Ежелгі Қытай лингвистикасы

 

1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.
2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
3. Ежелгі Қытай тіл білімінің дамуы.

Қытай – мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы – иероглифке негізделген.Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі – көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі – иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі – фонология. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған.
Дәрісті қорытындылау:
1. Ежелгі дәуір – лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі- атау атап, ат қою, екіншісі — грамматикалық өнер проблемасы.
2.Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған.
Бақылау сұрақтары:
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттарды атаңыз?
2. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?
3. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000
2.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
3.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
4.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *