ХХ ғасыр тіл білімі

ХХ ғасыр тіл білімі.

1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.
2. «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептер.
3. М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі»еңбегі

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғ.соңғы он жылы мен 20ғ. бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады.
Сөздер мен заттар. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Г.Шухардт (1842-1927).
20 ғ.бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Бұл туралы–неміс ғалымы К.Фосслердің «Лингвистикадағы позитизм мен идеализм» (1904), «Тіл – шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Оның негізін салушылар М. Д. Б. (1873-1946), Д. Бонфанте (1904 ж.)
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – П. Лафарг Ф.де Соссюр , А.Мейе, П. Лафарг.
Структурализм бірден пайда болған жоқ. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздер мен заттар — тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп.
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы – неміс ғалымы Карл Фосслер.
3. Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғ. бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3. Неолингвизм қашан қалыптасты?
4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *