:Тілдің таңбалық сипаты.
1. Тіл – таңбалар жүйесі.
2.Таңба және оның түрлері.
3.Табиғи таңба және жасанды таңбалар.
Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.
Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар.Негіз таңба деп тілдік таңбаларды айтады.Оның негізгі болатын себебі ол алғашқы, басқа көмекші таңбалардың барлығы да соның негізінде туған, сол арқылы ұғынылады. Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар.
Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.
Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, зночоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен – таңбалар жатады.
Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар – бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.
Ымдау, нұсқау таңбалары. Бұл – семиотикалық таңбалардың ең күрделісі.Ол әр түрлі дене қимыл – қозғалыстары арқылы беріледі.
Семиотика ғылымы таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба деп те бөледі.Табиғи таңбаны кейде белгі таңба, симптом деп те айтады.Бұған заттардың өз бойына тән, одан бөліп алуға болмайтын табиғи белгілері, симптомы жатады.Олар бір затты я құбылысты екінші бір заттардан, құбылыстардан, айыруға белгі болады. Семиотикалық таңбаларды өз ішінен сигналдық, символдық, тілдік, субституттық таңба деп бөлушілікте кездеседі.
Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.
2. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің таңбалық сипаты туралы пікір айтушылар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975
3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974