Тілдің даму заңдылығы

Тілдің даму заңдылығы.

1. Тілдің дамуының заңдылықтары.
2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.
3.Грамматиканың дамуы.

Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамығыш сала болатын себебі ол адамдардың қоғамдық өмірінің, барлық саласымен, күллі тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалық-тарды тез қабылдайды және дереу, тікелей атап көрсетеді.
Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытку екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл — дивергенция деп аталады.
Тіл дыбыстарының қай-қайсысы да сөйлеу органдарының артикуляциясы арқылы жасалатыны белгілі. Тілдегі әрбір дыбыстың сол тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы болады. Фонетикалық қүрылымда болатын өзгеріс-қүбылыстар ең алдымен тілдің артикуляциялық базасына өзгерістер енгізеді.
Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының тұрақтылығы, оның өте баяу өзгеретінін тіл ғалымдары өткен ғасырлардың өзінде-ақ байқаған. Грамматикалық құрылымның баяу өзгеруінің себебін көптеген көрнекті ғалымдар оның құрылым ерекшелігінен, өзіндік ерекше категориялары болатындығынан іздеуді ұсынады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады.
2. Фонетикалық ауытку екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы.
3. Грамматикалық жүйе – басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *