ҮзілІсті қосылулар, буындар, диартроздар

ҮзілІсті қосылулар, буындар, диартроздар
Буын дегеніміз үзілісті, қуысты, қозғалмалы косылу, немесе буындасу, articulatio synobialis (грекше arfhron — буын, осыдан arthritis — буынның кабынуы). Әрбір буында буындасатын сүйек-тердін буын беттері, буын капсуласы (сүйектердін буындасатын үштарын муфта сиякты қоршап тұратын) және капсуланың ішін-де сүйектер арасында жататын буын куысы болады.
1. Буын беттері, facies articulares гиалинді, кейде талшыкты,
қалыңдығы 0,2—0,5 мм буын шеміршегімен, cartilago articularis,
жабылган. Үдайы үйкелу салдарынан буын шеміршегі буын бет-
терінін, сырғанауын женілдететін жылтыраққа ие болыгі, ол ше-
міршектің серпінділігінен соккыны жүмсартып, буфер кызме-
тін аткарады. Әдетте буын бсттері азды-көпті бІр-біріне сәйкес
келедІ (конгруэнтті). Мәселен, бір сүйектіц буын беті дөңес (буын
басы) келсе, ал баска сүйектің буын беті тиісінше ойыс болады
{буын шұцқыры).
2. Буын капсуласы, capsyla articularis, буын куысын саңылау-
сыз коршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың буын бет-
терінің, жиегін ала немесе олардан сәл кейіндеу өсіп-бекиді. Ол
сырткы фиброзды мембрана, membrana fibrosa, мен Ішкі сино-
виальды мембранадан, membrana sinovialis, тұрады. Синовиальды
мембрана буын бетіне караған жағында эндотелий клеткалары
қабатымен жабылған, соның салдарынан тегіс және жылтыр бо¬
лады. Ол буын қуысына жабыскақ мөлдір синовиальды сүйық —
синовия, synovia, бөледі де, ал ол буын беттерінің үйкелісін азай-
тады. Синовиальды мембрана буын шеміршектерінің жиектерінде
аяқталады. Ол көбіне синовиальды бүрлер, vili synoviales деп
аталатын кішкене өсінділер түзеді. Сонымен катар ол буын ІшІне
енетің үлкенді-кішілі синовиальды катпарлар, plicae synoviales,
түзеді. Кейде синовиальды қатпарларда оларға сыртынан өсіп
енетін едәуір мөлшерде май жиналады, ондай жағдайда май қат-
парлары, plicae adiposae, деп аталатын пайда болады, оған тізе
буынының plicae a’lares мысал бола алады.
Кейде капсуланың жүкарған жерлерінде қапшык сиякты де-ңестер немесе сіңірлерді айнала орналасатын немесе буынға жа-Кын бұлшықеттер астында жаткан синовиальды мембрананың ай-налулары — синовиальды калталар, bursae synoviales, түзіледі. Си-
новия аталған бұл синовиальды калталар қозғалыс кезінде сіңір-лер мен бұлшықеттердің үйкелісін азайтады.
3. Буын куысы, ca’vitas articularis, буын беттері және сийо-виальды мембранамен шектслген сацылаусыз (гермстпкалы), жа-былған саңылау пішінді кеңістік болып табылады. Қалыпты жағ-дайда ол бос қуыс емес, буын беттерін ылғалдандырып және май-лап, олардын, арасындағы үйкелісті азайтатын синовиальды сұй-ықпен толған. Сонымен қатар сұйықтықтардын. алмасуцнда және буын беттерін іліктестіру арқылы бекітуде роль ат-қарады. Ол сондай-ақ беттерінін, сығылуы және соғылуын жүмсар-татын буфер кызметін атқарады, өйткені буындардағы қозғаліііс — тек сырғанау емес, буын беттерінің ажырасуы да болып табылады. Буын беттеріііің арасындағы қысым тсріс (атмосфералық қысым-нан төмен). Сондықтан олардын, ажырасып кетуіне атмосфералык, қысым кедергі жасайды {кейбір аурулар кезіндегІ буындардың атмосфералық кысымды сезгіштігі осымен түсіндіріледі), ондай науқастар ауа райының өзгеруін болжап айта алады.
Буын капсуласы зақымдаиғанда ауа буын қуысына өтеді, со-ның себебінен буын беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайлар-да буын беттерініц ажырасуына куыстағы теріс кысымнан баска жалғамалар (буынішілік және буынсыртылық) мен сіңірлерінін кабатында орналасқан тобық сүйектері бар бүлшықеттер де ке-дергі жасайды. Жалғамалар мен бүлшықет сіңірлері буынды ны-ғайтатын қосалқы аппарат болып табылады.
Бірқатар буындарда буын беттерін толықтыратын қосымша тетіктер — буынішілік шеміршектер болады; олар талшыкты ше-міршек тканінен тұрады және пішіндері не түтас шеміршек плас-тинкалары — дискілер, disci articulares, не тұтас емес, жарты аи ту-рінде иілген, сондықтан менискілер, menisci articulares, (meniscus, латынша-жарты ай) деп аталатын түзіліс түрінде, не шеміршек қүрсауы, labra a’rticularia (буын еріндері) түрінде болады. Бар-лык осы буынішілік шеміршектер шеңбері бойымен буын капсу-ласымен бітісіп-өседі. Олар жаңа функциялық талаптардың нәти-жесінде статикалық және динамикалық жүктеменің күрделеніп, артуына жауап реакция ретінде пайда болады. Олар бастапқы үздіксіз косылулардьщ шеміршектерінен дамиды, өздерінде берік-тік және серпімділік қасиеттерін үштастырып, соққылауға кедергі жасап, буындағы козғалыстарға көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *