыстардан түзіледі.
Пшгіні және функциясы бойынша былай жіктеледі: Буьшныц қызметі айнала козғалыс жасалатын ось мөлшерімен анықталады. Айнала козғалыс жасалатын осьтер мөлшері беріл-ген буында онын. буындаскан бедтерініц пішініне байланысты. Мәселен, буыпның цилиндр пішІнІ тек бір айналу осІ бойында коз-ғалыс жасауға мүмкіндік береді. Соның өзінде осы осьтің бағыты цилиндрдің орналасу осінс сәйкес келеді, егер цилиндрлі бас вер¬тикаль түрса, онда қозғалыс та вертикаль осьті айнала жасалады (цилиндрлік буын), егер бас горизонталь жатса, онда қозғалыс
сэйкес келетін горизонталь осьтердіқ бірін айнала жасалады, мы¬салы, фронтальды (блоктәріз-ді буын).
Бұган карама-қарсы буын басының іпар тәрізді пішіні шардыц радиустарына сэй¬кес келетін көптеген осьтерді айнала қозгалыс жасауга мүм-кіндік береді (шартәрізді бу¬ын) .
Демск, осьтердін. саны мен пуындаскан беттердін пішіні арасында толық сәйқестік бар: буынбеттерініц пішіііі буып козгалыстарыныц снпатьш бел-гілсйді және, керІсінше, бёрІЛ-гең буын қозғалыстарыныц сипаты онын. пішінін белгілей-ді (П. Ф. Лесгафт).
Біз бұл жерде форма меп фупкцияның бірлігі — диалек-тикалық прішципін көріп отыр-мыз.
Осы принципке сүйеніп, бу-ыпдардың мынадай бірыңгай анатомиялық — фи.зіюлоглялық жі>ітелуін белгілеуге болады. (41-сурет).
Біросьті буындар. 1) Ц и-л и н д р л і к б у ы п, art. troc-hoidea. Осы вертикаль, буын-дасатын сүйектердің ұзын осі-не параллель немесе дененің вертикаль осіне параллель ось-ті айнала козғалуды-айналу-ды, rotatio — қамтамасыз ете-ді, мұндай буын айналғыш бу¬ын деп аталады.
2. Блоктәрізді бу¬ын, ginglymus (мысалы, сау-сақтардын, саусакаралык бу-ындасуы). Мұнын. блок тә-
різді буын беті — көлденең жатқан цилиндр, оның ұзын осі көл-дснең, фронталь жазыктықта, буындасатын сүйектердін. үзын осіне перпендикуляр жатады; сондықтан блок тәрізді буында қозғалыс осы фронталь осьті айнала жасалады (бүгілу және жазылу). Бу-
ындасқан беттердегі бағыттаушы жүлгелер мен бүйірге қарай ығысуды болдырмай, бір осьті айнала қозғалуға көмектеседІ.
Егер бағыттаушы жүлге блоктың осіне перпендикуляр емес, біршама бұрыиі жасай орналасса. оида оны созғанда винт тәрізді сызық пайда болады. Мұндай блок тәрІздІ буынды винт тәріздІ деп қарастырады (мысалы, иық-шынтақ буын). Винт тәрізді буындагы қозғалыс таза блоктәрізді буьшдастагы қозғалыс сиякты болады. Жалғама апнаратының орналасу заңдылыктарыиа сәйкес цилиндр-лік буында бағыттаушы жалғамалар вертикаль айналу осіне пер-. пендикуляр, ал блок тәрізді буында фронталь оське перпендикуляр және оның бүйірлері бойына орналасады. Жалғамалардыц бүлай орналасуы сүйектердің козғалуына кедергі келтірмей, сол қалпын-да ұстауға мүмкіндігі ^ереді.
Екіосьті буындар: 1. Эллипс тәрізді буын, articulatio allipsoidea (мысалы, коспа буын). Буындаскан беттер эллипистің кесІнділері тәрізді: олардың бірі дөңес, екі бағыттағы қнсықтығы бірдей емес сопақ пішінді, екіншісі соғап сэйкес ойыс. Олар біріпе бірі перпендикуляр екі горизонталь осьті айнала козғалуды кам-тамасыз етеді: фронталь осьті айнала — бүгу және жазу, сагит-таль осьті айнала — алыстату жэне жақындату. Эллипс тәрізді буындарда жалғамалар айиалу осьтеріне перпендикуляр, олардыц ұштарыпда орпаласады.
Буынбүртікті буын, articulatio condylaris (мысалы, тізе буыны). Буынбүртікті буында дөңгелек өсінді түріндегі дөнес буын басы бар, пІшінІ эллипске жақындайды, ол буынбүртік. соп-dylus, деп аталады, осыдан буынның аты алыпған. Буынбүртікке баска сүйектің буындасқан бетіндегі ойыс сәйкес келеді, олардыц көлемі әр түрлі болуы мумкін.
Буынбүртікті буынды блок тәрізді буыннак эллипс тәрізді буын-ға ауыспалы форма болып табылатын эллипс пішінді буыннын бір түрі деп карастыруға болады. Сондықтан оның негізғі айналу осі фронтальды болады.
Блок тәрізді буыннан буынбүртікті буынның өзгешелігі буында-сатын беттердің шамасы мен пішіндерінде үлкен айырмашылық болуында. Осьшың салдарынан блок тәріздІ буынға қарағанда бу-ынбүртікті буында қозғалыс екі осьті айнала жүруі мүмкін.
Ол эллипис тәрізді буыннан буын бастарынык санымен өзгеше-ленеді. Буынбуртікті буындарда әруақытта екі буынбүртік болады, олар біршама сагиттальды орналасқан, және олар бір капсулада (мәселен, ортан жІлІктін, тізе буыныиа қатысатын екі буынбүртік) немесе атлант-желке буындасуындағы сияқты түрлі буын капсула-ларында орналасады.
Буынбүртік буын басыныц дүрыс эллипстік конфигурациясы болмағандықтан, екінші осы міндеттІ түрде нағыз эллипстік буын-ға тән горизонтальды болмайды; ол вертикаль болуы да мүмкін (тізе буыны).
Егер буынбүртіктер op түрлІ буын капсулаларында орналасса, онда мұндай буынбүртік қызметі жағынан эллипс тәрізді буынға жақын болады (атлант-желке буындасуы). Егер буынбүртіктер
жакыидасқа» және бір капсулада орналасқан болса, мысалы, тізе б\’ынындағы сиякты, онда буын басы тұтас алғанда ортасынан бөлінген (буынбүртіктер арасындағы кеңістік) жатқан цилиндрге (блокқа) үқсайды. Бүл жағдайда буынбүртікті буын қызметі жа-ғынан блок тәрізді буынға жақын келеді.
Ершік тэрізді буын, art, sellaris (мысалы, I саусақтын. коспа-алақан буындасуы). Бүл буын «бірінін, үстіне бірі «отырған» скІ ершік тәрізді буындасқан беттерден қүралған, олардын. біреуі екіншісінің үзына бойымен және көлденең қозғалады. Осыныц аркасында онда козғалыстар өзара перпендикуляр екі осьтің: фронтальды (бүгу және жазу) жэне сагиттальды (әкету, келтіру) осьтердің айналасында жасалады.
Екіосьті буыпдарда қозғалыстың бір осьтен’баска оське ауы-суы, яғни шецбер бойымеи жасалуы мүмкін (circumductio).
КөпосьтІ буындар. 1. Шартәрізділер. Шар тәрізді буын, art. spheroidea (мысалы, иык буыны). Буын беттерінің бірі дөңес, шар тәрізді пішінді буын басын, ал басқасы тиісінше ойыс буын ойығын түзеді. Теориялык тұрғыдан қозғалыс шар радиустарына сәйкес келетін көптеген осьтер айналасында жасалуы мүмкін, бі-рақ іс жүзІнде олардың ішінен әдетте бір-біріне перпендикуляр және буын басының центрінде қиылысатын үш негізгі осьті ажы-ратады: 1) көлденец (фронтальды) ось, қозғалатын бөлік фрон¬таль жазықтықпен алдына қарай ашық бүрыш түзгенде оны айна¬ла бүгілу, flexio, қозғалысы жүреді де, ал бұрыш артына карай аіпык болғанда жазылу, extensio, козғалысы жүреді; 2) алдыц-ғыарткы (сагиттальды) ось, оның айнала әкету, abduc-tio, және әкслу, adductio, қозғалыстары жасалады; 3) верти¬каль ось, оның айналасында ішке қарай айналу, rotatio, және сыртка карай айналу, supinatio, қозғалыстары жасалады. Бір осьтен екінші оське ауыскан айналма қозғалыс, circumductio, жа¬салады. Шар тәрізді буын — буындардың ішіндегі ең еркін, босы. Қозғалыс шамасы буын беттері аудандарының айырмасына бай-ланысты болғандықтан, буын шүңкыры мұндай буында буын ба-сымен салыстырғанда біршама кішілеу келеді. Нағыз шар тәрізді буындарда қосалкы жалғамалар аз, бүл олардын, қозғалыстары еркіндігін аныктайды.
Шар тәрізді буындасудыц бір түрі — тостаған тәрізді буын, art. cotylica (cotyle, грекше-тостаған). Оның буын ойысы терең және буьш басының көп бөлігін қамтиды. Осыдан келіп мұндай буында¬гы қозғалыс нағыз шар тәрізді буындағыға қарағанда онша еркін емес; тостаған тәрізді буын үлгісін жамбас-сан буынынан көруге болады, онда мүндай кұрылыс буыннық көбірек беріктігіне себін тигізеді.
2. Жалпак буындардың, art. plana (мысалы, apt. inter-vertebrales) буын беттері негізінен жалпак келеді. Оларды ради¬усы өте үлкен шардың беті деп қарастыруға болады, сондықтан оларда қозғалыс барлық үш осьтің айналасында жасалады, бірақ буын беттері аудандарының айырмасы өте аз болғандықтан, қозғалыстар көлемі шамалы болады. Көпосьті буындарда экялғама-лар буынның барлык жағынан орналасады.
Катаң буындар — амфиартроздар. Осы атпен буын беттері буьшдасу пішіндері ор түрлі, бірақ баска белгілері бойынша уксзс буындасулар тобы бөліп көрсетіледі; олардын. кыска, қатты тар-тылраи буын капсуласы және өте мықты, созылмайтын косалқы аппараты, атап айтқанда қыска мықтаушы жалгамалары бар (мы-салы, — сегізкәз-мықын буыны).
Осыныц нәтижесіиде буын беттері бір-бірімен тыгыз жанасып туйіседі де, мұның «зі қозғалысгы катты шектсйді. Осындай аз қозғалмалы буындасуларды қатан буындар — амфиартроздар (BNA) деп атайды. Қатаң буындар сүйектер арасындагы соққы-лар мен шайқальгстарды жұмсартады.
Мүндай буындарға жалпак. буындарды да, art. plana, жатқы-зуға болады, оіЯарда беттер көлемі бірдей.
5.4. Әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева Ә. Адам анатомиясы. — Алматы,2001.
2.Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. — А., 1991.
3.Курепина М. М., Воккен Г.Г. Атлас по анатомии человека. — М., 1979.
4.Привес. М.Г. Анатомия человека. — М., 1974
5.Иваницкий М.Ф. Анатомия человека. —
М., 1985.
6.Сапин Б.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. — М., 1989.
7.Керимбаев Б.М. Анатомия человека. — А., 1992
8. Р.Д. Синельников.Медицина. М.,1973 г.
Атлас анатомии человека. 1-3 том
Қосымша әдебиеттер:
9..Анатомия человека в 2-х томах. / Под.ред. М.Р. Сапина. — 1987.
10.Леви А., Сикевиц Ф. Структура и функция клетки. М., Мир. — 1971.
11.Альбертс Б. и др. Молекулярная биология клетки. — 1987. Т.1-5.