Тіл теориясы. Тіл және қоғам

Тіл теориясы. Тіл және қоғам.

1.Тілдің анықтамасы.
2. Тілдің табиғаты.
3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап – тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.
Тіл және сөйлеу. Тіл мен сөйлеудің бір еместігі, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде – ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін 19 ғасырда өмір сүрген В.Гумбольдт, Г.Штейнталь, Г.Шухардт сияқты ғалымдар да айтқан. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден – бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі», «Табиғат диалектикасы» атты зерттеулерінен табуға болады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады.
3. Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.
5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *