Орта ғасыр тіл білімі. Ш-XVIIIғасырлар лингвистикасы

Орта ғасыр тіл білімі. Ш-XVIIIғасырлар лингвистикасы.

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі.
2.Тіл ғылымындағы канондық тіл жайлы.

Орта ғасыр — адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-Ү ғасырлар арасы. Бұл — құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) ҮІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл — феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы;
б) ХІ-ХУІ ғасырлар аралығы. Бұл — феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта «қайта өркендеу дәуірі» деп аталатын кезең.Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі — әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы — Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл — латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды.
2. Әлем халықтарының бүкіл рухани мәдениетіне ұлы өзгерістер енгізген 3.»Қайта өркендеу дәуірінің» өзі де орта ғасыр топырағында көктей бастаған болатын.
Бақылау сұрақтары:
1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?
2. Тіл ғылымындағы канондық тіл дегеніміз не?
3. Реалистер мен номиналистер дегеніміз кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *